Купить запчасти для снегоуборщика mtd http://www.mtd-servis.ru. . read here
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ЗИЯНДЫ ЖЕМІС – ЖИДЕКТЕР


 ЗИЯНДЫ ЖЕМІС – ЖИДЕКТЕР

Менің көзқарасымда, жоғары көп мөлшерде жағымсыз химиялық қоспалармен, ірі өндірістерден бөлінген зиянды оттегілермен мейлінше уланған ауа, шаң-тозаңдар егістік алқаптарымызға, жеміс-жидек өсірген бау-бақшаларға , тіпті жер бетінің қабаттарын аяусыз уландырып жатқанын байқауға болады . Айта берсек жеміс-жидек, егіндерімізді ұсақ жәндіктерден, аурулардан қорғау мақсатында және тез өсіп жетілуіне ықпал жасап қажетсіз химиялық заттармен көп әрі жиі коректендіреміз. Міне, осындай коректендіру салдарынан өсіп жатқан өнімдер түп тамырынан бастап тұла бойына дейін улы әр түрлі қоспаларды жинай алады. Бақшаларда өскен қызанақ, қиярдың, қырыққабаттың сыртқы қабықтарын аршысақта, бидай мен күрішті сумен шайып-тазаласақта зиянды химиялық қоспалар олардың тұла бойы дәнінде де қалып қояды. Бұндай уланған өнімдерді отқа қайнатып пісіргенменде олардың бойындағы зиянды улы қоспалар тегіс жойылмайды да, тағам ретінде адамның асқазанына, дене мүшелеріне сіңіп қалып қояды . Құрамында пайдалы витаминдерге өте бай жеміс-жидек, өсімдіктер адам денсаулығына қандай қажет екенін білетін боларсыңдар. Осындай жеміс-жидек, өсімдіктенде адамдар улана алады, кейде күрделі ауруға шалдығып дәрігер көмегін қажет етеді, тіпті емханаға жатып ұзақ мерзім емделеді. Өзіңіздің алтын уақытыңызды осылайда құрта аласыз. Қазіргі уақытта адам денсаулығы үшін қауіпті саналатын қоспалар түрлері өмірімізге көптеп ене бастады. Жеміс-жидек, өсімдіктермен коректенгенімізде, әсіресе алма, алмұрт, өрік, қарақат, бұрыш, бәдірек, қияр, қауын, қарбыз жеген кездерде мұқият сыртқы қабығына қарағаныңыз жөн болады . Олардың сыртқы қабығы тегіс, әрі өте жылтырақ , яғни бұндай жеміс-өсімдіктер парафин қоймалжыңымен коректендірілген байқатады. Ғылым саласына жүгінсек, парафинді мұнай өнекәсібіне қолданады, адам мүшелері бұндай қоспаларды тағам ретінде қорыта алмайды, денсаулыққа зиянды екендігін медицинада жақсы дәлелдеген. Парафин қоймалжыңы өнімдегі шырынды сыртқа шығармайды, дәмді түрінің таза болуына ықпал етеді. Орта Азия, Қазақстанның оңтүстік аймағында жазғы мезгілдің ұзақ болуына әрі жаңбырсыз құрғақ болуы әсерінен осындай қоймалжыңдармен басқа да қоспа ерітінділері бау-бақша, егін алқаптарында (шаруашылығында) көптеп қолданылып жатыр. Коммерциялық, көз қызықтыру үшін «зиянсыз» деп есептелінген қоспалар (ерітінділер) әсіресе нан өнеркәсібіде жиі қолданылады. Егер өндірістік нан құрамын зерттесек ол біріншіден: боялады, жұмсартылады, дәмін неше түрлі жағымды иіске өндіреді, құрамын байытады тағы да көптеген әсерілеу құбылыстары жүреді. Осындай «зиянсыз» қоспаларда адам денсаулығына қауыпті. Мемлекет аралық сауда-саттықта, өндірістік өнімдер мен тағам-сусындар, ішімдіктер, мүліктер арнайы тексерістен өтіп сапасы-құндылығы туралы құжаттандыралады. Ал қала арасындағы, жергілікті өнімдер тікелей сауда орталығына жіберілуіне байланысты арнайы тексерістен өткізілмей жатады немесе сату қолдану мерзімі өтіп кеткенінен сапасы төмендеп жарамсыз жағдайға жиі душар болып жатады. Мемлекет тексерісіне сүйенсек, санэпидемиция, салық инспекциясы, заң қызыметкерлерінің орсан зор жұмысының арқасында көптеген өнімдер, еттер, балық еттері, сүт тағамдары, басқа да халық тұтынар тағам-заттар саудаға түспей, жергілікті әкімшілік кеңесінде тіпті халық соты арқылы да жазаға тартылып әшекерленуде. Дүкендерден, сауда орталығы, базарлардан тағам-өнім сатып аларыңызда мұқият тексеріп сапасы-құндылығы жөніндегі құжаттарға көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Сапасы төмен тағам сауда орындарын байқасаңыз дереу заң орындарына хабар бергеніңіз жөн болады. Бұндай өнімді сіз алмасаңызда басқа адамдар байқамай денсаулықтарына зиян келтіруі мүмкін. Баршамызды ойландырар, көптеген адамдардың әсіресе жастарымыздың темекі тартып нашақорлықпен әуестенуі, әбден ішімдікке салынып арақ ішуі ұлағатты азаматтың, сүйікті аналарымыздың, жан-ұя мүшелерінің қайғы-қасіретіне айналып отыр.Темекі – арақ –нашақорлыққа әуестену адамның өкпе ауруына, туберкулезбен ауруға, жүрек қан тамырларының зардап шегуіне,
 
мидың нерв жүйкелерінің айықпас ауруға шалдығуына ғылыми-медицина саласында зерттеліп дәлелденген, тіпті осындай жаман қылыққа салыну әсерінен жан-ұясының шырқын бұзып отбасының күйреп-тозуына әкелері сөзсіз . Осындай жаман, денсаулыққа, пайдасыз қылықтардан өзіңіз ғана емес, қоршаған орта, жан-ұя жақындарыңызда жапа шегері анық. Дәрі-дәрмекке жұмсаған ақшаңызды есептеп, моралдық жапа көргеніңізді шамаласаңыз, мемлекеттік емханаларының есебі жоқ қызыметтері, тіпті жастарымызға үкімет тарапынан бөліп жатқан дәрі-дәрмек басқадай көмектерді есептесеңіз,үкімет қазынасынан бөлінген орасан зор шығын екенін байқаймыз. Сондықтан, барлық адам өзінің денсаулығы үшін қазірден бастап ойлануы керек. Ашығу ережесін сақтана отырып дене мүшелерін улы қоспалардан тазартуға болады, ашығу арқылы темекі-арақ-нашақорлықтан арыла аласыз, сіздің ақыл-ой-санаңыз дамиды ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінесіз .Ұзақ мерзімдік 7-10-20 тәулік ашығу осындай жаман қылықтардан арылуға тигізер пайдасы орасан зор. 24-36 сағаттық ашығуды жыл бойына қайталап отырыңыз, дене мүшеңіз күннен-күнге тазаланып, денсаулығыңыз түзеліп жаман қылықтардан арыла аласыз. Ораза ұстаныңыз жан-дүниеңіз тазарады, адамгершілік достық қасиетіңіз ұлғаяды. Ашығу кезінде ішкі дене мүшелері арқасында денесін тазарта біледі, көптеген аурулардан емделе де алады. Ашығуды бірнеше рет қайталасаңыз, денсаулығыңыздың өзгергенін, көңіл-күйіңіздің жақсарғанына көңіл бөле аласыз. Жаман әдет-ғұрыптан өзіңізді аулақ ұстаңыз, адам үшін кедергісі зор болып саналады. Өзің үйрен, басқаға да үйрет, сонда адам қасиеті жоғары бағаланады. Жыл сайын Ораза ұстанып, жаннаттан үмітті болайық , ағайын!!
 
 
« Барлық аурудың бастауы -- оның себептері »