Главная   »   Образование Букеевской орды и ее ликвидация. Билял Аспандияров   »   Логика деген не? Оның зерттейтін мәселелері (1948 ж.)


 Логика деген не? Оның зерттейтін мәселелері (1948 ж.)

 

 

Логика деген сөз гректің “Легос”, “Логос” деген сөздерінен алынган. “Легос” сөйлеу, түсіндіру, “Логос” ақыл ой деген соз. Логика деп дүрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы ғылымды айтамыз. Адам баласының түрмысында дүрыс ойлау күрделі роль атқарады. Адамның ойы дүрыс болу үшін, ол белгілі бір ережелерге, зандарға бағынуға тиісті. Ойлау адамның рухани түрмысының ең жоғарғы формасы.
 
Адамның рухани яки психикалық түрмысының одан басқа да формалары бар: олардың бірі түйсік (ощущение). Түйсік деп біздің сезім мүшелерімізге өсер етуін айтамыз: көру, есту, сезу. Түйсік дүниені танып, білудің бірінші басқышы. Объективтік дүниені танып білу алдымен түйсіктен басталады. Дүниені танып білуді түйсік арқылы ғана деуге болмайды. Бүдан басқа психикалық форма қабылдау (восприятие). Сыртқы дүниенін, адам санасына эсер етуін, санада корінуін, білінуін қабылдау дейміз. Түйсік заттың белгілі бір жағын, қасиетін білдіреді. Ал, қабылдау сол заттың барлық белгілеріне, қасиеттеріне ие үш формалы үғым. Заттың, қүбылыстың негізгі белгілерін көрсететін рухани болмыстың формасын үғым дейміз. Үғым түйсік, қабылдау, елестеулерге қарағанда абстракт келеді. Сағатты қабылдасақ, көрсек, ал сағаттың бағасы десек, бағасы қолмен үстап, көзбен көруге болмайтын абстрактны үғым. Үғым заттың негізгі белгілерін ғана алады. Затты зат етіп түрған белгілерді ғана үғынады.
 
Бүдан басқа бір форма пікір (суждение). Психикалық түрмыста заттардың өзара қатынасын көрсететін формасын пікір дейміз. Пікір заттың болымды, болымсыз қасиеттерін көрсетеді. Пікір бірнеше үғымдардан қүралады. Мысалы: патриотизм — отанды сүю, отанды сүюшілік деген сөйлемде пікір біреу-ақ, үғым бірнешеу. Психикалық болмыстың тагыбір формасы пікір қорыту (умозаключение). Егерде екі не одан көп пікірлерден жаңа пікір шығарсақ, қорытсақ, ол — пікір қорыту деп аталады. Мысалы: барлық металл қызса үлғаяды. Темір де металл. Сондықтан, қызса темір де үлғаяды.
 
Логикада негізінен үғым, пікір, пікір қорыту туралы айтылады, Ойлауды тексеретін психология сияқты басқа да пәндер бар. Психология мен логиканың айырмасы сол: психология дүрыс және бүрыс мінез-қүлық зандарын тексерсе, логика тек дүрыс ойлауды ғана зерттейді. Психология баланың, үлкеннің, данышпанның, есуастың — бәрінің мінез-қүлқын зерттей береді.
 
Логика мен тіл ғылымдарының байланысы бар. Ой мен сөздің айырмасы сол адам ойын білдіру үшін сыртқы жөне іттткі сөздерді қолданады. Белгілі дыбыс я таңба арқылы сөйлеу — сыртқы сөз. Ал, сөйлемей, дыбыстамай ойлау — ішкі сөз. Логика сыртқы сөзді де, ішкі сөзді де зерттемейді. Сөзді тіл ғылымы тексереді. Сөздің номиналдық жөне смыслдық (мазмүндық) функциясы болады. Номинаддық функция — затқа ат беру: ағаш, тас және т.б. Егер сол заттың қасиетін, мазмүнын айту — мазмүндық функциясы болады. Логика бүл функциялардьш зертгемейді. Олай болатын болса, логика ойды, арқылы создер айтылатын ойды зерттейді. Омонимдер, синонимдер арқьшы кететін қателерін тексереді, ойдың түзу қолданылуын зерттейді.
 
Логиканың да бастауыш, баяндауышы болады. Мысалы, барлық металл қызса үлғаяды дегенде логикалық бастауыш — барлық металл, баяндауышы — қызса үлғаяды. Грамматикалық сойлемдерде бастауыш — металл, баяндауыш — үлғаяды.
 
Логиканы оқудың пайдасы зор. Қызметте, жүмыста пікірді дурыс шешу үшін дүрыс ойлау керек. Ойлауды дүрыстау үшін логиканы білу қажет. Логиканың жастарды тәрбиелеуде маңызы зор.
 
20.09.1948 ж.
 
Дүниені білудің екі жолы бар: тікелей, жанама білу. Тікелей білу деп затқа, нәрсеге тікелей қатынас жасай білуді айтады. Жанама білу деп, затпен тікелей байланыс жасамай, бір пікір мен екінші пікірді байланыстырып отырып дәлелдеуді айтады. Тікелей білуге керекті шарттарды материалды шарттар немесе ақиқаттың материалдық критерийі дейміз. Жанама білуді дөлелдеуге керекті шарттарды формальдық шарттар немесе ақиқаттьщ формальдық критерийі дейміз. Логика тікелей білудің шарттарын зерттемейді, жанама білудің шарт-тарын зерттейді, яғни ақиқаттың формальдық критерийің зерттейді. Ақиқаттың формальдық критерийің зерттейтін ғьшым формальдық логика деген атақ алды.
 
Формальдық логика мен формалистік логиканы шатастыруға бол-майды. Формалистік логика — идеализм негізіндегі, багытындағы пікір.
 
Логика біздің заманымыздан бүрынғы бесінші ғасырда Грецияда шықты. Диалектика да сол кезде Грецияда шықты. Диалектиканың негізін философ Гераклит салды. Ол “дүние мәңгі ағуда, мәщі озгеруде, озгермейтін зат жоқ” деді. Ленин бүл қағиданы жоғары бағалады. Гераклит “дүние заңды жолмен жанып, заңды жолмен соніп түратын от” деп есептеді. Гераклиттің пікірі дүниеге материалистік козқарастың бастамасы болды. Диалектика логикадан бүрынырақ шықты. Дүние жоніндегі козқарасты бір калыпқа салу керек болады.
 
Логиканың шығуына түрлі жағдайлар себеп болды. Аристократия мен қүл иеленуші демократияның арасында болтан күресте демократия жеңіп, Грецияда ғылым, мөдениет өріс алады. Алаңда сөз сойлеу, шешендік зор бағаланатын болады. Философтар шешендікті кәсіп ете бастайды. Шешендік — таластарда, диспутгарда қолданылады. Осындай шешендіктің күралы болып диалектика шығады. “Диалего” — өңгі-мелесу. Кейін келе басқа мағынадағы ғылым болды. Бертін келе сол шешеңдіктен туған диалектика логика деп аталады. Айтыстарда созден, ойдан қайшьшық табу үшін тырысатын болады. Бүл б.э. бүрынғы төртінші ғасыр еді. Бүл кезде логика ғылым ретінде пайдаланылмаған.
 
Логиканы ғылым еткен гректің атақты философы — Аристотель. Бүл жағдай Аристотельдің релятивизм мен софизмге қарсы күресімен байланысты болды. Дүниедегі заттардың өзгеруі абсолюттік деп табу — релятивизм, софистер мен мудрецтердің ағымы — софизм деп аталады.
 
Гераклиттің пікірін онін шәкірттері релятивизстік жолда түсінді. Гераклит “ағып жатқан суға екі рет түсуге болмайды” десе, оның шәкірті Кратил “ағып жатқан суға бірде түсуге болмайды” дейді. Кра-тилдің бүл көзқарасы — релятивизм. Релятивизстік көзқарасты дамы-тушы да осы Кратил. Аристотель логиканы дамыта отырып, Кратилдің пікіріне қарсы күресті. Аристотель дүниеде уақытша, салыстырмалы түрақтылық болуы керек, егер болмаса дүниені білуге де, тануға да болмас еді дейді. Аристотельдің логикасы софизмге қарсы күресте де дамыйды. Ертедегі Грецияда шешен сөйлеудің соңына түскен фило-софтар-софистер деп аталады. Олар шешендігіне сүйеніп, ақты қара деп дөлелдеуге тырысады. Бүл жалған логика еді. Бүларға Аристотель қарсы шығады. Олардың жалған логикасын әшкерелейді. Аристотельді Энгельс: “Ескі грек философтарының ішіндегі ең универсалды бас еді” — деп атады.
 
Логика диалектиканың негізінде шықгы. Логиканы ғылым етіп шығарған, ойлаудың ережелері мен системаларын формулалаған Аристотель болды. Логикалық формалар белгілі мазмүндармен байланысты болады деп корсетті. Аристотель логикасы материалистік философия. Аристотель материализм мен идеализм арасында қобалжыға-нымен материалистік жағы басым еді.
 
Логика дамып, озгеріп отырды. Орта ғасырда логика шіркеудің қүралына айналады. Бүл кез шіркеудің оте жоғары үстем түрған кез еді. Барлық ғылым шіркеу маңында болды. Орта ғасырда Аристотель логикасының материалистік жағын алып тастап пайдаланды. Орта ғасырдағы философтар үғымдарды түрге, топқа бөлуді логикаға жаналық етіп қосты. Кейбіреулері силлогизмді дамытты, логикаға бірсыпыра терминдер енгізді.
 
Жаңа ғасырларда орта ғасырлардағы схолостикаға қарсы ағылшын философы Ф.Бэкон шығады. Ол логиканың жаңа саласын дамытады. Аристотель логикасы дедукциялық логика ғана болса, Бэкон индукциялық логика саласын дамытады. “Индукциялық логика жеке фактілерге сүйене отырып, жалпы қорытында жасауды үйретеді. Иңцукциялық әдіс экспериментпен (тэжрибемен) байланысгы” (Бэкон). Ол “Новый органон” деген еңбегінде дедукция мен индукцияны айтьш талдайды. Бэконньщ индукциясыньщ кемістііі сол — бір ғана тәжірибе арқылы индукцияны түсіну жеткіліксіз. Бэконнан кейін логиканы дамытқан Джон Стюард Милль болды. Бірақ, бүл да индукциялық логиканы тек төжірибемен байланысты деп есептеді.
 
Осы кезде Р.Декарт деген философ дедукциялық логиканы дамыта бастайды. Бэкон “ақиқаттың кілтін экспериментген іздеу керек” десе, Декарт “ол кілтті математикалық аргументтерден ізде” дейді. Декарт “Рассуждение о методе” деген еңбегінде “білінбей калатын зат жоқ, бірақ, оны ашудьщ, білудің кілті адамның санасында” дейді. Декарттың идеалистік пікірлері де бар, ол “мен ойлаймын, сондықтан дүниеде жасаймын” дейді. Бүл пікір сынға түсті. Осы сияқгы дамудан өткен логика жаратьшыс зерттеу ғылымының дамуына эсер етеді.
 
Энгельс бүл кез ғылымда метафизикалық көзқарастың үстем болған дәуірі еді деп көрсетті. Өзінің “Анти-Дюринг” деген еңбегінде метафизиканың оріс алуы занды еді дейді. Метафизика табиғат күбылыстарын өзара байланыссыз деп жеке-жеке зерттейді. Сол метафизикалық козқарас формальды логикага негізделеді. Формальдық логика сол кезде пайдалы роль атқарады.
 
Швед ғалымы КЛинней формальдық логикаға сүйене отырып, әсімдік, жануарлар дүниесін топқа боледі. Линнейдің классификациясы қазір көп өзгерді, дегенмен негізгі принциптері әлі де бар. Линнейден бүрын бүл туралы ешкім білмейтін еді. Бірақ, Линнейдің ғылыми зерттеу әдісі — метафизикалық еді. Ол осімдіктер мен жануарлардың түрін қүдай жаратады деген қорытьшды жасайды, дамудың озара байланысты екенін мойындаған жоқ.
 
XIX ғасырда формальдық логика туралы түрлі көзқарастар болды. Неміс философы, идеалист И. Кант формальдық логиканың ережелерін дамытады. “Формальдық логика” деген атгың озі Канттың еңбектерінен шықкан. Бүл шындығьшда формалистік, идеалистік логика еді. Кант “дүние өзіңдік заттарға толған, оны білуге болмайды. Сондықган ойдың формалары реалдық заттарды тексермеуге тиіс, тек мазмүнға байланысты форманы ғана тексереді” деді.
 
Канттан кейін логика туралы пікір айтқан Г. Гегель болды. Ол Канттың логикасының формальдық жағын сынайды. Дегенмен ол, логиканың Аристотельден бері келе жатқан прогрессивті жағын коре алмайды. Гегель спекуляциялық ақыл ойды (нақтылы түрмысқа қарсы философия) қостаған адам. Ол нақты реалдық дүниеге байланысты ойды мойындамайды. Гегель формальдық логиканы мойындамай, диалектикалық логика болуға тиісті дейді. Бірақ, Гегель диалектикасы Маркс диалектикасынан басқаша. Гегель дамуды абсолюттік идеяға әкеліп соғады. Логиканың ережелері практикамен, түрмыспен байла-нысты болады. Тарихта логикалық түрлі ағымдар болды: матема-тикалық, психологиялық, информатикалық т.б. XIX—XX ғасырлар кезіңде идеалистік философияньщ реакциялық, мистикалық, діни жағы күшейеді. Э.Гуссерль, Х.3игварт, Б.Рассел жөне т.б. идеалистер тағы логика жасау керек, логикалық ережелер материямен байланысты болмайды дейді.
 
Б.Рассел: “Мен нағыз математик болғандықтан логикадағы ешбір реалдық нәрсенің барлығын айтуға тиісті емеспін” деп соқты. Зигварт: “Біздің жасайтын қорытындыларымыздың дүрыс болуының шарты — сенім” дейді. Қазіргі АҚШ-тағы философтар Р.Карнап: “Қүн, жүмыссыздық, дағдарыс дегендер түрмыста жоқ, айтылмай жүрген үғым” деп, Зигварт, Расселдердің пікірінен шыға алмай отыр.
 
Диалектикалық материалистік логиканы дамытқан К.Маркс, Ф.Энгельс. Табиғатпен байланыстыра отырып дамытқаң марксизм классиктері болды. Бүл метафизикаға бүтіндей қарсы көзқарас. Формальдық логика метафизикаға байланысты деп, оны да жоюға болмайды.
 
Диалектикалық әдіс метафизикаға қарсы болғанмен формальдық логикаға қарсы емес. Бір нәрсені зерттеудің алғашқы сатысында үғым-дарды түсініп, белгілі бір жүйеге салу үшін формальдық логиканың ережелерін қолданамыз. Қүбылысты зерттеу үшін диалектикалық логика керек. Энгельс: “формальдық логика арифметика, диалектикалық логика жоғарғы математика сияқты”, — деп түсіндіреді.
 
Басқа ғьшымдар сияқгы формальдық логикада тап, партия идеясы да болады. Формальдық логиканың жастарды тәрбиелеуде маңызы зор.
 
<< К содержанию                                                                                Следующая страница >>