Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 114. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖАҢА ТАЛАП» КОЛХОЗЫНЫҢ КОМСОМОЛДАРЫНЫҢ ҚОРДАЙ АУДАНЫ «ТАЛАПТЫ» КОЛХОЗЫНЫҢ КОМСОМОЛДАРЫН 1 МАЙ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖАРЫСҚА ШАҚЫРУЫ


 № 114. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ «ЖАҢА ТАЛАП» КОЛХОЗЫНЫҢ КОМСОМОЛДАРЫНЫҢ ҚОРДАЙ АУДАНЫ «ТАЛАПТЫ» КОЛХОЗЫНЫҢ КОМСОМОЛДАРЫН 1 МАЙ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЖАРЫСҚА ШАҚЫРУЫ

28 апрель 1934 ж.

ЕКПІНДІЛЕР ҚАТАРЫНДАМЫЗ
 
Еңбекші қазақ ауданындағы «Жаңа талап» колхозының комсомолдары 1-Май құрметіне өздерімізді екпінді деп санап егіс науқанын срогінде орындап, егін шығымдылығын арттыру жөнінде Қордай ауданындағы «Таланты» колхозының комсомолдарын социалдық жарысқа шақырамыз. Қоятын шартымыз: Ерте егілетін 647 гектар дәнді егісімізді 20 күн ішінде, тереңдігін 18 сантиметрден кемітпей айдап бітіреміз. Бригадіде еңбек үйымдастырып, айдалған жерді сапалы етіп шығару үшін соқашыға 4 комсомол бөлеміз. Жерге себетін түқымды уақытында жер басына жеткізіп, тегіс дүрыс себілуін күн сайын бағалап отырамыз. Сонымен қатар: колхозға бөлініп берілген жұмыс көліктерін, жұмыс үстінде күйлі, семіз үстауға комсомолдар міндетімізге алып, өздеріміз бағамыз.
 

 

Колхозшылар арасында үгіт көпшілік жүмыстарын қызу жолға қойып, жүмыс басында дауыстап газет-журнал оқып, қабырға газеттерін шығарып, ңара-қызыл тақта, көшпелі қызыл ту ұйымдастырамыз.
 
Баспа тарату жұмысына айрықша көңіл бөліп, өлкелік газеттер «Социалды Қазақстан» 30 дана, «Лениншіл жас» 20 дана, «Пионер» 40 дана жазылып, ақшасын төлеп отырамыз.
 
Осы шартымыздың орындалуына облыстық комсомолдар комитеті мен «Лениишіл жас» газетінің төрелік етуін ұсынамыз. Біздің шақыруымызды қабыл алғандар туралы «Талапты» комсомолдарынан жауапты «Лениншіл жас» газеті бетінен күтеміз.
 
Комсомолдар: Терекбай үлы, Сейдікорім ұлы, Жылгелді ұлы, Оспан ұлы, Егінбай ұлы, Мамбай үлы, Мұға ұлы, Жа-ныспай келіні, Омар ұлы.
 
¥я хатшысы: Байғабыл үлы, Бейсембет ұлы.

Лениншіл жас. 1934, 28 апрель.
 
Вызов комсомольцев колхоза «Жана талап» Энбекшиказахского района на социалистическое соревнование в честь 1 Мая комсомольцев колхоза «Таланты» Курдайского района Алма-Атинской обл. через газету «Лениншил жас» (28 апреля 1934 г.).