Главная   »   Красный первомай в Казахстане(1901-1945)   »   № 111. С. МҰҚАНОВТЫҢ «МАЙРА СӘЛЕМ» ДЕГЕН ӨЛЕҢІНЕН ҮЗІНДІ


 № 111. С. МҰҚАНОВТЫҢ «МАЙРА СӘЛЕМ» ДЕГЕН ӨЛЕҢІНЕН ҮЗІНДІ

Мың сәлем, саған,
Мәңгі, жолдас Майым!
Сен жылда жас жігіт бон келген сайын,
Жер жібек, барқыт киіп,
Жасыл желек.
Бүркенеді үйеңкі, терек, қайың...
 
...Басымыздан кешіріп талай тар күн,
Алтыдан бірі біздің болдың шардың.
Бас командир Партия,—
Әскері — біз,
Жолы нұр, айқын көріп отыр алдын.
 
Се-Се-Се-Р-де барлық ұлт —
Бір-ақ полк.
Ақын, әскер, ұстаға ортақ жорық.
Жердің үлы — біз,
Балға, орақ, мылтық
Өлеңмен де сақтаймыз жаудан қорып...
 
Жолдас Май!
Мен бір кезде болдым бала,
Аз емізді табиғат сараң ана.
Бек, бай, молда, отаршыл
талай талап,
Денеме ауыр таңба —
Салды жара.
 
Мойынға қылғындыра түсті. арқан...
Сол кезде Маркс пенен Ленин дарқан
Арқанды қиды. Дем ап,
Ауыр жүктен
Жаралы, жауыр болған босады арқам.
Күрдей бои Октябрьдің шамы жанды,
Жолын көрді, жүмысшы мылтық алды.
Сол мылтықтыц күшімен қанды кешіп,
Жайнаган бақша қүрды социалды...
 
Жолдас Май! Күте тұра сені сыйлап,
Қуана тұра, сенөн қымбат сый ап,
Одақтың ойы-қыры сынға салып
Көреді барлық бойда күшін жинап.
 
Себебі, қоршап тұрған айнала жау,
Жау қолында жазылған темір тор, ау,
Се-Се-Се-Р-ді шырмамақ әлі келсе,
Үстеріне төндіре құлатпақ тау.
 
...Қарасаң Гитлердің планына,
Плаяының арамдық «ұранына»,
Одақты Орал жақтан бөліп алып,
Айналдырмақ капитал түрағына...
 
Се-Се-Се-Р-ді етуіне бөлшек-бөлшек,
Ойласа жау,
Олармен күшті өлшеп
Көреміз бүгін,
Бізде дө күзет мықты —
«Жауға жерден бермейміз
Жалғыз вершок!»
1933 ж.