Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 143, 144. ҚАЗАҚСТАН К(б)П ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ СЕКРЕТАРЫ Н. А. СКВОРЦОВ ПЕН ҚАЗАҚ ССР СОВНАРКОМЫНЫҢ ПРЕДСЕДАТЕЛІ Н. ОҢДАСЫНОВТЫҢ МАЙДАНҒА ПАНФИЛОВ АТЫНДАҒЫ 8-ГВАРДИЯ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ЖОЛДА


 № 143, 144. ҚАЗАҚСТАН К(б)П ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ СЕКРЕТАРЫ Н. А. СКВОРЦОВ ПЕН ҚАЗАҚ ССР СОВНАРКОМЫНЫҢ ПРЕДСЕДАТЕЛІ Н. ОҢДАСЫНОВТЫҢ МАЙДАНҒА ПАНФИЛОВ АТЫНДАҒЫ 8-ГВАРДИЯ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ЖОЛДАҒАН ХАТЫ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛЕР АТЫНАН КОМАНДОВАНИЕНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНА МЕРЕКЕЛІК СӘЛЕМІ

1 май 1942 ж.
 
Советтер Союзының геройы генерал-майор Панфилов атындағы қос орденді 8-гвардия дивизиясының жауынгерлеріне, командирлеріне, комиссарларына, саяси қызметкерлеріне
 
Қымбатты жолдастар! Еңбекшілердің халықаралық ынтымағының күні — Бірінші Май мерекесі күні Сіздерге шын жүрегімізден құттықтау жолдаймыз.
 
Бірінші Май бейбітшілік кезде біздер үшін көктемнің ңуанышты мерекесі болып келді, ал биылғы жылы қажырлы күрес күні және Қызыл Армия мен халқымыздың барлық күшін гитлершіл басқыншықларды толық жоюға жүмылдыру күні болып отыр.
 

 

Халықаралық үлы мереке күніне Сіздер тамаша жеңістермен, жауынгерлік ерліктермен келдіңіздер, мұны партия мен үкімет... жоғары бағалады. Сіздердің даңқты істеріңізді республикамыздың және бүкіл Советтер Союзының еңбекшілері мақтан етеді. 28 гвардеецтің ерлік ңаһармандыңтарын бүкіл дүние жүзі біледі. Жазушылар мен ақындар жерлестерінің — гвардеецтердің ерлік істері туралы жыр шығаруда. Халқымыз республикамыздың қалаларында, селолары мен ауылдарында осы жырларды жырлап жүр.
 
Ңымбатты жолдастар, Қазақстан астанасы мен Алматы облысының еңбекшілері Сіздерді ұмытпайды. Бірінші Май ңарсаңында Сіздерге көп сыйлықтар жіберді. Қымбатты батырлар, бұл сыйлықтарды Сіздерге білдірілген сүйіспеншіліктің, Сіздерге деген аталық қамқорлыңтың белгісі деп қабылдаңыздар.
 
Қазақстан еңбекшілерінің көздеген мақсаты біреу — ол майданға көмекті молайта беру, кәсіпорындарында, колхоздар мен совхоз даласында жүмысты дамылсыз атқару. Республиканың егіс даласында көктемгі егіс жұмыстары қызу жүргізілуде. Біз быйыл өткен жылғыдан 500 мың гектар егісті егуге тиіспіз. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары белгіленген мерзім ішінде дәнді егіс планын асыра орындады. Отан сақтау ңорына арналып, планнан тыс 5 мың гектардан аса егін егілді. Қалған облыстар да егіске кірісе бастады. Майдан үшін көмір, металл, мұнай өндіру күн санап артуда.
 
Қымбатты жерлестер, Қазақстан алдағы күнде де өзінің барлық күшін майданға, елімізге қаруды, азық-түлікті, өнеркәсіпке шикізатты көп беруге жүмылдырады деп Сіздерге сенім береміз.
 
Қымбатты гвардеецтер! Сіздер қыста жауға қатты соққы бердіңдер, ал көктемде, жазда қаныпезер неміс басқыншыларға ңыстағыдан да қатты, одан да қыйрата соққы беріңіздер, сөйтіп 1942 жыл жауды толық талқандау жылы болатын етіңіздер. Сіздердің тағы тамаша ерліктер көрсетулеріңізді күтеміз.
 
Қазақ ССР Совнаркомының
Председателі Н. Оңдасынов
ҚК(б) II Орталық Комитетінің
секретарь Н. Скворцов