Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 37. С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» КІТАБЫНАН ҚЫСҚАША ҮЗІНДІ


 № 37. С. СЕЙФУЛЛИННІҢ «ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» КІТАБЫНАН ҚЫСҚАША ҮЗІНДІ

АҚМОЛА ТҮРМЕСІНДЕ
 
Түрмені казак-орыстар мен прапорщиктердің отряды көліп күзеткенде, жыланша ысқырып келді. Әсіресе казак-орыстардың отряды көлгенде, тобырлы жын келгендей болады... Неғұрлым түстерін ызғарлы, суық қылып көрсетуге тырысады. Дауыстарын күжілдетіп, айтатындары боғауыз, зекіру. Кейде крестьян жастарынан жинап алған солдаттар күзетке келіп түрғанда, түрмедегілер өздерінің кісілері келгендей болады.
 
Үкіметті қолға алған батырлар бізді тергеуге, және барлың Ақмола уезінде болыпевикшілдікті (Большевизмді) жоюға комиссия жасады. Комиссияның бастығы — патшашыл Сербов...
 
Ақтар күн сайын қаһарланып шығады. ...Түрмеге симай кеткен және басқа 3-4 тас үйге лық толған қамаудағы адамдарды тексеріп, өздерінше «зиянсыз» деген адамдарды босатып жатыр...
 
Түрме 12 бөлмелі. Бәрінде лық толған тұтқын больіпевиктер...
 
Аңмоланың өкілдері күндіз-түні сарт-сүрт жүру-мен, мас болумен болды.
 
Омбы мен Қызылжар, Көкшетау жақтарда талай жолдастарды өлтіріпті деп есіттік. Омбы, Қызылжар, Көкшетауларда алғашқы қызу үстінде өлтіріпті. Ақмолада енді сотпен өлтірмек деген хабар аламыз.
 
Қамаудағы жұрт енді «өлім» деген сөзге бойлары үйренді.

 

Бостандықтан күдер үзілді. Қамаудағы көп жол дастарды екшеп босатып, 70-80-дей ғана, ылғи «әсіресе қызыл», «қауыпты» дегендерді алып қалып, жауапқа да шаңырмай қойды...
 
Кей уақытта: «ақтардың күші азайыпты, енді қызылдар күшейіпті. Ақтарды бірте-бірте қусырып келе жатыр дейді...» деген хабарды да алып қоямыз. Отырып, өртүрлі болжау айтамыз. «Түбінде қызыл жеңуі хақ, бірақ оны біз көре алмай кетеміз ғой» десеміз... Біраз күн өтті. ...Бір күні «енді өлім жазасы болмайтын болды» деген хабар алдық. Хабарды байңастап тексердік. Рас тәрізді. Тыныс едәуір кеңіп қалғандай болды. Әкімдердің жындары да азырақ сәл басылыңқыраған тәрізді болды. Сырттан келген астарды да енді өткізө бастады. Түрменің начальнигі кейбіреулермен ептеп астыртын жылы сөйлесө бастады.
 
Бір күні жауапңа шақыра бастады. Сегізден, оннан жолдастарды тізіп, казак-орыстың атты солдаттары айдап, жауап алатын жерге алып кетеді. Алдыңғы барып келгендерден «Не сұрады?... Не сүрады?...» деп жолдастар жабырласып сүрайды...
 
Кезек бізге де келді. Бізді — 15-16 кісіні бір-ақ айдап жөнелді. Бәріміздің аяқтарымызда темір шын-жыр. Ңылыштарын жалаңаштаған атты казак-орыстар бәрімізді қатарлап екі-екіден тізді...
 
Тергеу комиссиясының үйі қызыл қыштан салынған бір школ... Мен қысты күні үйінде пәтерде тұрған Токарев деген учительдің бала оқытатын школы. Пәтері осы школдың ішінде еді...
 
Конвойдың бастығы барып екінші бөлмеге кірді. Бір орысты ертіп шықты. Екеуі біздің бір жолдасты сол бөлмеге шақырып кіргізіп әкетті...
 
Бірте-бірте шақырып, сұрап шығарып жатыр...
 
Кезек бір уақытта маған келді. Бөлмеге кірдім. Столды айнала әкімдер отыр. Бастығы — Шонтонов, бір казак-орыс, Сербов дәл маған келердің алдында шығып кетіп еді. Комиссияның өзге члендерінің біреуі бір қара сақалды крестьян екен, өзге үшеуі қазақ, екеуі — екі жуан қазақ. Оның біреуі — сәудегер Тәшти деген кісі. Біреуі белгілі молда Мәнтен деген кісі...
 
Менен Шонтонов жауап алды:
 
— Совдепке қалай кірдіңіз?..
 
Мен:
 
— Совдепке бұқара халықтың, ел қазақтарының сайлауымен кірдім,— дедім.
 
— Нені қорғамақ болып кірдіңіз Совдепке?..
 
Мен:
 
— Қазақ халқының, өзімді сайлаған нашар елдің пайдасын қорғауға кірдім!
 
— Қандай қызметті басқарып отырдыңыз?..
 
Мен:
 
— Ақмола уезінің оқу істерін басқарып отырдым...
 
— Большевик партиясына жазылып па едіңіз?..
 
Мен:
 
— Ия,— дедім.
 
Шонтонов:
 
— Сіз Бірінші май күніне арнап бір пьеса кітап жазып, осында спектакль жасатқызыпсыз ғой, Сонда ылғи болыпевиктерді мақтапсыз ғой!—деді.
 
— Менің ең бірінші жазған шығармам осы пьеса еді. Сол Бірінші май күні осы Ақмолада ойналғаны рас. Бұл пьесаның ішінде мен тек қазақтың 1916 жылғы прием уаңытындағы нысапсыз болыстарын, тілмаштарын, байларын, молдаларын ғана көрсе-тіп жазғамын...

С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу».
Алматы, 1960. 205—220 бет.
 
Отрывок из историко-мемуарного романа С. Сейфуллина «Тернистый путь» повествует о постановке его пьесы «На пути к счастью» в г. Акмолинске 1 мая 1918 г.