ТОНЫКӨК

1. Білге Тоныкөк, мен өзім,
Табғаш елінде тәрбиелендім.
Түрк халқы (ол кезде) табғаштарға бағынышты еді.
 
2. Түрк халқы, ханы болмай,
Табғаштардан ажырады, хандың ңүрды.
Хандығын тастап,
Табғашқа қайта бағынды.
Тәңірі (сонда) былай деген екен:
Хан бердім,
 
3. Ханыңды тастап, бағындың:
Бағынғаның үшін (басқаға)
Тәңірі (сені) өлімші етті,
Түрк халқы қырылды.
Әлсіреді, жойылды.
Түрк — сір халқы жерінде тіршілік қалмады.
 
4. Ойда, қырда қалғаны
Жиылып, жеті жүз болды.
Екі бөлігі атты еді,
Бір бөлігі жаяу еді.
Жеті жүз кісіні ерткен
 
5. Үлығы шад еді.
— Ілесіңдер! — деді.
Ілескен мен едім — Білге
Тоныкөк. Хан сайласам ше? — дедім, Ойладым:
Арың бүңаның,
Семіз бүқаның
Артта (барын) білсе де,
 
6. Семіз бүқаны,
Арық бүқаны — дедім,
Айыра білмес дедім.
Осылай ойладым.
Сөйтіп, тәңірі ақыл берген соң
Өзім оны ңаған еттім.
Білге Тоныкөк, бойла баға тарқанмен
 
7. (Мен, Ертеріс, ңаған болайын) деді.
Түстікте-табғашты, Шығыста-қүтанды,
Терістікте-оғызды өте көп ңырды.
 
8. Аңыл иесі,
Сөз иесі мен болдым.
Шүғай қүзында,
Қара қүмда отырушы едік,
Киік жеп, ңоян жеп отырушы едік.
Халың тамағы тоқ еді,
Жауымыз тегіс жыртқыш ңүстай еді,
Біз жемтік едік.
Осылай отырған шақта
Оғыздардан елші келді,
 
9. Елші сөзі мынадай:
Тоғыз оғыз халқына
хан сайланды, — деді.
Табғаштарға
Күн Сеңүнді жіберді,
Күтандарға Тоңра
Семді жіберді.
Сөзді былай жіберді:
Аз ғана түрк халқы көшпелі еді,
 
10. Кағаны алып еді,
Ақылгөйі білгір еді.
Ол екі кісі түрса,
Сені — табғашты қырады, — депті,
Шығыста-қүтанды қырады, —
Мені — оғызды қырады, — депті
 
11. Табғаштар, түстіктен шабыңдар!
Күтандар, шығыстан шабыңдар!
Мен терісгіктен шабайын!
Түрік — сір халқының жерін жат баспасын!
Сол дүшпанды жояйық! — депті.
 
12. Осы сөзді естіп,
Түнде үйңым келмеді.
Күндіз отырғым келмеді.
Ақыры, қағаныма өтіндім.
Былай өтіндім:
“Табғаш, оғыз, құтан —
Бүл үшеуі біріксе, біз
 
13. Өз іші-тысымызды үстап қала алмаспыз.
Жүқаны бүктеу — оңай.
Жіңішкені үзу — оңай.
Жүқа қалыңдаса,
(Оны тек) алып бүктейді.
 
14. Жіңішке жуандаса,
(Оны тек) алып үзеді.
Шығыста — қүтанға,
Түстікте — табғашқа,
Батыста — қүрданға,
Терістікте — оғызға
Екі-үш мың қолмен бара аламыз ба?”
Осылай өтіндім.
 
15. Кағаным мен өзім — білге
Тоныкөк өтінген өтінішімді тыңдады:
Көңіліңдегіше баста, — деді.
Көк Өңүг өзенінен өтіп,
Өтүкен қойнауына бастадым.
Тоғлада сиыр көлікті оғыздар кездесті.
 
16. Әскері үш мың екен,
Біз екі мың едік, соғыстық,
Тәңірі жарылқады, жеңдік.
Өзенге түсті, жеңдік.
Жол үстінде өлді көп,
Сөйтіп, оғыз түгел бағынды.
 
17. Түрк халқы Өтүкен жеріне,
 
Мен өзім — Білге Тоныкөкті
Өтүкен жеріне келді дегенді естіп,
Түсгік халықтар, батыстық, терістік,
Шығыстық халықтар келді.
 
18. Екі мың едік,
Біз екі (бөлек) қол болдық.
Түрк халңы отыратын,
Түрк қағаны отыратын,
Шантүң ңаласына,
Тең із өзеніне
(Әлі) жеткен жоқ едік.
Кағаныма өтініп, аттандым.
 
19. Шантүң қаласына,
Теңіз өзеніне апардым,
Жиырма үш қала талңандалды.
Үйсін бүнтату жүртын жайладық,
Табғаш қағаны жауымыз еді,
Он оқ қағаны жауымыз еді.
 
20. Бәрінен де күштісі қырғыз қағаны жауымыз болды.
Ол үш ңаған кеңесіп:
Алтын қойнауына жетейік, — десіпті,
Былай кеңесіпті:
Шығыста — түрк қағанын
Шабайық, десіпті:
Егер де шаппасақ,
Қүртады ңалайда бізді.
 
21. Қағаны алып екен,
Ақылгөйі білгір екен.
Қайтсек те қыратыны анық,
Үшеуіміз бірігіп аттанайық,
Оларды (сөйтіп) талқандайық, — десіпті.
Түргеш ңағаны былай депті:
— Менің халқым дайын, — депті.
 
22. Түрк халқы толқуда — депті,
Оғыздар да дағдаруда... — депті.
Ол сөзді естіп,
Түні бойы үйқым келмеді,
(Күндіз) отырғым келмеді,
Сөйтіп ойландым...
...Соғысамыз... — дедім.
 
23. Көгмен жолы жалғыз еді,
Суық дегенді естіп,
Бүл жол жүруге жарамайды, — дедім.
Жершіл (жігіт) іздедім.
 
24. (Ақырында) Шөлді аздан кісі таптым.
“Өзім Аз жеріненмін, оны біл, деді, — бір бекег бар, — деді.
(Одан өтіп) Ануға барасыңдар.
Сонда қонып (шықсаңдар арғы жағы) бір аттық болады”, — деді.
Сол жолмен жүрсе Болар дедім, ойландым.
 
25. (Ойымды) Қағаныма айттым.
Әскерімді жылжытгым.
Аттаныңдар!.. дедім.
Ақтермелден өте аялдаттым.
Атңа ңайта қондырып қарды бүздым.
Жоғарыға атты жетелеп,
Жаяу, таяқ тіреп шықтың.
 
26. Төмендегі ерлер жоғары шығып,
Шың басынан әрі астық.
Азаппен (төмен) түстік.
Он түн дегенде тау етегіне әрең жеттік.
Жершіл жігіт жаңылып, бауыздалды.
Қиналған ңаған (Өзің) бастай бер деді.
 
27. “Анудың суымен жүреміз”.
Сол сумен жүрдік,
Санағалы тоқтадық,
Аттарды ағашқа байладық
Күн демей, түн демей желіп бардың.
Кырғыздарды үйқыда бастың.
 
28 (Жолымызды) сүңгімен аштық.
Ханы, әскері оянды.
Соғыстың,
Шаныштық.
Ханын өлтірдік.
(Біздің) қағанға қырғыз халқы
бағынды, жүгінді, қайттық.
Көгмен ңойнауын айналып өттік.
 
29. Қырғыздан қайттық.
Түргеш ңағанынан елші келді,
Сөз мынадай: — оң жағынан қағанға
ңарай әскер жіберейік, — депті...
егер аттанбасақ, ол бізді;
Кағаны алып екен,
Ақылгөйі кемеңгер екен
Калай етсек те
 
30. Бізді талқандары аның, — депті.
Түргеш қағаны аттанды, — деді.
Он оң халқы түгелімен аттанды, —
деді.
Табғаш әскері де бар деді.
Осы сөзді естіп, ңағаным:
“Мен үйге ңайтайын”, — деді.
 
31. Қатыны өлген еді,
Соны жерлейін, — деді.
Әскермен (сен) бар, — деді.
Алтын ңойнауында күт, — деді.
Әскер басы — Інел қаған.
Тардуш шады барсын... деді.
Өзіме, Білге Тоныкөкке, айтты:
 
32. Колды өзің баста, — деді.
Жазала, білгеніңді істе.
Мен саған не айтайын (басқа), — деді.
Қол қосылса күш өсер.
Келмесе егер,
Тіл, сөз алып отыр — деді.
Алтын ңойнауында тостық.
 
33. Үш хабаршы келді.
Сөздері бір:
Кағаны әскерімен аттанды.
Он оң әскері түгелімен аттанды, — деді.
Жарыс жазығында жиналайың десіпті.
Бүл сөзді естіп,
Бүл сөзді қағанға жібердім:
...Қайтейін?.. (дедім).
Жауап та келді:
 
34. ...Отыра бер, — депті,
Асықпа, күзетшіні дүрыстап қой.
Қапыда ңалма... депті.
Бөгі қаған маған осыны айтыпты.
Апа — тарқанға жасырып сөз жолдапты:
“Білге Тоныкөк
Өзі айлакер, өзі пайымды.
 
35. Әскермен аттанамыз (десе) ңүптама!”
Осы сөзді естіп,
Әскерменен жорыққа шыңтым.
Алтын қойнауын жолсыз астым.
Ертіс өзенін өткелсіз кештік.
Түн қаттық.
Болшыға таң ата жеттік.
 
36. Тілші келді, сөзі мынадай:
Жарыс жазығында он мың қол жиылдық... деді.
Бүл сөзді естіп,
Бектердің бәрі: қайтайың,
 
37. Өлімнен үят күнггі, — деді.
Мен былай дедім:
— Мен Білге қаған Тоныкөкпін.
Алтын қойнауын белден асып келдік,
Ертіс өзенін кешіп келдік.
 
38. (Кім) келсе де батыр, — дедім.
(Олар бізді) білмейді.
Тәңірі, Үмай, қасиетті жер-су
Жеңіс берген екен,
Көп (екен) деп неге қашамыз,
Азбыз деп неге қорқамыз.
 
39. Неге басындырамыз?
Шабамыз!.. дедім.
Шаптық, қудық.
Екінші күні (тағы) келді,
 
40. Өртше жанып келді,
Соғыстық.
Бізден екі-үш есе артың еді,
Тәңірі жарылқағандықтан,
Көп деп біз ңорықпадық.
 
41. Соғыстық.
Тардуш шады айқасңа қатысты.
Жеңдік.
Қағанын түтқындадық.
Жабғысын, шадын сонда өлтірдік.
 
42. Елудей ерін түтқындадық.
Сол түні ел-елге елші жібердік.
Осы хабарды естіп,
Он оқтың бектері, халқы —
Бәрі келді. Бағынды.
 
43. Келген бектерін, халқын жайғастырып жатқанда,
бір аздаған жүрт қашып кетті.
Он оқтың әскерін аттандырдым.
 
44. Біз де аттандық.
Оларды қудық.
Інжу өзенін кеше,
Тінесі үлының мекені
Мәңгікөк тауынан (асырып),
 
45. Темір ңақпаға дейін қудық.
Сол жерден ңайтардық.
Інел ңағанға сол кезде
 
46. Сүқ бастгіған
Соғда халқы тегіс келді.
Ол кезде түрк халңы
 
47. Темір қаңпаға
Тінесі үлының мекен тауына жеткен еді,
(тау) иесіз екен.
Ол жерге мен
Білге Тоныкөк жеткен соң
 
48. Сары алтын, ақ күміс, қыз-қырқын,
бағалы қазына-мүліктер есепсіз келіп жатты.
Елтеріс қағанның ақылдылығынан, батырлығынан
 
49. Табғаитармен жиырма жеті (рет) соғысты.
Күтандармен жеті (рет) соғысты.
Оғыздармен бес (рет) соғысты.
 
50. Сонда ақылгөйі де мен едім.
Дем берушісі де мен едім.
Елтеріс қаған үшін,
Түрк Бөгі ңаған үшін,
Түрк Білге қ(аған үшін;)
 
51. Капаған ңаған (үшін)
Түнде үйқтамадым.
 
52. Күңдіз отырмадым.
Кызыл қанымды төктім.
Кара терімді ағыздым.
Күш-қуатымды аямадым.
Мен өзім үзақ жорықтарға да бастадым.
Арқый күзетшілерін молайттым.
 
53. Кінәлі жауларын алдына келтірдім.
Кағаныммен (бірге) аттандық
Тәңірі жарылңады!
 
54. Бүкіл түрк халңына
Карулы жау келтірмедім.
Атты әскер жолатпадым.
Елтеріс қаған жауламаса.
 
55. Оған еріп мен де жауламасам.
Елім, халңым жойылар еді.
(Оның) әрекетінің нәтижесінде,
Менің де әрекетімнің нәтижесінде
 
56. Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз ңайта халық болды,
Өзім қартайдым,
Үлық болдым.
Қандай қанағат болмасын,
оның халқының арасында
 
57. Пәтуасыз (жалңау, оңбаған)
табылса (онда) ол халықтың
ңанша соры бар десеңші!
 
58. Түрк Білге ңағанның еліне (арнап)
жаздырдым — Мен Білге Тоныкөк.
 
59. Елтеріс ңаған жауламаса,
(Егер де) ол жок болса,
Мен өзім Білге Тоныкөк жауламасам,
Немесе мен (де) жоқ болсам,
 
60. Қапаған қағанның,
Түрк — сір халқының жерінде
Ел де, халық та,
Жан да, не де болмас еді.
 
61. Елтеріс қағанның,
Білге Тоныкөктің әрекетінің нәтижесінде,
Капаған қағанның түрк — сір халқы жасауда.
Түрк Білге ңаған түрк — сір халқын,
оғыз халқын көтеріп отыр.