Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 62. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» (СЕМЕЙ ң.) ГАЗЕТІНЕН ХАБАР. БІРІНШІ МАЙ (БҮГІН) КҮНІ БОЛАТЫН ТАМАШАЛАР


 № 62. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» (СЕМЕЙ ң.) ГАЗЕТІНЕН ХАБАР

БІРІНШІ МАЙ (БҮГІН) КҮНІ БОЛАТЫН ТАМАШАЛАР

1 май 1923 ж.

1) қаладағы әскерлер, кәсіпшілдер ұйымдары өздерінің тиісті орындарына таңертеңгі 8 жарымға жиналып сағат 9-дан қалмай бұрынғы шөп базарының орнына жиналады.
 
2) бүларды тәртіптеп, жинап алып тұратын бастықтары болады. Шөп базарына жиналған қауымның реттерін түзеп тұрғызатын кісілері болмақ.
 
3) ңаланың сабақ оқитын балалары да сағат 8 жарымда бақша қасына жиналып 9-дан қалмай ауыл жиналған жерге барады. Затондағы жұмысшылардың балалары өздерінің школдарына жиналады. Сол жерден ат және автомобильмен ауыл жиналған жерге жеткізіледі. Алаштағы балалар тамашаға келмейді, оларға сый таратылады.
 
4) сағат 10 жарымда жиналған қауымда тәртіптеуші әлем губерниялық ортақшылдар комитетін, губерниялың атқару комитетінің, кәсіпшілдер үйымының губерниялық кеңесі, губернияның әскери-комиссары ауылды жағалап жүріп амандасып, әскери тәртіпше парад алады.
 
5) бұдан кейін «1 Майдың маңызы» және «қала мен ауылды жақындастыру» туралы сөздёр сөйленеді.
 
6) бұдан кейін ауыл тәртіппен бастаушылардың көрсеткен (жолы) көшесімен жүріп бостандық құрбандарының бейітінің басына келіп сөздер айтылады. Осыдан кейін ауыл ойын орындарына тарқасады.
 
7) Сағат 2-де Знаменск даласында қарғып, секіріп көрсететін ойындар болады.
 
8) Сағат 4-те шөп базарында атпен ойын болады.
 
9) Сағат 8-ден бастап қаладағы барлық театрларда, циркте ойын (спектакль) болады.
 
10) «Красное Знамя» клубында ноғайша спектакль болады.

 

11) Кешке сағат 11-де қала бақшасында суреттер көрсетіледі.
 
12) Балаларға да өз алдына ойындар болады.
 
13) Ойындарэға билетті кәсіпшілдер ұйымыньщ ағарту бөлімі үлестіреді.
 
Ңазақ жүмысшылары салақтық қылып келмей қалмасқа керек. Әр қайсысы өздерінің кәсіпшілдер ұйымының қатарына тізіліп тәртіппен келулері міндет. Қазақ жұмысшылары арасында мына жолдастар баяндама жасайды: Затонда Досов, Алашта
 
Арықов, Өзеркеде — Долбин, «Красное Знамя» клубында — Тоқжігітов.
 
Қазақ тілі (Семей қ.). 1923, 1 май.
 
Сообщение газ. «Казак тили» от 1 мая 1923 г. о порядке проведения первомайского празднества в Семипалатинске.