Плитки и кафель оптом www.tasti.kz.


 Жоғалған жинақтын косымшасы

 

 

1951 жылы Тарих, археология жоне этнология институтыньщ сол кездегі директоры Покровский, партия үйымының хатшысы А. Нү-сіпбеков және кәсіподақ комитетінің торағасы қол қойып, мер басыл-ған қүжатта институт қызметкері Б.А. Аспандияровтың 1947 жылы “Бокей ордасының қүрылуы және оның жойылуы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, 1947-1948 жылдары “Бокей ордасы” атты қүжаттар жинағын қүрастыру мақсатында жүмыс істегендігі туралы айтылған.
 
Куөгерлердің айтуынша 900 беттен асатын жинақ баспаға дайын-далып, иниститутқа откізілген. Бірақ откен ғасырдың 50-ші жалдары-ның басында басталған саяси науқан кезінде Е. Бекмахановты жақта-ғаны үшін Б.А. Аспандияров сталиндік қуғын-сүргінге үшырап, Жи-нақ жарияланбай қалған. Жинақтың қолжазба күйінде Тарих инсти-тутында коптеген жылдар бойы сақтаулы түрғандығын коргендер бар. Бірақ соңғы жылдары Жинақ жоғалып кеткен.
 
Жақында бізге қазақтың алғашқы кәсіпқой тарихшыларының бірі — Білел Аспандияровтың баласы Серік Білөліүлы Аспандияров кезінде әкесі тапқан, бірақ 1950 жылы қүрастырылған “Бөкей ордасы тарихы бойынша қүжаттар жинағына” енбей, үйлерінде қалып кеткен қосым-ша қүжаттарды екеп таныстырды. Қосымша қүжатгармен танысу зерт-тбушінің кезінде Бөкей ордасының тарихына қатысты бүрын белгісіз болып келген көптеген деректерді жинағандығын көрсетеді.
 
Қүжатгар негізінен бүрынғы Қазақ ССР Орталық тарихи мүрағаты-ның /қазіргі ҚР Орталық мемлекеттік мүрағаты — Қ.А./ NN 4, 76, 78 қорларынан алынған. Барлығы 73 қүжаттан түратын қосымшада 1801 жылдың қаңтары мен 1858 жылдың қыркүйегі арасындағы Бокей ор-дасының саяси-әлеуметтік, және экономикалық тарихына қатысты қүнды мәліметтер сақталынған. Оларда: Бокей ордасының ханы Жәңгірдің өр түрлі дәрежедегі орыс шенеуініктерімен, әскери адамдармен жазысқан хаттары; жерді, жайылымдарды пайдалану мәселелері; қазақ-тардың көшіп-қонуы, басқа үлттармен қарым-қатнастары; сауда, алым-салық мәселелері; би-сүлтандардың озбырлығы, адамдар мен мал ба-сының сандары т.б. туралы мәліметтер бар.
 
Қосымша қүжаттарда ерекше орын алатын деректер тобын Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтердың хан мен оның маңында-ғылардың озбырлығына қарсы көтерілісіне қатысты деректер қүрай-ды. Осыларға және де басқа деректерге деректанулық талдау жасау Бөкей ордасы тарихына қатысты шынайылық деңгейі жоғары мәліметтер алуға көмектесері даусыз.
 
31.05.06

Телькожа ЖАНУЗАКОВ, доктор филологических наук, профессор, Главный научный сотрудник Института языкознания имени А. Байтурсынова Национальной Академии наук Республики Казахстан
 
<< К содержанию                                                                                Следующая страница >>