Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 148. «СОЦИАЛИСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНЕН ХАБАР


 № 148. «СОЦИАЛИСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНЕН ХАБАР

6 май 1942 ж.

КЕНШІЛЕР ГВАРДЕЕЦТЕРШЕ ІСТЕДІ
 
Лениногорск руднигінің кеншілері май күндерінде гвардеецтерше істеп, өндірістік жаңа табыстарға жетті. Тыл гвардеецтерінің қатарына күн сайын жаңа адамдар қосылуда.
 
Горяйнов жолдастың басқаруындағы учаскенің кеншілері сменалық тапсырманы біржарым есеге дейін асыра орындады. Бүрғышы Пиунов жолдас жұмысты қол бүрғысымен істеп, 1 май күні 5 норма берді.
 
Шахта қүрылысында істейтін бұрғышы Роман Борщевский 1 майда қүрметті вахтаға тұрып, ол сменалық нормасын 1000 процент орындап шықты.
 
Лениногорск қорғасын заводының барлық смена-лары да май күндерінде тапсырманы асыра орындап отырды (ҚазТАГ).
 
Социалистік Қазақстан. 1942, 6 май.
 

 

Информация газ. «Социалистик Казакстан» от 6 мая 1942 г. о гвардейцах тыла — горняках Лениногорска, в день 1 Мая значительно перевыполнивших свои социалистические обязательства.