Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 137. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚОҢЫРАТ АУДАНДЫҚ КИРОВ АТЫНДАҒЫ КОЛХОЗДЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫНАН ҚАУЛЫ


 № 137. ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚОҢЫРАТ АУДАНДЫҚ КИРОВ АТЫНДАҒЫ КОЛХОЗДЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫНАН ҚАУЛЫ

22 апрель 1941 ж.
 
1. Бірінші май мерекесі дүние жүзілік маңызы бар екендігін еш уақытта естен шығармаумен бірге колхозымызды мәдениетті, ауқатты тұрмысқа жеткізу жолында бұрынғыдан да колхоз шаруашылығын өркендете береміз. Сөйтіп, Бірінші май мейрамын партия мен үкімет айтқандай етіп өткізуге колхозшыларды осы жұмыстың төңірегіне нақты ұйымдастырамыз.
 
2. Май мерекесін өткізуге 5 кісілік комиссия қүрылсын. 1. Тоқбаев К., 2. Тәжин С., 3. Исін А., Ыбыраев Б., 5. Абілдин А., осы жолдастар комиссия болып бекітілсін.
 
3. Май тойын өткізу жөніндегі жасаған жұмыс планы бекітілсін.
 
Жыйналыс басқарушысы Абілдин
Секретары Ыбыраев
 

 

Решение первичной партийной организации колхоза имени С. М. Кирова Коунрадского района Карагандинской обл. от 22 апреля 1941 г. о порядке проведения первомайского праздника в колхозе (ПА Джезказганского обкома Компартии Казахстана, ф. 453, oп. 1, д. 7, л. 36. Подлинник).