Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 93. «ЖАҢА-АУЫЛ» (СЕМЕЙ қ.) ГАЗЕТІНЕН ҮНДЕУ. ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР, БІРІНШІ МАЙҒА ДАЯРЛАНЫҢДАР


 № 93. «ЖАҢА-АУЫЛ» (СЕМЕЙ қ.) ГАЗЕТІНЕН ҮНДЕУ

ЕҢБЕКШІ ӘЙЕЛДЕР, БІРІНШІ МАЙҒА ДАЯРЛАНЫҢДАР

19 апрель 1930 ж.

Мынау келе жатқан дүние еңбекшілерінің үлы мейрамы Бірінші май.
 
Бірінші май дүние еңбекшілерінің... бір бет, бір мақсатпен коммунистік партиясының туы астына ұйымдасып, дүние жиһанкерлеріне ңыр көрсететін күні.
 
Биылгы май мейрамы жиһангерлер мемлекетіндө өндіріс дағдарысы күшейіп, жүмысшылардың қалдері ауырлап тұрган кезіиде, жұмысшылар мен капиталшылар арасында тап тартысы күшейіп, жиһангерлердің... кеңес өкіметіне шабуылға даярланып отырған кезінде өткізілгелі отыр.
 
Сондықтан кеңестер одағындагы еңбекшілердің мақсаты: ұйымшылдыгын бүрынгыдан да күшейтіп согыс ңаупіне қарсы дайындық ел қорғау жүмысыв күшейту.

 

Жалпы еңбекшілердің жартысы болып саналган әйелдердің алдында осы міндеттер түр. Бірақ олардың әлі де кейбір екпінді жүмыстарда кенже қалып жүргендігі бар. Әсіресе қыр әйелдері осы күнге дейін өл қорғаудың маңызына түсініп жеткен жоқ, көбі Осоавиахимга мүше емес, мүше болғандарының қатынасы нашар. Сөйтіп, еңбекші әйелдер кеңес еліп қорғауға іс жүзінде ңатынаса алмай отыр.
 
Келешектө бұл қалден құтылуымыз үшін май мөйрамында белсенді әйелдер жалпы әйелдерге үлгі болып, басшылық көрсетсін, оларды ел қорғау жұмысына қатынастыратын болсын, оларға кеңес өкіметінің ішкі, тысңы қалдерін түсіндірсін. Оларды Осоавиахим мүшелігіне тартсын.
 
Бұдан қейін биылғы май мейрамы кеңестер одағында шаруашылықты социалдық жолмен қайта құру дәуірінө тап келіп отырғандықтан, еңбекші әйелдердің де бұл құрылысқа белсенді қатынасатын болуы ұғындырылсын. Бұл мақсатты орындап шығу үшін, олардың сауатсыздықтары тез жойылатын болсын.
 
Осы күнде 4-ақ процент хат танитын еңбекші қазақ әйелдерінің таяу жылдарда сауатсыздығын жоюға Бірінші май күні тиісті жолдар көрсетілсін. Ең-бекші әйелдердің өздері де бүл жүмысқа қызу кірісетін болсын. Бұл жұмысқа әрбір коммунист, комсомол, белсенді әйелдер жабыла ат салысатын болсын.
 
Бірінші май күні еңбекші әйелдер тұрмысты мәдени жолмен қүру жөнінде мүмкіндігі бар ма, анық бәрін істесін. Мәселен, әйелдерге арнап мектеп ашу, балалар үйі, балалар яслиін ашу сияқты, әсіресе колхоз ортасында жаңа жұртшылық орнату жабдығы. Бірінші май мейрамы күні өлген адам жерленбейтін болсын.
 
Бірінші май дүние еңбекшілерінің мейрамы болғандықтан, бұл мейрамды әрбір еңбекші әйелдер құшағын жайып қарсы алсын.
 
Бірінші майдың маңызы әйелдер көпшілігіне толық ұғындырылсын. Бірінші майды ұлт мейрамдарынан артық қып қарсы алуға олардың үй іші, балашағасы болып күні бұрын дайындалсын.
 
Обращение к женщинам, опубликованное в газ. «Жана ауыл» 19 апреля 1930 г. В обращении женщины-работницы призываются к достойной встрече Первого мая, поставлена задача активного вовлечения женщин в общественную жизнь.