Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 156. «ОТАН ҮШІН ҰРЫСҚА» (КАРЕЛИЯ МАЙДАНЫ) ГАЗЕТІНЕН ХАБАРЛАР


 № 156. «ОТАН ҮШІН ҰРЫСҚА» (КАРЕЛИЯ МАЙДАНЫ) ГАЗЕТІНЕН ХАБАРЛАР

25 апрель 1944 ж.

БІРІНШІ МАЙ АЛДЫНДА
 
Біздің бөлімшеміз 1 Майға үлкен даярлық жүргізіп жатыр. Жауынгерлеріміз жер үйлердің іштерін тазалап, ұрандармен, суреттермен, плакаттармен әдемілеп, көркемдеп қойды Ленин комнатасы қайтадан жөнделіп жатыр. Мерекеге дайындық жұмысын жүргізуге жауынгерлер Етманов, Журавлев, Горшков, Мамылов, Мұратов, Машков белсене қатынасуда.
 
Ефрейтор Б. Бейсекеев
 
Бөліміміз 1 Май мерекесін қарсы алуға әзірленуде. Жауынгерлеріміз, сержанттарымыз бен офицер леріміз ұлы мерекені жауынгерлік оқудағы жаңа жетістіктерімен қарсы алғысы келеді. Қазір жауынгерлердің бәрі де қаруды шебер меңгеріп, мергендік тәсілдеріне үйреніп жүр.
 
Лейтенант Спивак басқарған бір топ жауынгерлеріміз мерекеге арнап концерт қоймақ. Агитаторлар 1 Май туралы әңгіме өткізуде.
 
Кіші сержант А. Мухин
 
Гвардия қызыләскерлері Кашапов, Гафуров, Хадықов және басқалар Жоғарғы Баскомандашының бұйрығын орындай отырып, 1 Майға дейін өз винтовкаларын әбден үйреніп алуға серт берді. Олар қа-зір де берген сертін абыроймен орындауда. Сонымен қатар гвардеецтер өздерінің саяси сеземін де көтеруде, орысша сөйлеуді және орыс тілінде хат жазуды үйренуде.
 

 

Гвардия қызыләскері С. Аймағамбетов
 
Информации газ. «Отан ушин урыска» Карельского фронта от 25 апреля 1944 г. о подготовке воинов-казахстанцев к празднованию 1 Мая.