Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 125. «СОЦИАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ХАБАРЛАРЫ


 № 125. «СОЦИАЛДЫ ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ХАБАРЛАРЫ

28 апрель, 1 май 1937 ж.

МАЙ МЕРЕКЕСІНЕ ДАЯРЛЫҚ
 
Қостанай о б л ы с ы н ы ң колхозшылары, совхоз жұмысшылары және Жітіқара кеніндегі жұмысшылар 1-Май мерекесі қарсаңында жұмыстарының қарқынын және мәдениет көпшілік жүмыстарын күшейтіп отыр. Жітіқара комбинатының цехтарындағы стахановшылар бригадалары өзара жасасқан социалистік шарттарының орындалу нәтижесін тексеріп өтті.
 
«Нойес Лебен» колхозының жанындагы драма үйірмесі өзінің колхозында және басңа колхоздарда сауық кештерін өткізіп жатыр. Мектеп балалары және колхоз бригадаларының мүшелері 1 майға арнап түрлі өлеңдер үйренуде.
 
Федоров ауданының колхоздары майдың 1-не дейін егін салу планын орындап шықты. Пушкин, Жаркол, Пешков МТС-тарындағы 78 трактор отрядтары егің салу пландарын апрельдің 27-іне дейін орындаймыз деп, өзара социалистік шарт жасасып, іске кірісіп отыр. Блюхер атындағы колхоз 2 мың гектар егін салу планын срогінен екі күн бүрын орындауға таяды. (ҚазТАГ).
 
ҚОРҒАСЫН ЗАВОДЫНДА
 

 

Шымкент қорғасын заводындағы механикалы қазан-монтаж цехының жүмысшылары Май мерекесіне тарту ретінде, өз күштерімен «Сирокко» № 20 маркалы үлкен вентилятор істеп шығарды. Вентилятордың жалпы салмағы 4 500 килограмм. Бұл вентилятор ватер-жакет пешіне орнатылды. Рафинация цехының жұмысшылары қазан-монтаж цехы жасаған қорғасын құятын машинаны майдың 1-не дейін орнатып болды.