ЗИЯНДЫ СУЛАР

Бір-ғана ауа емес, біздерді суменде уландырады осындай суларды адамның ішуіне жарату үшін химиялық жолмен тазартуға тура келеді . Көбіне тазартуға хлор, кварцтарды жиі қолданады, ал адамның ішкі мүшелері бұндай ерітіндерді қорыта алмайды . Адамның күш-қуаты біршама азайған кезде осындай зиянды заттар адам денесінде қалып қойса, денсаулығына зиян кетіруі ықтимал . Жылу электр кешенінің ірі өнеркәсібі маңындағы жиналған су қоймалары, ақпайтын өзен көлдеріміз, тұрғын үйлерден, өнеркәсіп ошақтарынан қайтып келіп жиналған су қоймалары, сонымен бірге Қазақстандағы Балхаш көлі мен Арал теңізінің адам денсаулығына зиянды екендігін айтпасада түсінікті . Адам денсаулығына зиянды суларды,көлдерді,су қоймаларын газет-журнал беттерінде әшекерлеп жазып та жүр, радио-теледидар ақпараттарында, мәжілістерде қарапайым халық көруде, заң орындары қылмыстың іс қозғауда, ғылыми конференцияларда қаралып халық наразылығын білдіруде . Әзірге тиым салынып, үкімет тарапынан тоқтатылған мәселе жоқ Қалалық жерлерде күнделікті ішіп жүрген суларды қосымша тазартуды талап етеді, су құрамына денсаулыққа пайдасыз хлор, темір қалдықтары (ерітінділері) жиі кездеседі . Бұндай сулар көбіне жай қара темір құбырларымен тұтынушыларға жеткізіліп отыр, ауыз су тұрғын үйлерге татанбайтын құбырлармен (түстіметалл-алюминді-нержавейка, плассмас құбырлар арқылы) жеткізілуі керек және хлор, квасцпен емес сүзбе арқылы тазартылған жөн. Хлор, темір ерітінділері кездесетін суды ішуімізден денсаулығымыз ауруға шалдығып әлсірейді, тіпті адам бүйрегінде тастың жиналуына әкеліп соқтырады . Қалалық жерде ауыз суды тұндырып, сүзбе арқылы өткізіп немесе қайнатып қолданғаны дұрыс. Адам денесі ұзақ мерзімге тамақ жемеуге төзе алады, ал сусыз тіршілік жоқ. Біз тіршілігімізде суды ішеміз, жеген тағамдарымызды дене мүшелеріміз қорыта үшін бізге өте көп мөлшерде су қажет. Егер уланған жарамсыз суды ішкен болсаң, артық суды сыртқа шығарғанда судың құрамындағы жағымсыз улы заттар дене құрылысымызда, клеткаларымызда қалып қоюы әбден мүмкін . Күнделікті ішіп жүрген суды тазаламау салдарынан ішкі ағзаларымызға қылшықтар,темір қиыршықтары,қорытылмайтын ұсақ қоқыстар асқазан арқылы бүйрегіміздің тазалану нәтижесінде ұсақ тастар қиыршықтарына айналуы әбден мүмкін. Медицина тілімен айтсақ осы қиыршықтар күнделікті жеп жүрген сары майымыз,қаймақ майонез және майлы тағамдардың әсерінен ірі көлемдегі тасқа айналып жатады. Бүйректе осы кіші көдемдегі тастар судың шырынның әсерінен жылжып сыртқа шығады,ал үлкен көлемдегі тастар адам бүйрегінің қызыметін күрделендіреді. Соңында дәрігер көмегімен оталап тастаймыз,адам бір мүшесінен айырылады. Қазіргі дамыған жағдайда емханаларда УЗИ арқылы ішкі ағзамыздағы тастарды анықтап жатамыз,ал осы дәрігерлер жанында адам бүйрегін тазалау жолдарын үйретпейді, көбінесе жас балаларымыз білмегесін бүйрек ауруларын асқындырып жатады. Міне осындай тастардан,ерітінділерден арылу үшін ашығу керек, ашығу ережесін сақтай отырып денсаулығымызды біршама түзей аламыз. Ашығу – ішкі құрылысты (клеткаларды) тазарту мен оны емдеу жолы болып табылады. Тазалық қадағалау мекемелерінің мәліметтері бойынша, судан – тағамнан уланған көптеген адамдар, іш ауруына шалдыққандар көптеп емханаға жатып дәрігер көмегін алуда, тіпті бұндай улану нәтижесінде адам өліміне әкеліп соқтырып жатады .