Как произвести монтаж пожарной сигнализации sovaguard.ru/montazh-signalizacii/.


 Өткен күндер естелігінен (1957 ж.)

(Из воспоминаний прошлых дней. Заметки педагога)

 

 

Тап қазіргідей есімде: еліміз дүниежүзілік соғыс пен азамат соғы-сының салдарынан күйзеліске үшырап, 1920-1922 жылдардағы ашар-шылықтың тауқыметін тартып жатқанды.
 
Ал халық ағарту ісі еліміздің экономикалық жағдайымен тікелей байланысты болатын. Қаржы мен кадрлардың жетіспегендігінен бар мектептің өзі жабылып жатты.
 
Жолдастар, бауырлар, көмектесіңцер, қүтқарындар! — деп жазды сол кезде қарт мүғалімдердің бірі, — “Народное просвещение” журна-лына — мектеп жоғалып барады, қазір ескісін де, жаңасын да, таппай отырмыз. Мен 20 жылдан бері мүғалім болып істеймін. Бірақ дәл қазіргі жағдайды түсіне алмай отырмын. Осы біз халықты білімді еткенде ғана болашағымызды жасамаймыз ба! Сауатсыз халық бізге не демек?
 
Әсіресе 1921 жылдың екінші жартысы мен 1922 жыл түгелімен қауіпті болды. Ағарту мекемелерінің көпшілігі мемлекеттік бюджет-тен шығарылып, жергілікті бюджетке берілді. “Осының салдарынан мектептерді өте қысқартып жіберуге тура келді. Мектеп өлімші халге үшырап отыр”, — деп жазды Халық ағарту ісі комиссары Луначарский жолдас.
 
Ағарту мекемелерінің саны қүлдырап кеми бастады. Көптеген жерлерде мүғалімдер ашаршылыққа үшырап, ел арасында сасу-абыр-жу көбейе бастады. Жеке меншік мектептер ашу керек деген нэпман-шыл үсыныстар жауды. Ақы төлеп оқыту жөнінде пікір айтушылар көбейді.
 
Біздің еліміз 1923 жылдың өзінде-ақ мөдени революция жасауға кірісіп, жалпыға бірдей білім беруді енгізуге дайындық жүргізе бастады. Келесі жылы ағарту ісінің материалдық базасы недәуір кеңейтіліп, мүғалімдердің еңбек ақысы екі, тіпті үш есеге дейін кобейтілді. Орта-лық жергілікті жерлерге үйымшылдықпен, жоспарлы түрде басшы-лық ете бастады.
 
Барлық елдердің мүғалімдер жүртшылығына арнап декларация қабылдаған бірінші Бүкілроссиялық мүғалімдер съезі көптеген пайда берді. Съезд мүғалімнің рөлі ерекше екенін атап корсетті.
 
Съезд еліміздің экономикасының еркендеуімен байланысты мектептерді материалдық жағынан жақсы жабдықтауға мүмкіндік туып отырғанын мектептердің жүмыс істеуіне мүлде жаңа перспективалар жасалып отырғанын атап корсетіп, айқын түжырымдады.
 
Бүл жылдарда менің Қазақстанда халық ағарту ісін үйымдасты-руға қатысуыма тура келді. Онда білімді адамдар тіпті аз болатын. Бүлар ең алдымен халық ағарту системасына жіберілді. Солардың бірі болып 1925 жылы мен Алматыға келдім. Бүл кезде үлттар дербестік қүра бастаған-ды. Жеке республика болумен байланысты бүкіл Түркстан өлкесі Қазақстанға келіп қосылды. Оның қүрамына қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Талдықорған об-лыстарының территориясы кіретін-ді. Жаңада тағайындалған облыс-тық халық ағарту бөлімдерінің басқа меңгерушілері сияқты, менің де жүмысты жаңаша үйымдастыруыма тура келді. Бүған дейін мен мүғалімдік қызмет атқарып, үйымдастыру жүмысына аздап төселе бас-таган едім. Алайда Қостанайда педагогикалық техникум үйымдастыр-ғанын Жетісу бойында халық ағарту ісін жолға қоюдан әлдеқайда жеңіл екендігі бірден мәлім болды. Оның себебі, Торғай облысы орыс мөдениетінің күшті ықпалында отырғандықтан өмірге көбірек икемді еді де белгілі мөлшерде оқытушы кадрлары мен оқушылары да болатын. Тіпті оқытушыларын басқа жерлерден шақырып алуға тура кел-ген Алматының өзінде ағарту институты мен техникумда оқуды үйым-дастыру оңайға түспеді.
 
Міне, еңді мен Жетісу бойына келіп, бастауыш білім беру ісімен тағы да кездесіп отырмын.
 
Сонымен қатар қалаларда үлгі-тәжірибе мектептері мен мектеп-тен тысқары білім беретін ликбездер ашылды.
 
Біз өзімізге әрдайым “неден бастасақ екен?”, “не істесек екен?” деген сүрақ қойып отырдық. Біздің қолымызда ешқандай үлгі не жоба болмады. Бүл түсінікті де.
 
Өз өмірімде менің екі рет атқа мініп алыс жол жүруіме тура келді. Мүның бірі — 1904 жылы бір кезде Ыбрай Алтынсарин ашқан Қоста-найдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін бітіріп, Торғайдың соғыс губернаторы Ломочевскийге бардым. Од кезде әрбір облыста оқушы-ларға стипендия'түрінде толенетін қаржы фондысы болатын. Оған губернатор қожалық жүргізетін. Ата-анасы кедей*балалар осы стипен-дияны алуға рүқсат берілгенде ғана оқуға түсе алатын. Бірақ мүндай жәрдемді алу үшін қандай азапқа түсіп, қаншама жалбарыну керек еді? Қостанайда отырып жазып, мүғалімім Григорьев түзетіп берген, қалтама салып мәпелеп әкелген арызымда не жазылғаны әлі күні есімде. Қаншама жалынғанмен стипендия ала алмадым. Сондықтан да Қазан-дағы мүғалімдер семинариясына түсуіме мүмкіндік болмады. Кейін, көп азап шегіп жүріп, Орынбордағы мүғалімдер мектебіне түсіп оқуға жөне стипендия алуға право алдым.
 
Бүдан жиырма жыл откен соң екінші рет жолға шықтым. Бүл жолы мәдениет орталығына емес, алыс ауылға Балқаш оңіріне, мүлде басқа мақсатпен баруыма тура келді. Өткенде өзім оқу сүрап барсам, енді облыстық советгің өқілі ретінде болашақ оқушыларымды оқуға тартып, оларды адам қатарына қосу ниетін көздеген едім.
 
Өмірдегі осы бір өзгешелік, советтік мемлекетіміздің аз үлттар-дың мүқтажына деген аталық қамқорлығы менің, қазақ мүғалімінің жүрегінде асқан жылылық сезім орнатқан еді. Біз, облыстық халық ағарту бөлімінің қызметкерлері Топар, Қараой, Бозой, Асы, Қарқара мал жайылымдарын, тау қойнауын аралап жүріп оқушылар жинадық, сауатты адамдар іздедік. Мүның қаншалықты қиын болғандығын ол кезде республикамыздағы сауатты адамдардың 1—1,5% болғандығы-нан-ақ көруге болады. Олардың өзі қалалар мен ірі селоларда ғана түратын еді.
 
Жүмыстың қиындығына қарамастан біз Дегерес, Қара Қастек, Күрті өзені бойынан бірнеше түңғыш мектептер аштық. Еңбегіміз жанды, мандай теріміз ақталды. Ашылған мектептерге ондаған километр жерден оқушылар атпен келіп, сабаққа үзбей қатынасып түрды. Бүлардың көпшілігі кейін алғыс айтып, хат жазып түратын болды.
 
Жоғарыда елімізде үлгі-тәжірибе мектептерінің ашыла бастаға-нын ескертіп кеттік. Мүндай мектеп Алматыдан да ашылды. Қазақ ССР-нің қүрамына Жетісудың қосылуымен байланысты бүл мектешің бюджеті көбейтіліп, кадрлары да недеуір нығайтылды.
 
Үлгі-тәжірибе мектептері революциядан бүрында болатын. Олар көбінше мүғалімдер семинарияларының, интернатгардьщ, мектептердің және педагогикалық курстардың жанынан ашылатын да осы оқу орын-дарыңда оқушылардың педагогикалық практика жургізуіне пайдала-ньшатын. Олар кейде практикалық мектептер деп те аталатын.
 
Сондықтан үлгі-тәжірибе мекгептері педагогикалық біліммен қару-ландыру, педагогикалық процестің методтарын жасап, оны үйымдас-тыру міндетін атқарды.
 
Үлт мектептерінің жағдайы бүдан да нашар болатын. Рас, село-лык; жерлерді шарлап жүріп, біз екі жүзден аса халық мүғалімдерін тауып алдық. Бірақ бүлардың өздерін де оқыту керек еді. Олардың көпшілігі жөндеп қол қоя да білмейтін. Алайда селодағы тірек пен сүйеніш те, алғашқы оқушылар мен қазақ жастарын оқуға тартып, олардың білімге деген талабын оятқан да солар болды. Олар жыл сайын, халық мүғалімдерін даярлайтын екі айлық курстарға қатысып, прак-тикада көрінген жаңалықтармен және үлгі-төжірибе мектептерінің жетістіктерімен танысып отырды.
 
Уақыт өтіп жатты. Көпке дейін мүғалімдеріміз оқыту методика-сын меңгере алмай түрді. Оқыту жүмысы көрнекілікті керек ете бас-тады. Ая олар бізде атымен жоқ-ты. Әліппе оқулықтар болмады.
 
Бәрінен де қазақ мектептері көп қиындық көрді. Ол баяу қалып-тасып, қателер де жіберіп отырды. Қазақ мектептерінің көптеген мүғалімдері тек ескі араб жазуын ғана білетін. Қазақ тілінде реформа жасалып, ескі араб таңбасының жаңа араб таңбасымен, одан кейін латын таңбасымен ауыстырылуы мектептерді жүмысты басынан бас-тауға, ал мүғалімдерді әліппені оқытудың методикасьш іздеуге мәжбүр етті. Оқулық пен көрнекі қүралдар шығарып үлгіру қиын болды. Оның үстіне, көптеген мектеп жабдықтары мен оқу қүралдары жетіс-педі. Бүл кезде политехникалық білім беруді ойлаудың өзіне мүмкіндік жоқ-ты.
 
Мастерскойда мен еңбекке төрбиелеу методы өте сирек кездесетін.
 
Оқушылар жүртшылығын оқытып, тәрбиелеудің жаңа жолдары іздестіріле берді. Бүл кезде коллективтік бақьшау, экскурсия, озара тексеру жүргізу, әңгіме откізіп, баяндама жасау, лекция оқу жөне басқа әдістер кеңінен epic алды.
 
Содан бері ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт ішінде адам бейнесі, заман бейнесі қаншама озгеріп кетті. Ол кезде 35 мыңға жуық халқы бар Алматыда адамдар бірін-бірі жүзінен танитын. Онда бар болғаны балшықтан салынған ауылшаруашылық техникумы мен КазПИ-дің үйлері ғана көзге корінетін. Бүлардан басқа не бар еді, бізде? Біз ол кезде Үкімет үйі мен почтамптың болашақ қүрылысшыларын да, рес-публикадағы ғылым мен мөдениеттің басқа көрнекті қайраткерлерін де, даңқты еңбек ерлерін де, социалистік ауыл шаруашыл ығыны ң асқан шеберлерін де, осылардың бір де бірін білмейтінбіз. Біздің білетініміз де, мақтаныш ететініміз де сол, — осылардың бәрі де біркезде бізден, қарт мүғалімдерден оқып, омірге жолдама алған жастар.
 
Кім білсін, қазіргі халық мүғалімдерінің оқушылары енді бір ширек ғасыр өткен соң планетааралық саяхатқа шығып, оздерін осыған баулып, дегеніне жеткізген үстаздарына алғыс та айтар.
 
Қысқартылып басылып отыр, 1957 ж.
 
<< К содержанию                                                                                Следующая страница >>