http://www.medic-nadegda.ru/ контакты круглосуточная стоматология.


 Біләл Аспандияров туралы бірер соз

(Слово о Биляле Аспандиярове)

 

 

Кешегі тоталитарлық өктем саясаттың суық лебінің ызғары қайтпай түрған дәуірде қызмет жасаған қазақ зиялыларының бірі Біләл Аспандияров еді.
 
Егер де біз Біләлдің ғүмыр жолына терең үңіле қарасақ, осы бір ардақты азаматтың XIX—XX ғасыр басындағы қазақтың алып ой иеле-рінің иедясын үстанып, одан әрі терендете түскен асылдардың түяғы екенін сеземіз. Қазақ зиялы қауымының ағартушылық іс-әрекетінің сахарада іске асуына, оны дәріптеп, ғүмырын осы жолға арнаған Б.Ас-пандияров халық ағарту саласында үлкен із қалдырған ардақты үстаз болды.
 
Ы.Алтынсарин ашқан қасиетті мектептен түлеп үшқан. Алаштың асылдары салған сүрлеуден өз жолын тапқан Біләлдің өмірлік мисси-ясы да халқына білім нөрін жеткізу болды. Білөлдің ғүмырының тең жартысы халық ағарту салаларын үйымдастыру мен басқару жүмыста-рына кетті. Халықтың неге мүқтаж, неге зәру екенін көзімен көріп, көкірегіне түйген Біләл жаңа мектептер үйымдастырып, қараңғыда қарманған халқына жарықты көрсетуші ретінде баға жетпес еңбек ат-қарған қайраткерлердің бірі болды. Қазақстанның даму жолын сара-лап, көптеген материалдар жинады. Кейіннен ғылыми қызметке ауыс-қан кезде осы материалдар оның ғылыми жүмыстарының арқауына айналғаны анық.
 
Жас кезінде халық бүқарасымен тығыз қатынаста жүмыс істеген Біләл халқына ең қажетті деген нәрселерді тап басьш, соған орай қалам сілтеп, қызмет еткен. Бүл азаматтың ешқандай мансапты ойламай, ғүмырын тек халқының жарқын болашағына арнаған асқақ биік түлға-ның шынайы бейнесі еді. Азаттық жолында арпалысқан, қазағым деп күңіренген есіл ерлердің соңындағы көзіндей болған Біләл сол ағала-рьшьщ асыл арманын өзінің бойтүмарыңдай, ішкі жан-дүниесінде аялай сақтады. Тар қапаста түншыққан асылдардың ақниет үні мен тілегі олардың соңында қалған.
 
Кешегі Сталиндік репрессия науқаньщда қазақтың алдыңғы қатарлы озық ой иелерін жоқ қылған Кеңестік саясат 1950 жылдары қайтадан қаһарына мініп, үлт интеллигенциясының соңына шам алып түскені баршаға аян. Осы бір кезенде империялық Орталық неліктен елден ерекше Қазақстанға шүйілді деген заңды сүрақта туады. Оның себебі қазақ ғалымдарының ерекше ғьщыми белсенділігінің күрт өсуі еді. Сондықтан да Орталықтьщ негізгі айыптау объектісі Қазақтьщ Ғьшым академиясы болды. Жазалау шаралары негізінен осы киелі шаңыраққа бағытталды.
 
Бүл кезде ҚҒА-сында қазақ ғылымының көрнекті қайраткерлері Қ.Сөтбаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Е.Ис-маилов, Б.Кенжебаев, Қ.Жүмалиев, АЖүбанов. Б.Аспандияров сын-ды және т.б. ғалымдар қызмет атқарып жатқан еді. Міне осы ғалым-дардың ғылыми еңбектері мен батыл іс-әрекеттері Орталық тарапы-нан күдік туғызып, шошына қарауына эсер етті.
 
Үкіметтің жазалаушы органдары тарапынан қуғынға үшыраған ғалымдардың алды “Халық жауы” деп айыпталып, қалғандары ең аз дегенде қызметтен шеттетілді.
 
Орталық әсіресе, Ермүхан Бекмахановтың Кенесары Қасымов бас-таган үлт-азаттық көтеріліс жөніндегі ғылыми еңбегіне айрықша шүй-ілді. Үкімет органдары “үлтшыл-буржуазияшыл концепция” қоғамға жат, қауіпті деп тапқан бүл еңбек қоғамдық омірдегі саяси тартыстың қайнар козіне айналды. Бүкіл Одақ ғалымдарының назарын аударған осынау ғылыми зерттеу тіпті Мөскеудегі Ғьшым академиясьшда қарала-ды. Бір окініштісі, жергілікті ғалымдар “феодацдық, монархиялық, үлтшылдық қозғалыс” деп айдар тағып, жала жапқан бүл еңбекке Мөскеу ғалымдары, атап айтқанда корнекті ғалымдар Б.Д.Греков, М.Дружинин, С.В.Бахрушин, М.Л.Вяткин, А.П.Кучкин, С.В.Юшков жэне Панкратьевалар он, баға берді. Сөйтіп қазақ ғалымдарын ынты-мақтаса шығармашьшықпен жүмыс істеуге және оларды ғылыми та-лас-тартыста бірін-бірі саяси айыптаулардан аулақ болуға шақырған. Алайда соңына үлтшыл деген қоңырау ілінген Бекмахановты 25 жы-лға соттап барып қана бүл мөселе шешімін тапқандай болып еді.
 
Осы бір талас-тартыс кезінде көптеген қазақ ғалымдары өздерінің шын мәнінде қаншалықты қайраткерлік дәрежеде екенін көрсетіп берді. Ермүқан Бекмахановты қорғап, қолдаған азаматтар қатарында, әсіресе Біләл Аспандияров ерекше көзге түсті. Өткір ойлы, шапшаң мінезді, тілге шешен Біләл осы талас-тартыс женіндегі барлық мәжі-лістерде елдің алдында болды. Бекмахановты қорғап сойлеген создері сол кезендегі саяси пікір шеңберінен шығып кетіп жатты. Біләлдің өрбір созі мен дәлелінде көптеген ғалымдар үшін үмыт бола бастаған үлттық рух жаңғырып, саналарын шарпып откендей болды. Сол кездегі коптеген ғалымдар мен қоғам, мемлекет қайраткерлері Біләл Аспандияров Ермүқан Бекмахановты қызметтесі ретінде қорғады десе, олар қателеседі.
 
Біләлдің Ермүқанды қорғауы Қазақ тарихын қорғауы, Біләлдің Ермүқанды қорғағаны-қазақтың асыл перзенттерінің бірі Кенесары сүлтанға кеңестік тарихшьшар жақпақ болған қара күйе, жалаға қарсы түруы еді… никто из говорящих не ставил и не ставит вопрос о том, какое было бы зло в том случае, если бы Казахстан каким-то чудом превратился в тот период в самостоятельное государство. Это абсурд, но я просто сознательно допускаю. Мы должны рассуждат… Что бы тогда случилось? Зло бы это было или не зло? Можете ответить? Нет, товарищи, тут возможны два ответа: либо-да, либо-нет (смех)… Если создание самостоятельного государства является злом, тогда нелзья ставить вообще вопрос о самостоятельном развитии народностей.
 
Міне, бүл сөздер Б.Аспандияровтың аузынан сол талас-тартыс мін-бесінде айтылған. Біләлдің осы создерінде қандай астар, қандай ой жатқанын коріп отырмыз. Сол жылдары бүлай деп сойлемек түгіл, ойлауға қорқатын заманда Білөл создері ашық күнке түскен жай оғын-дай болды. Бекмахановтың жанын шүберекке түйіп жазған ғылыми еңбегін Аспандияровтың жаны шырқырай шырылдап қорғауы — оның қазақ тарихының ертеңін қорғауы еді. Бекмаханов пен Аспандияров Қазақстан тарих ғылымына жаңа козқарас қалыптастырушылар мекгебін осы талас-тартыс үстінде қүрып кетті. Бірақ бүл мектеп өкілдерінің үні 80-жылдардың аяғында ғана анық шыға бастады. Осы бір талас-тартыс үстінде, Кеңестік империяның жендет қылышы қыл мойынға тоніп түрса да, Біләл Аспандияров озінің адамгершілік, қасиеттерін корсете білді.
 
Саясаттың салқьшынан қорғанбай, жиналған ғалымдар мен үкімет адамдары алдында біреулер үшін қорқынышты, енді біреу үшін сағы-нышты тәуелсіздік деген сөзді тайсалмай тайға таңба басқандай етіп айтып, жүрттың санасындағы үлттық рухты мәжіліс бойы қайта-қай-та жаңЕыртумен болды. Бекмаханов пен Қазақ тарихьш бар жан-төнімен, бар білімімен, бар дөлел, бар амалымен қызғыштай қорғаған Аспандияров озінің принципшіл, батыл, үлжанды қайраткер ретіндегі азамат-тық талғамының биіктігін көрсетті.
 
Жоғарьща айтқандай, Бекмаханов пен Аспандияров Қазақстан та-рихына жаңа козқарастың қалыптасуының кош бастаушылары дедік. Егер дәл сол кезде қоғамдық пікірді шектемей, ғылыми ойлауға шек қойылу болмағанда осы екі қайраткердің, басқа да тарихшылардың және аға буын тарихшылардың еңбектері жүртына танылып, талай арыс елімен қауышар еді. Сол олқылықтарды бүгінгі тандағы тарих-шылардың толтыруына бүйырыпты. Бекмаханов Кенесарының саяси түлғасын оз еңбегіне арқау етсе, Аспандияровтың ғылыми еңбегіне Бокей ордасы негіз болған екен.
 
Тек Махамбет өлендеріне байланысты бір жақты баға беріліп кел-ген Жәңгір ханның саяси-қоғамдық омірдегі ерекше орнын Біләл осы-дан 50 жыл бүрын корсетіп кеткен. Жөңгір ханның Бокей ордасын-дағы ағартушылық, мәдени, экономика саласында үлкен озгерістер жасаған реформатор, прогрессивті қайраткер екенін дәлелдеген. Ас-пандияровтың “Қазақтың үш жүзінің қүрылуы” деген ғылыми еңбегі кезінде атгестациялаудан отпей қалған екен. Жоғарыда айтьшған ғылы-ми еңбегі қорғалғанмен, баспасозге жіберілмепті. Басқа да қазақ тари-хына байланысты көптеген ғылыми еңбектері баспасозге емес, мүра-ғатқа қарай аттанған екен. Бүл түсінікті де, жергілікті үкімет орган-дарына бүкіл Одақты шулатқан “Бекмаханов ісінің” таға да қайтала-нуы қажет емес еді. Аспандияров еңбектерін оқыған адам тек қазақ-тың үлттық тарихын, қазақ халқының этнологиялық қүрамын, оның үлттық мүдцесі мен үлттық аумағының геосаяси ерекшеліктерін кореді. Ал бүндай еңбек “Бекмаханов ісінің” кейін қоғамдық омірдің ортасы-на тастаған жарылғыш затпен пара-пар еді.
 
Б.Аспандияровтың “Бокей Ордасының қүрылуы мен таратылуы” атты ғылыми еңбегінің қолжазбасы 1947 жылы жазылса да, қазіргі тандағы тарихшылар мен оқырмандар үшін қүнын жоғалтпаған дүние. Қолжазбада қарастырылған проблеманың ғылыми негізділігі, обьективтілігі жоғары дәрежелі болғандықтан бүл оте сирек кездесетін ғылыми еңбек. Заманньщ ызғарына қарамастан ғалым ғылыми еңбектің терең маңызын ашып берген.
 
Б.Аспандияровтың ғылыми еңбектерінің ерекшеліктері — ғьшыми деректер мен қазақтьщ мәдени-әдеби мүраларьш байланыстыра отырып, қүнды ғылыми түжырымдар үсынған. Аспандияровтың гылыми ойлары қазақ тілі төңірегінен өрбіп жатқанын “Некоторые сведения о местах обитания казахов в древности” аггы гылыми мақаласында анық байқ-алады. Аспандияров қазақ тілінің ерте дөуірдегі даму ерекшеліктерін, қазақ тіліндегі мақал-мөтелдерінің тарихи қүрылымын анық көрсетеді. Қандай термин қай тілде болса да адамзат қоғамының ерте тырихымен байланысын жете түсіну арқылы тарихтың бірқатар проблемаларын қарастыруға болады дейді. Осындай тарихи терең тамыры бар тілдер қатарына қазақ тілін де жатқызуга болады. Қазақ халқының көшпелі түрмысына байланысты қазақ тілі өзгеріске мейлінше аз үшыраған және көптеген архаикалық элементтерін сақтап қалған.
 
Аспандияровтың айтуынша — қазақ тілінде көптеген жеке сөздер мен сөз оралымдарының тарихи маңызы бар. Мысалы, қазақ тіліндегі “ант” сөзі кездеседі. Ал бүл сөздің түсіндірмесін біз не араб, не парсы тілінен де таба алмаймыз. Ал бүл сөз тек VII ғасырға дейінгі мәлімет-терде, шыгыс славян тайпаларының қүрамында кездеседі дейді Аспандияров. Сонда “ант” термині қазақ тілінің лексикалық қүрамьша қалай, қайдан енген? Бүл сүрақтың жауабы өте қарапайым — қазақтар “ант” тайпаларын білген және қарым-қатынаста болған. Қазақ халқының тіліндегі “Ант үрсын”, “ант үрған” атты қарғыстар, негізінде, жауын-герге ант тайпалары алдындағы қорқыныиітан туған секілді дейді. Ас-пандияровтың бүл пікірлері өте қүнды ғылыми ойлар. “Ант” сөзінің шығу тарихын терең талдай отырып, қазақ тіліне енген жеке термин-дерді зерттеу арқылы, қазақ халқының еуропа елдеріндегі халықтар-мен байланысына жаңа ғылыми сипат беріп отыр. Аспандияров жеке мақалдарға гылыми талдау жасай отырып, мақалдардың шығу тарихын, маңызын, лингвистикалық ерекшеліктерін ғана корсетпей, оның қазақ халқының географиялық-этникалы кеңістігіне байланысын да корсетіп берді. Мысалы:
 
Еніп кеттім еміске,
Қойным толды жеміске —
 
деген қазақтардьщ соз тіркесі кейбір неміс тайпаларын білуі мен қарым-қатынасының болғаны дейді.
 
Барған жерің Балқан тау,
Ол да біздің көрген тау.
 
немесе:
 
Қызынды бер Қырымға,
Үлыңды жібер Румға.
 
Бүл жерде қазақ тайпаларының ерте ғасырларды Еуропа елдерімен байланысы болғанын кореміз. Аспандияровтың осы ғылыми мақала сыңда “қазақ” этнонимі мен “Қазақия” атауына біршама талдау жаса-лып, бүл атаулардың шығу кезеңі X ғасыр деген түжырым үсыныла-ды. Аспандияров өз түжырымына ғылыми талдау жасау арқылы, на-қты ғылыми дәлелдер келтіре отырып келген.
 
“Критические заметки по вопросу о происхождение наименования казахов” атты ғылыми мақаласында Б.Аспандияров өзіне дейін осы бағьпта ғылыми ізденіс жасаған ғалымдар еңбеііне талдау жасай отырып (Фишер, Левшин, Вельяминов-Зернов, Раддов, Бартольд, Вяткин, Берн-штам, Әділгереев, Шахматов) “қазақ” этңонимі хақында өз ойын біл-діреді. Аспандияров ғылыми мақаласында бүл ғалымдардың еңбегіне терең талдау жасаған. Олардын еңбектерінің, ғылыми түжырымдарының кейбір қате түстарын тауып, оған дәлелді ғылыми ойын білдірген. Сонымен қатар автор “қазақ” этнонимі жөнінде өз көзқарасын үсьшған. Автор “қазақ” сөзі туралы бірінші тарихи мәлімет берген Константин Порфирородной шығармасы екендігін дәлелдей отырып (X т.), ондағы мөліметгерге ғылыми талдау жасау арқылы “қазақ” атауына терең тылы-ми көз жібереді. КПорфирородной еңбеіінде (вьппе Зихии лежит земля, называемая Касахия” деген мәлімет бар. Бүл мөлімет негізінен Азов теңізінің оңтүстігінде Хазар патшалығына байланысты берілген дейді. “Қазақ” та, “хазар” да бір тамырдан шыққан терминдер, олар адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде пайда болтан дейді. Аспандияров бүл екі халық атауының шыту тегін осы халықтардың кәсібіне-жер қазу жүмыстарына байланыстыртан. Көшпелі тайпалар өздерінің кәсібіне байланысты-далалы жерлерде үңгірлі мекендер, көш жолдарында қү-дықтар қазтан дейді. “Қазар, қазақ” — атаулары — “қазу” сөзінен шытып, отан “ар”, “ақ” жүрнақтары жалгантан дейді.
 
Сонымен қатар, “қазақ” атауы түркі тілдес немесе түркі тілдес емес кейбір жеке тайпалардың ескі атауы болуы мүмкін, тек олар “Қазақия” даласын мекендеген тайпалар болтан дейді.
 
Б.Аспандияров өзінің бүл гылыми мақаласында текжалаң факті-лерді місе түтпай, тылымдаты әлі күнге дейін дау-дамай тутызып келе жатқан осы мәселеге тек өзінің тылыми көзқарасы түртысында, сындар-лы да дөлелді тьшыми ой үсынтан. “Заканчивая краткое обозрение высказываний ряда историков по вопросу о происхождении наименования казахов, следует сказать, что изучение данной проблемы до сих пор не поставлено на строго научные рельсы. Только этим можно объяснить то, что в исследовательской работе по этому вопросу нет единного, правильного направления, наборот, допускаются разноречивые, ненаучные и даже реакционные теории. Это обязывает нас историков, незамедлительно организовать свои силы на основе правильной поставки данного вопроса для глубокого научного изучения и теоретического освещения его, чтобы разрешить стоящую перед нами задачу.
 
Это наш долг, и мы должны выполнить его”. Аспандияров оз ойын айта отырып, қазақ тарихын зерттеудегі кезек күтірмес міндетгерді кешіктірмей қолға алуды, шешуді үсынып отыр. Қазақ тарихын жалаң факгілермен үстап отырған кейбір тарихшыларға, олардың қазақ тарихы хақындағы біржақты идеясына үлкен соққы берді. Ғылыми ойды тіз-гіндеген саяси биліктен қаймықпай, өз ойын ашық білдірген Аспандияров қазақ халқының шығуы, қалыптасуы мен “қазақ” этнонимін толық зерттеу жүмысына, оның нақты ғылыми талданып, дәлелденуі үтттін жүмыс істеу — қазақ тарихшыларының міндеті екенін ашық айтады.
 
Көрнекті қоғам қайражер Олжас Сүлейменов XX ғасырдьщ бірінші жартыбьщдағы қазақ интеллигенциясьшың түтас бір буынының қалып-тасуын, олардың өкілдерінің ғылымға деген, туған халқының өткені мен келешегіне, халқына деген көзқарастарының үлы қызығушылығы туралы айта келіп, сол азаматтардың есімдерін жарыққа шығуын тездетуді үсынады.
 
— “Жизнь Биляла Аспандиярова, человека широкого диапазона научных интересов, наверное, очень точно отражает знаковость его неординарной судьбы, отсвет удивительного и в то же время полного драматизма времени”, — дейді О.Сүлейменов Б.Аспандияров хақында.
 
О.Сүлейменов Білөлдің өмірлік миссиясын оның жолдастарының біріне жазған хат жолдарынан көрсетеді: “Из-за гонений, устроенных мне, очутился в местности Бестюбе. И здесь не дают покоя. Все можно пережить, лишь бы дали возможность учить детей...”
 
БІЛӨЛ Аспандияров өзінің ғьшыми-көпшілік еңбектеріне негізінен үлтгық тарихты арқау ете отырып, шын мөнінде үстаздарының қызметін жалғастыра берді. Үлттық рухтың үзілмеуін, үрпақтың өткен күндері үмытпай, келешек күрестерге дайын болуын жан-дүниесімен қалады. Оның бүл ізгі ниеті өрбір ісінен, сөзінен көрініс тауып жатты. Өзінен кейінгі жас тарихшыларға арнаған мына сөзі осы ойының кепілі:
 
“У меня единственное желание, чтобы мы едиными общими усилиями очистили историю казахов от того мусора, которым она загромождена. Призываю вас всех объективно, без вкладывания героического темперамента, серьезно, хладнокровно обсудить эту проблему. Давайте общими усилиями разрешим этот запутанный вопрос”.
 
Міне, Білөлдай ардақты түлғаның жастарға берген батасы бүгінгі күндегі елдіктің, ерліктің корінісіне айналып отыр. Біләл Аспандияров сол жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдегі талат-тартыстардың себептері мен шындығын да қағаз бетіне қалдырып кеткен азамат. “Надо со всей прямотой признать (подчеркнуто мною — Б.А.), что последние годы наши ученые не проявляет должного интереса к вопросам истории: теоретические вопросы обходятся молчанием. Из-за болезни пасть в формализм, из-за перестраховки. Возложив на кого-нибудь часть каким-либо иным способом, они стремятся уменьшить или снять с себя ответственность, застраховать себя от каких-либо нежелательных последствий. А это, в свою очередь, свидетельствует об их научной несостоятельности”.
 
Б.Аспандияров Ы.Алтынсарин мен Л.Толстойдың әдептілік (нравственный) педагогикасының өкілі болды. Оның әдептілік жэне аза-маттық позициясының негізі — эр адам ар-ұждан, үят, намыс, міндет, кәсіпқойлық секілді қасиеттерді өз бойына сіңіріп, еш уақытга қүбыл-малы болмауы керек дейді.
 
Тірлігінде халқының тарихының бүрмалауына төзбей, батыл үн қатқан азаматтың артында қалдырған ғылыми еңбектері әлі де болса жарық көрмей жатыр. Қазақ халқының шығуы, қалыптасуы және “қазақ” этнониміне терең үңіліп, халқының түп-тамырын зерттеген Біләл елімен бірге жаңа ғасырда да бірге болып, мүрасы жүрттың рухани азығына айналып, әр қазақтың үйіндегі кітап сөресінен орын алса, оның ардақты есімінің қазақ тарихында мәңгі өшпестей айшық-ты жазылғанының кепілі болмақ.
 
Эдиге ВАЛИХАНОВ, зав. отделом истории Казахстана нового времени и исторической демографии Института истории и этнологии им. Ч. Валиханова, кандидат исторических наук
 
<< К содержанию                                                                                Следующая страница >>