Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 33. Ж. ҒАПАРОВТЫҢ ЖӘРКЕНТ ҢАЛАСЫНДАҒЫ 1917 ЖЫЛҒЫ 1 МАЙ. ДЕМОНСТРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІГІ СОЦИАЛДЫ КАЗАКСТАН, 1937, 1 МАЙ


 № 33. Ж. ҒАПАРОВТЫҢ ЖӘРКЕНТ ҢАЛАСЫНДАҒЫ 1917 ЖЫЛҒЫ 1 МАЙ

ДЕМОНСТРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІГІ СОЦИАЛДЫ КАЗАКСТАН, 1937, 1 МАЙ
Будан жиырма жыл бурый.
 
— Патша тақтан түсірілді!
 
— Бостандық болды!
 
Міне осы хабарды Жәркент қаласының еңбекшілері естігеніне 20 жыл 27 кун болды. Ол 1917 жылдын 4 апрелі еді. Біз дәл сол күні бастауыш мектеп пен шіркеудің жанындағы алаңға жиналып, митинг өткіздік.
 
Сол кезде Тәнікеннен бес адам (үшеуі өзбек, екеуі орыс) делегат келген еді. Митингіде солар шығып сөз сөйледі. Олардың барлығы да:
 
— Николай тақтан ңұлады. Біз, еңбекшілер, тең-дік алдық. ¥йымдасуға, сөз сөйлеуге, газет шығаруға еріктіміз,— деді.
 
Жергілікті халықтың еңбекшілерінен Жүнісов Қайымбек, Ғапаров Жүсіпжан, Котов тағы басқа жолдастар сөйледі.
 
Митингіден кейін Тәшкеннен келген делегаттардың үсынысы бойынша, профессионале союзына уйымдастық. Буған кілең теміршілер, малайлар мүше болды. Сол жиналысқа ңатысқан 70—80 адамнан 35 дей кісі союзға кірді. Бул еңбекшілердің түңғыш уйымы еді.
 
¥йым ңурылғаннан кейін істеген жұмысымыздың біреуі 1-май мерекесіне әзірлену болды. ¥йымның тапсыруымен 1-Майға арнап мен үш плакат әзірле-дім. Қызыл сәтенге аң поталмен: «Жасасын бостан-дық», «Жасасын бірінші май», «Жасасын еңбекші-лердің азаттығы» деп ұран жаздым. 1-Май мерекесіне ел ынтық болды.
 
Көпшілік арасында ұйымдастыру жумысын да жүргіздік. Мектепте оқып жүрген ұйғыр жастарынан (10—15 жастағылар) 20 шақты адамға екі жүмадай революциялың өлеңдер үйреттік.
 
Асыіып күткен Бірінші май келді. Союздың кеңесінің алдына 70—80 ересек кісілер мен оқушы ба-лалар жиналды. Бүл Жәркенттің тарихында болған бірінші демонстрация еді.
 
Демонстрацияшылар Уәли Юлдашев дейтін атақты байдың сарайына жақындағанда буржуазия комитетінің адамдары кес-кестеп тұра қалды. Бүлар-дың ішінде: Жүнісов Қүсайынбек (ірі саудагер, үйғырлардың буржуазиялық комитетінің бастығы), Бапин және Салықов (Татар комитетінің адамдары), Болатов (Алаш комитетінен) және басқалар бар еді.
 
Бүлар бізді тоқтатып алды да, қайда барасыңдар деп сүрады. Қаматамыз деп қорқытпақшы болды. Онан соң мен көпшілік алдында сөз сөйледім, 1-май еңбекшілердің мерекесі, еңбекшілерге 1-майды мейрамдама деп тыйым салуға ешкімнің правосы жоқ дедім. Біздің союздың мүшелері — теміршілер — мені жақтап шықты. Әлгі мырзаларға қарап: «Біз ешкімді сендерге бере алмаймыз, қолдарыңнан келгенін аямаңдар» деді.
 
Елдің рухы көтерілді. Басында аз адам едік, ар-тынан өл көбейді, Өзеннің жағасына барып, митинг жасадық. Жергілікті атқару комитетінің президиум мүшелері бастығы Малинин жолдас болып митингіге қатынасты. Бірінші майдың маңызы туралы баяндама болды. Совет өкіметінің міндеті ай-тылды. Митингіге жиналған халық Уақытша үкі-меттің зүлымдық мақсатын түсінді.
 
Ғапаров Жусіпжап
 
Воспоминания Ж. Гапарова о первомайской демонстрации в Джаркенте (ныне г. Панфилов), опубликованные в газ. «Социалды Казахстан) 1 мая 1937 г.