Зиянды ауалар

Көптеген адамдар өзіне-өзі денсаулығымызға, тіршілігімізге зиянды-жаман іс-қимыл- дарға тиым салмау салдарынан, біле тұра пайдалы жаңалықтарды ескермегендіктен, талғамай пайдалы-пайдасыз тағам-сусындарды ішіп жеуден және тамақты тоя жеп тағам дайындау-жеу ережелерін сақтамау арқасында адам дене-құрылысына көңіл бөлмеген- дігімізден өзімізге тиесілі өмірімізді толық сүре алмай отырмыз. Ойлана отырып, жан-жағымызға зер салып көңіл бөлсек, адам өзін қоршаған ортадан әсіресе табиғаттан, күнде көріп жүрген жан-жануарлардан тіршілік салтын неге үйреніп,қажетімізге жаратпаймыз? Айта кету керек, адамзат баласы – жер бетіндегі тіршілік ету қабілеті бар ғажаптың ішіндегі ғажабы . Дүниеге келген әр нәресте жаны таза, денсаулығы өте жақсы деп қарайтын болсақ , егер ол туа біткен мешел-ауру болмаса, ол нәресте өсе келе ержеткенде-қартайған шағында қоршаған ортаға байланысты жаман қылықтарға жол беріп өзіне-өзі жанашырлықпен қарамау салдарынан, тазалықты сақтамай денсаулығын нашарлатса, дене құрылысының әлсіреп өлуіне, ішкі дене мүшелерінің науқастана, тіпті күрделі ауруларға шалдығуы азамат баласының өзіне-өзі істеген бірінші қылмысы болып есептелінер еді . Мен басқа да халықтардың жақсы да жаман қылықтарын, тіршілік етіп отырған ортасын, өмірге деген көзқарасын, адам денсаулығы және адам құқы туралы мағлұматтарға зер салып, ақпарат беттерінен оқып отырамын. Ал, өзім жақсы көрер Қазақ халқына келетін болсам өмірдегі жетістіктеріне қарап мақтанышпен қараймын, менің жас Отаным дүние жүзі ірі мемлекеттер қатарынан орын алып, бақытты да сәулетті дәуірге баратынына . Кейбір бауырларымның темекі-арақ-нашақорлыққа әуестегенін көргенде, біле тұра жаманда жиіркенішті істерді жасағанда, денсаулық тазалығын күтінбегенде, тағамға тойынбау, өтірік-залымдыққа бейім, еріншек-жалқаулыққа жол бергеніне, білімі мол бола тура қараңғы наданның ісін істегенде налимын. Көбіне осындай адамдардан өсіп келе жатқан жастарымыз жамандық үйреніп, әдетке айналып көбінде өмірлерінде кейінге қалып жатады . Жастарымызды салауатты өмірге тәрбиелеу нәтижесінде, дене тазалығын, тағам дайындау ішіп-жеу ережелерін сақтамаудан, табиғаттың адамға берген ішкі дене мүшелері мен дене құрылыстарының бұзылуына, ішкі жан дүниесінің азып-тозуына бірте-бірте айқпас ауруға шалдығуына тек қана адамның өзі-ғана кінәлі болады. Осындай жаман әдеттен сақтанбау арқасында көптеген адамдар өзіне тиесілі өмірін (жасын) қысқартады, адамға тиесілі 100 жыл баянды тіршілік ету орынына зейнеткер жасына келіпте-келмей де 50-60 жасында өмірден өтіп жатады. Бұндай іс-әрекеттен ешкім де өзін-өзі арашалай алмайды. Жан-жануарларға келетін болсаң, қоршаған ортасына сәйкес өзінің сезімдерімен тіршілік ете алады, тек қана пайдалы тағам-шөптермен ғана қоректенеді . Тіпті олар қатты ауырғанда, уланғанда, жарақаттанғанда бәрінен бас тартып ашығады. Бұған бірдей бір мысал :-жеті қазынаның бірі итті алуға болады. Осы иттер уланғанда, ауырғанда ашығады, тіпті ұзақ мерзімге ашыға алады, сосын дене мүшелеріне қажетті шөптер мен өсімдіктермен коректену әсерінен бір-екі тәулік көлемінде құлан-таза жазылып кетеді. Бұл да бір табиғаттың ғажабы. Адам денсаулығы бірінші мәселе бола отырып, күнделікті күйбің тіршіліктің ортасында өзімізді қашанда ұмытып кетіп жатамыз. Ойланайық ағайын !! Зор денсаулық үшін, адамзат баласы күнделікті тіршіліктің ауыр да-қатал заңдарынан қаймықпай, жалқаулыққа еріншектікке бой бермей өзі үшін, өзінің жанұясы, жақындары үшін, тіпті өзінің Отаны үшін денсаулығының мықты, жасының ұзақ, қызықты да бақытты өмірі үшін бірқалыпты үзбей күнделікті күресе беру керек, сонда ғана жеңіске жетесіз . Адамның ішкі ағзаларында зиянды заттар (тас түйіршектері) қалай, қайдан пайда болуы мүмкін?Медицина қызметкерлерінің түсініктемесіне сүйенсек, тастың пайда болуының себебі, кәдімгі күнде ішіп жүрген суымыз. Судың да таза болмауы мүмкін, күндегі үйдегі краннан ағып жатқан су – таза су деп есептеуге болмайды . Судың құрамында хлор, темір, лай т.б. жағымсыз улы заттар көптеп кездеседі . Қалада болсын, ауылда болсын, далада болсын ішер суыңыздың
 
құрамын лабораториялық қызыметімен тексергеніңіз әбден дұрыс . Осы лайлар,хлор, темір таттары асқазанда ұнтақталып бүйрек арқылы сүзбеленіп қиыршықтары (кристалы) қалып қоюы әбден мұмкін,осыдан бастап бүйрек өз қызыметін дұрыс атқара алмайды.Сол қиыршықтар бірте-бірте жиналып,бітеуленіп тасқа айналуы мүмкін. Күндегі нанға жағып жеп жүрген май,қаймақтарымыз тастың біругіне,қатаюына себебші болуы әбден мүмкін. Қанның қысымымен ол тастар жылжып отырады,кейде сыртқа да шығып кетеді,бүйрекке де зақым әкелуі мүмкін. Сол тас қиыршықтары адам өтінде жиналуы мүмкін,өт тамыры- ның жіңішке әрі ұзыншақ болуынан ол тастар сыртқа шыға алмай өте үлкен дәрежеге өседі.Адам өтінің жұмысын нашарлатады.Кейде осы тас қиыршықтары адам бауырындада қалып қоюуы әбден мүмкін.Сол үшін тексеріліп,дәрігер маманмен кеңескен артық болмайды.Ауруы күрделенген жағдайда дәрігер көмегімен оталып тасталуы мүмкін. Адам мұшесінің біреуі болмай толық жұмыс атқармаған жағдайда, адам денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырады,ол адамның көңіл күйінің нашарлауына азуына әкеліп соқтырып жатады.Өзіңнің тұрған жеріңнің тазалығына, ауасына қатты көңіл бөліңіз,таңғы ауада серуендеңіз,табиғатқа жиі шығып демалуды әдетке айналдыру қажет.Таза ауада демалсаңыз жаныңызға қандай рахат!
 
«Адамның ең бір қасиеті: төзе білгені, түсіне білуінде, шыдамдылық - ең жақсы қару!»
 
Үлкен қалаларда, ірі өнеркәсіп шоғырланған аудандарда адамның тыныс алуы өте төмен жағдайда, күнделікті демалуға кедергі болар жағымсыз түтін-газдар төбемізден қысады. Мысалға алатын болсақ Қазақстандағы ірі өнеркәсібі шоғырланған : Қарағанды,
 
Теміртау, Кентау, Жезқазған, Балхаш, Павлодар, Өскемен сияқты қалаларды байқасақ, шамамен күніне 30-40 тн түтін-газдар 50-100 000 халқы бар тұрғындарды аспаннан тұншықтырады, әрбір метр жерге-алаңдарға қаншама шаң-тозаң басуда . Бұған көшедегі көліктердің зиянды түтіндерін қосыңыз. Тұрғын үйлермен зәулім ғимараттар қабырғалар ына, жуылған киімдерге-жайлықтарға, өзіміз дем алатын алаңдармен көгал-ағаштарға қонып жатқан шаң-тозаң-газдар қаншама қала тұғындарына зиян келтіріп қосымша ауру-дерт тауып беріп жатады. Осындай ірі өнеркәсіп шоғырланған аймаққа, қалаларда адам денсаулығы жаман ауа улы газ-түтіндерге тыныс алу әсерінен ішкі жан дүниесімен көндіккен, бірақ ешкімге қимас өмірінің елеулі кезеңін кемітері айқын. Есіме, танысым айтқан бір оқиға түсіп мысалға келтіргім келді. Совет Одағы кезі Жезқазған мыс заводында аспалы кранда жұмыс істеген шешесіне келген бала екінші қабаттағы жұмыс орынына көтерілген уақытта газбен қою түтінді көрмеген бала тұншығып басы айналып отырып қалады, өтіп жатқан жұмыскерлер баланы көтеріп, бала шешесімен кездесіп далада таза ауаға шығып есін жиғанын айтып еді. Ал сол жерде 8-12 сағат жұмыс істеп жүрген жұмыскерлер жыл бойына зиянды ауаға қалай шыдап жүрген. Осындай мысалдарды қандай аймақ , өнеркәсіп болмасын көптеп кездестіруге әбден болады. Қазіргі ғылыми өркендеген дәуір, жиырмасыншы ғасыр аяғы болсада көптеген ірі өнеркәсіп цехтарындағы түтін-газдар уақытында тазармау салдарынан адам денсаулығы әсіресе завод жұмыскерлері қиындық көруде . Таза ауа адам денсаулығына қандай қажет екенін бәрімізде білетін шығармыз. Көптеген мекеме бастықтары, осындай ірі өнеркәсіп әкімшілігі заводтағы, қоршаған ортадағы жағымсыз-зиянды ауаны адамдар тыныс ала алады деп басқаша жорамалдап кемшіліктер жіберуде.Адам организмі оданда қиын жағдайға да төзе білген. Осындай түтінді-газды өңірді атом ықпалымен улаған Чернобыль ауасымен теңестіреді . Аспан әлемін ғарышты зерттеуде космостың адамзат баласы үшін тигізер пайдасы көп, осы космос ұшып-қонғанда табиғатқа әсері зиянын көріп жүрміз. Ал Қазақстан жерінде орналасқан полигондар көптеген жарылғыштарды тексеру нәтижесінде өзіміз туып-өскен жерлерге, суларға табиғатқа әсер еткені соншалық Невада – Семей қозғалысы арқасында полигон жабылды, зиянды жақтарын ақпарат беттерінен оқып біліп жатамыз. Осындай ортада адам тағдырына көңіл бөлмеу баршамызға сын. Адамдарды емдеу керек, санатроии курорттарға жиі жіберу керек, коллектив болып табиғатқа серуен құруды жиі ұйымдастыру әрбір басшының міндеті болуы керек . Ғылыми тұрғыда айтатын болсақ, адам денесі жұмыс алаңында болсын, әртүрлі қоршаған ортада болсын тек қана таза ауамен ғана тыныс алуы керек, сонда ғана адам организмі өсе алады . Тағы бір мысал келтірейін ; Бірде ұлағатты бастық көкеміз, жан жалдасы мен 13 жастағы ұлымен бірге демалуға путевкамен Кавказ тауларына барады. Табиғатта демала жүріп емделеді. Ұлының жеке жүріп серуендегенінен секем алған әке-шешесі ; темекі тартып жүрме деген оймен баласын сыртынан бақылайды. Сөйтіп бақыласа Кавказ тауларының таза ауасына үйрене алмаған бала организмі, от алып тұрған жеңіл көліктің түтінінің маңында демалып тыныстайды екен. Дәрігер-маманға айтқанда : ұлының организмі түтінді-газды ауа ортаға үйренгені соншама бұндай таза ауа әлсіз организмге ауыр болатынын, баласын ауылына алып барып жергілікті емханада емдетуін сұрайды. Баласының денсаулығынан қауыптенген әке-шешесі тез жиналып үйіне қайтады . Көрдіңіз бе ? осындай завод-шахтасы бар жер асты байлығымен байып жатқанымызда үлкен қалаларда үйде жүрген жас балаларымыздың денсаулығы нашарлап жатқанын көрмей жатамыз. Ауруға шалдыққан денсаулықты бірден емес, дене мүшелерін тәрбиелеу ( жаттықтыру ) арқасында айлап тіпті ұзақ жылдар бойы түзей аласыз. Ауруға шалдықпау үшін баланың денсаулығына мектеп жасынан бері қатты қадағалауымыз қажет, демалыс күндері жан-ұямен бірге табиғатқа шығып серуендеген абзал. Сол үшін жергілікті әкімшілік өндіріс басшысымен бірге жастарды табиғатқа, таулы жерлерге, өзен-суларға тегін, демалыс күндері өз беттерімен жетулеріне көлік қызыметін ұйымдастырғаны жөн . Қазақ мыс корпарациясы өз жұмыскерлеріне емделуге-демалуға арнап Ұлытау аймағында демалыс орындарын көптеп ашылғанын қолға алып жатыр. Таза ауада демалған барлық қарттарымызға,әсіресе жастарға ұнары анық . Тек табиғатты құртып алмайық. Табиғатқа аяушылықпен қараңдар.
 
 
«Құлқынның құлы боп, жолдан таюдан сақтасын»