КҮЛТЕГІН ҮЛКЕН ЖАЗУ

Биікте көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған,
Істемі қаған отырған.
Отырып, түрк халңының ел-жүртын
Қалыптастырған иелік еткен.
 
2. Төрт бүрыштың бәрі дүшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бүрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен,
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірген,
Ілгері — Кадырқан ңойнауына дейін,
Кері — Темір қақпаға дейін жайлаған.
3. Екі аралықта жүрген йесіз көк
Түріктерді осылай қоныстандырған екен.
Білге қағандар екен.
Алып ңағандар екен.
Әміршілері де бірге болған екен,
Алып болған екен.
Бектері де, халқы да
Сенімді екен.
Сол үигін де елін сонша (үзақ) билеген екен,
Ел үстап, төрелік еткен,
Өздері қаза болған.
 
4. Жылаған-сықтаған:
Әуелі күн шығыстан
Бөклі шөлінің елі,
Табғаш, тибет, авар, үрім,
Кырғыздар, үш қүрықандар
Отыз татар, қытай татабылар
Осыншама халың келіп,
Сықтады-жылады.
Осындай сыйлы қағандар еді.
 
5. Соңындағы інілері қаған болған,
Үлдары да қаған болды.
Соқңындағы інісі ағасындай болмады.
Үлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтаң қағандар отырған екен.
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
 
6. Бектерінің халңының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,
Арбауына көнгендігінен
( сенген дігінен )
Інілі-ағалының дауласқандығынан
Бекті — халқының
жауласқандығынан
Түркі халқы елдігін жойды.
 
7. Кағандығынан айырылды;
Табғаш халқына бек үлдары қүл болды,
Пәк қыздары күң болды.
Түркі бектер түркі атын жоғалтып,
Табғаш бектердің табғаш атын түтынып,
Табғаш қағанына бағынды,
Елу жыл ісін-күшін берді.
 
8. (Олар) ілгері — Күншығыста
Бөклі қағанға дейін шапқындады,
Кері-Темір қаңпаға дейін шапқындады,
Табғаш қағанына елін-жүртын алдырды.
 
9. Күллі түрк халқы былай десгі:
“Елді халың едім,
Елім ңазір ңайда,
Кімге ел-жүрт іздермін?
Кағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай ңағанға күш-қуатым берермін?”— десті.
Осылай деп табғаш халқына жау болды.
 
10. Жауы болып,
Крлдарынан түк келмей,
Қайта бағынды.
Бейбіт күш-қуатын бергілері келмеді.
Түрк халқы:
“Кырылайың, жойылайық” десті,
Ажалға жылжи бастады,
Көкте түрк тәңірісі,
Түрктің қасиетті жері, суы.
 
11. Былай депті:
“Түрк халқы жойылмасын” — дейді, —
“Ел болсын”, — дейді.
Әкем Елтеріс қағанды,
Шешем Елбілге ңатынды
Тәңірі төбесіне үстап
Жоғары көтерген екен.
Әкем қағанға он жеті ер еріпті.
 
12. Шетте жортып жүр дегенді естіп,
Қаладағылар өрлепті,
Таудағылар індепті,
Жиылып жетпіс ер бопты.
Тәңірі қуат берген соң
Әкем қағанның әскері бөрідей бопты,
Жаулары қойдай бопты,
Ілгері-кейін аттанып, жинапты, көтеріпті.
 
13. Крлы жеті жүз ер болыпты.
Жеті жүз ер болып,
Елсіреген, Кағансыраған халыңты,
Күнденген, қүлданған халықты
Түрк иелігінен айырылған халыңты
Ата-баба мекеніне ңайта орнатты.
Төліс, тардүш (тарға).
 
14. Жабғы, шад сайлапты,
Оныңда — табғаш халқы жау еді.
Солында-Баз қаған, тоғыз оғуз халқы жау еді.
Кырғыз, қүрықан, отыз татар,
Кытай, татабы-бәрі де жау еді.
Әкем қаған осынша...
 
15. Кырық жеті рет аттанды...
Жиырма айқас жасады.
Тәңірі жарылқағандыңтан
Еілдігін әлсіретті,
Қарандығын қағансыратты
Жауын бейбіт етті,
Тізеліні бүктірді,
Бастыны еңкейтті.
Әкем ңаған сөйтіп ел — жүрт қүрап,
 
16. Үша барды .
Әкем ңағанның басына
Баз ңағанның балбалы қойылды
Оның елінің үстіне
Ағам ңаған болды
Ағам ңаған болып,
Түрк халқын көркейте түсті,
Көтерді.
Кедейді бай қылды,
Азды көп қылды.
 
17. Ағам ңаған болғанда.
Өзім тардуш халқына шад болдым.
Ағам қағанмен бірге ілгері —
Жасыл өзеніне,
Шаңтүң жазығына дейін аттандың.
Кері — Темір қақпаға дейін аттандық.
Көгменнен аса қырғыз
Жеріне дейін аттандык
 
18. Бас-аяғы жиырма бес (рет) аттандың.
Жиырма үш рет соғыстық.
Елдігін әлсіреттік,
Кағандығын
қансыраттың.
Тізеліні бүктірдік,
Бастыны еңкейттік.
Түргеш ханы түркіміз,
Өз халқымнан еді.
 
19. Білместігі үшін,
Бізге жауыздығы үшін қағаны өлді.
Әміршілері, бектері және өлді
Он оқ халқы азап көрді.
Атамыз, бабамыз үстаған
Жер-су иесіз болмасын деп,
Аздарды халық етіп ңүрап,
 
20. (Оларға) Барс бек болды,
Каған атағын оған біз бердік.
Қарындасымды — ңаған ңызын бердік.
Өзі жаңылды, қағаны өлді, халқы күң, қүл болды.
“Көгмен жер-суы иесіз қалмасын” — дедік.
Аз, қырғыз халқын жинап,
Келдік, соғыстың.
 
21. Елін ңайта бердік.
Ілгері- Кадырқан ңойнауынан аса,
Халыңты осыншама ңондырдық, осынша еттік,
Кері-Кену тарманға дейін түрк халңын,
Осынша қондырдың, осынша еттік.
Ол шақта қүл-ңүлды болған еді,
Күқ - күңді болған еді,
Інісі ағасын білмес еді.
Үлы әкесін білмес еді.
 
22. Сонша иелік еткен ел-жүртымыз осындай еді.
Түрк, оғыз бектер, халқы тыңдаңдар!
Төбеңнен тәңірі баспаса,
Астыңнан жер айырылмаса,
Түрк халқы, ел-жүртыңды кім қорлайды?
 
23. Түрк халқы, өкін!
Бағынғаның үшін (өзіңді) көтерген ңағаныңа,
Касиетімен, ісімен жақсы еліңе
Кінәлісің, жаман шатастың.
Қарулылар ңайдан келіп, тағы (сені) қүлдыратты?
Найзалылар қайдан келіп,
Тағы сені ыдыратты?
О, қасиетті Өтүкен қойнауының халқы, бостың.
 
24. Біресе ілгері шаптың,
Біресе кері шаптың
Барған жерде не пайда таптың?
Каның судай қүйылды,
Сүйегің таудай үйілді,
Бек ұлдарың қүл болды,
Пәк қыздарың күң болды,
Білместігіңнен, нашарлығыңнан,
Ағам ңаған дүниеден өтті.
 
25. Басына қырғыз қағанының балбалын тіктім.
Түрк халқының атақ-даңқы Өшпесін деп,
Әкем қағанды,
Шешем ңатынды Көтерген тәңірі,
Ел берген тәңірі,
Түрк халңының атақ-даңқы Өшпесін деп.
(Мені) ңаған (етіп) отырғызған еді.
 
26. Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз,
Сырты тонсыз
Бейшара, мүсәпір халыққа
отырдым,
Інім Күлтегінмен ақылдастық.
Әкеміз, ағамыз қүрған халықтың
Аты, даңңы өшпесін деп,
 
27. Түрк халқы үшін
Түн үйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге,
Екі шадпен бірге
Өліп-тіріліп жерді үлғайттым.
Біраз үлғайтып,
Біріккен халықты от-су қылмадым.
Мен өзім қаған боп отырғанда,
 
28. Жер-жерден босыған халық
Өліп-жітіп,
Жаяу-жалпы
Келіп жатты.
Халықты көтермек боп:
Терістікте оғуз халқына қарсы
Шығыста-ңытай, татабы халңына қарсы,
Түстікте - табғашқа қарсы
Көп қолмен он екі жорың жасадым.
 
29. Сөйтіп тәңірі жарылңады.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халыңты бай қылдым
Аз халықты көп қылдым.
Тату елге жақсылық қылдым.
 
30. Төрт бүрыштағы халыңты.
Бәрін бейбіт ңылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маған бағынды.
Ісін-күшін беріп, осыншама ел жиып,
Інім Күлтегін өзі қайтыс болды.
Әкем ңаған өлгенде
Інім Күлтегін жеті жаста ңалды.
 
31. Он жаста
Умай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды.
Он алты жасңа (келгенде)
Ағам қағанның ел-жүртын сонша молайтты.
Алты чуб, соғдаларға ңарсы
Аттандың, талңандадың.
Табғаш,
Оң түтықтың бес мың әскері келді,
Соғыстың.
 
32. Күлтегін жауға жалғыз үмтылды.
Оң түтықты қарулы басшыларымен ңолға түсірді.
Каруларды қағанға еншіледі.
Ол әскерді сонда талқандадың.
Жиырма бір жасында Чача
Сеңүнмен айқастық.
Ең ілкі Тадңын чурдың
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
 
33. Екіншіде Ышбар Ямтардың
Боз атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
Үшіншіде йегін Сілік бектің
Ерттеулі торы атын мініп шапты,
Ол ат сонда өлді.
 
Каруына, сауытына жүзден артың оқ тиді.
Барлаушының басына бірі де дарыған жоң.
 
34. Оның шабуылын түркі бектері, жақсы білесіңдер!
Ол әскерді сол жерде талқандаттық.
Осыдан кейін
Байырңылық үлық
Еркін (бізге) жау болды.
Олардьі батыр талқандап
Түргі Иарғын көліне қудың.
Үлық Еркін аз ғана ерлерімен қашты.
 
35. Күлтегін жиырма алты жасңа (келгенде)
Кырғыздарға ңарсы аттандың.
Найза бойы қардан өтіп,
Көгімен қойнауынан асып,
Кьірғыз халқын үйңыда бастық.
Қалғанымен Сүңа ңойнауында айқастық.
Күлтегін Байырңының
Ақ айғырына мініп,
Шабуылға үмтылды.
 
36. Бір ерін оққа үшырды,
Екі ерін найзаға шаншыды.
Осы шабуылда Байырқының
Ақ айғырының белі үзілді.
Қырғыз ңағанын өлтірдік,
Еілін алдық.
Сол жылы түргешке ңарсы
Алтын қойнауынан асып,
 
37. Ертіс өзенін кеше жорыттың.
Түргеш халңын үйңыда бастық.
Түргеш ңағанының әскері
Болшыда Отша, бөріше келді,
Соғыстық.
Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты.
Басшығы боз........
 
38. Екеуін өзі ңүртты,
Сосын тағы кіріп,
Түргеш қағанының әміршісін,
Аз түтыңтың елін алды.
Кағанын сонда өлтірдік,
Елін алдық.
Түргеш халқының бәрі бағынды.
Ол халыңты Табарға ңондырдың.
 
39. Тағы жылжып, соғданы халың етпек боп,
Інжу өзенін кешіп,
Темір ңаңпаға дейін аттандық.
Одан соң бүкіл түргеш халқы жау болды.
Кеңерестерге ңарай барды.
Біздің әскер аты арық, жемі жоқ еді.
Қорқынышты кісілер,
 
40. Алып кісілер бізге шабуыл жасады.
Сол мезетте өкініп,
Күлтегінді шағын қолмен жібердік.
Жойқын соғыс жасапты.
Алып Шалшы аң атқа мініп шауыпты.
Баршасы түргеш халңының
Сол жерде өлім тауыпты.
 
41. Тағы да жылжып,
Кұшы Түтықпен айңасты.
Ерінің бәрін жайқапты,
Үйін, мүлкін
Калдырмай түгел әкепті.
Күлтегіннің жиырма жеті жасында
Карлық халңы еркіндіктен жау болды.
Тамағ шыңында соғыстық.
 
42. Күлтегін сол соғыста
Отыз жаста еді.
Алып Шалшы ақ атқа мініп, шабуылға үмтылды.
Екі ерін найзамен шанышты.
Қарлықтарды қырдың, алдық.
Аз халқы (бізге) жау болды.
Қара көлде соғыстық.
Күлтегін отыз бір жаста еді,
 
43. Алып Шалшы ағын мініп,
Шабуылға үмтылды.
Аздардың ел басшысы түтылды.
Аз халқы сонда жоқ болды.
Ағам қағанның елі
Бүлікшіл болғанда,
Халқы күңшіл, кекшіл болғанда
Ізгіл халқымен соғыстық.
Күлтегін алып Шалшы ағын мініп,
 
44. Шабылуға үмтылды,
Ол ат сонда ңүлады,
Ізгіл халқы қырылды.
Тоғыз оғыз халқы өзіме тән халық еді,
Жер-көктің бүлқан-талқандығынан жау болды;
 
45. Бір жылда бес жолы шайқастық.
Ең ілкі Тоғу кентінде шайңастық.
Күлтегін Азман ағын мініп,
Шабуылға үмтылды.
Алты ерін шанышты,
Шайқаста жетінші ерін қылыштады.
Екінші (рет) Күшлағақта
Едіздермен шайңастың.
Күлтегін Аз қарагерін мініп,
Шабуылға үмтылып,
Бір ерін шанышты,
 
46. Тоғыз ерін куып тақымға басты.
Едіз халқы сонда қырылды,
Үшінші (рет) Бол...да
Оғыздармен соғыстың.
Күлтегін Азман ағын мініп,
Шапты, талқандады.
Әскерін жеңдік,
Елін алдық.
Төртінші (рет)
Чуш үстінде соғыстық.
 
47. Түрк халңының аяғы әлсіреді,
(өзі) жаман қалжырады.
Оза келген жау әскерін
Күлтегін қуып
тоңра руынан шыққан он ерді,
Тоңа тегінді жерлеген жерде қуып жетіп өлтірдік.
Бесінші (рет)
Езгенті
Қадазда
Оғыздармен соғыстық.
 
48. Күлтегін Аз қарагерді мініп шапты.
Екі ерін шанышты,
(Бірақ) қалаға бармады,
Ол әскер сонда қырылды,
Маған қорғанында қыстап жазына
Оғыздарға ңарай әскермен жылжыдың.
Күлтегін бек-бастаушымыз, қүтымыз.
Оғыздардың ордасына кірді.
 
49. Күлтегін Өгсіз ағын мініп,
Тоғыз ерін шанышты.(Бірақ олар)
Орданы бермеді, шешем-ңатын, (онан соңғы аналар)
Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,
 
50. Өзім ңайғырдым.
Тағдырды тәңірі жасар,
Адам баласы бәрі өлгелі туған.
 
51. Қайғырғаным соншама,
Көзге (ыстық) жас келер.
Көңілге ауыр шер келер.
Шексіз қайғырдым,
Қатты қайғырдым:
Екі шад, бүкіл жеткіншектерім(нің),
Үландарым, бектерім, халқым (ның)
Көзі-ңасы әз болар деп қайғырдым
Жылаушы - сықтаушы:
Қытай, татабы халқын бастаған
 
52. Удар Сеңүн келді:
Табғаш ңағанынан Ісиі Лікең келді.
Он мың сый, алтын,
Есепсіз күміс әкелді.
Тибет қағанынан
Бөлен келді.
Арттан — күнбатыстан
Соғда, Бершекер,
Бүхар үлыстарының халқынан —
Нең Сеңүн, Тархан үлы келді.
 
53. Он оқ үлым түргіс қағанынан
Макрач таңбашы
Оғыз білге таңбашы келді.
Кырғыз қағанынан
Тардуш Ынаншы чур келді.
Мазар түрғызуға,
Өрнектеген жазба тасты түрғызуға
Табғаш қағанының зергершісі Чаң-Сеңүн келді.
Күлтегін қой жылы,
он жетінші күні өлді.
Тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік.
Мазарын, ою-өрнегін,
жазба тасын бешін
жылы жетінші айдың жиырма
жетісінде тегіс аяқтадық.
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді.
Тас... көптеген бәдізшілер, тойғүндар, елтеберлер (де) келтірілді.