Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 138. 1 МАЙ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН Ж. ЖАБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢІНЕН ҮЗІНДІ


 № 138. 1 МАЙ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН Ж. ЖАБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢІНЕН ҮЗІНДІ

30 апрель 1941 ж.

КӨКТЕМ МЕНЕН МАЙ ДАҢҚЫ
 
Көрдім тағы көктемді,
Жылы жүзді жетті жаз,
Жаңа үйімнің төріне,
Шұғыла шашып, жеріме —
Көктің нұрын төкті жаз.
Далама жастар дән егіп,
Дән еккен дала сәнденіп,—
Етегін түре еңбекке
Елім, жерім болды мәз.
Жаңбыр төгіп аспаным,
Гүл көтеріп бастарын,
Бұлты көшкен тауымның,
Ңыран сүйіп асқарын,
Еңбекпенен денесін,
Шынықтырып жастарым —
Көлде жүзді қоңыр қаз.
Тасқындай ағып Іле, Шу
Қүстар ұшып ізі-шу
Жасағандай жазғы наз.
Жылқы да бие қүлындай
Қүйрың атып ңұлын-тай
Асыр салып еркелеп,
Мыңғырып дала, мал төлдеп,—
Қоштасты жазбен қысқы аяз.
Жаздың көріп жайнауын —
Менің де жаңа жайлауым,—
Алатаудан қол бүлғап,—
Кел деп шалға сайрандап,—
Қүлпырған анау Қүлансаз.
Сұңңардай көңіл талпынып
Май айыида шалқылық;
Жер жарғандай ұраны,
Елімнің бір думаны
Міне, тағы Май келді,
Бұл думанға елімнің
Салтанаты сай келді...
 
Социалисты Қазақстан. 1941, 1 май.
 
Отрывок из стихотворения Джамбула Джабаева, посвященного празднику 1 Мая (Социалистик Казахстан. 1941. 1 мая).