Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 157. «ОТАНДЫ ҚОРҒАУДА» (ЛЕНИНГРАД МАЙДАНЫ) ГАЗЕТІНЕН ХАБАР


 № 157. «ОТАНДЫ ҚОРҒАУДА» (ЛЕНИНГРАД МАЙДАНЫ) ГАЗЕТІНЕН ХАБАР

26, 30 апрель 1944 ж.

ҚАЗАҚСТАНДА
 
Қарағанды (ҚазТАГ). Қарағандыға Кеңестер Одағыңың Батыры гвардия сержанты Мартбек Мамраев келді. «Кировуголь» тресінің 3-бис шахтасының кеншілері өздерінің бұрынғы партия ұйымдас-тырушысын зор құрметпен қарсы алды. Достық мәжілісте батыр өзінің жерлестеріне Еділден Днепрге дейінгі жауынгерлік жорығының әңгімелерін айтты.
 
Ңарағандының Киров ауданыныц қарт шахтер-ларымен Батырдың кездесу мәжілісі зор шаттықпен отті. Мәжіліске көп жылдар бойына Мамраев жолдаспен бірге жұмыс істеген 150-ден аса байырғы шахтерлер қатысты. Мамраев жолдас өзінің сөзінде кеншілерді көмір өнімін арттыруды көздеген Май мерекесі алдындағы социалистік жарысты кеңінен ерістетуге шақырды.
 
ЕРЛІГІ АСҚАН АРТИЛЛЕРИСТЕ
 
Аға сержант Александр Конапатчиков және сержант Қырықбай Дайрабаев соңғы ұрыстарда өздерінің шебер артиллеристер екендіктерін көрсетті. Олар басңарған зеңбіректер жаяу әскерлердің сапында қимыл жасап, оларға жол ашып беріп отырды.
 
Жуырда сержант Дайрабаевтың зеңбірек расчеті 8 снарядты төте наводкадан атып, жаудың үш оқ ату точкасын жойды. Ал аға сержант Конапатчиковтың расчеті екі пулемет дзотын жойды.
 
Дайрабаев пен Конапатчиковты командование III дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградтады.
 
Сержант Дайрабаев бүрын да жауынгерлік істері үшін 2, «Батырлығы үшін» және «Жауынгерлік еңбектері үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдарымен наградталған болатын.
 

 

Лейтенант X. Абдулхасимов
 
Информации газ. «Отанды коргауда» Ленинградского фронта от 26 и 30 апреля 1944 г.: 1. О выступлении Героя Советского Союза М. Мамраева, прибывшего с фронта, перед шахтерами Караганды с призывом множить успехи в социалистическом соревновании в честь 1 Мая; 2. О боевых подвигах воинов-казахстанцев К. Дайрабаева и А. Конапатчикова.