Овощерезка nicer dicer plus купить в перми овощерезка купить в перми.


 Жағымсыз заттар

Менің көзқарасымда, адамдардың денсаулығының көптеген шешімдері ішкі мүшелердің (органдардың) ас қорытуымен сыртқа шығару жолдарының өте көп мөлшерде жағымсыз улы заттармен толуында . Осы жағымсыз улы заттардың жиналуынан көптеген жағдайда адам денесінде ішкі желдің пайда болуына әкеліп соқтырады . Сіздің дене мүшелеріңіз көптеген жағымсыз улы заттардан таза ма ? Күнделікті күйбең тіршілікте адам денсаулығының мәнін , дене тазалығын қанша рет ойландыңыз ? Күніне қанша рет мұрын тазалағаныңызға, немесе таңдайың жылдам кеуіп аузыңызды сумен шайатыныңызға көңіл бөлесіз бе ? Адам туғаннан бастап тамақ жеу ережесін сақтамағандықтан, майлы да тұзды және пайдасыз көптеген қоспалар-ерітінділер кездесетін тағамдармен жиі әуестенуінен, ұннан өндірілген тағамдарды жиі әрі көп мөлшерде тұтынуынан, суды талғамай (крандағы су, тазартылмаған суларды) тұтынуынан адамның дене мүшелерінің (органдардың) дене клеткаларымыз жағымсыз улы заттарға толуына әкеліп соқтыруына неге күнделікті көңіл бөлмей жатамыз ? Жағымсыз улы заттар адамның мұрын жолында, тамағында, асқазан тамақ қорытатын (шектерде) мүшелерімізде, өкпеде, дене клеткаларымызда, адам аузынан бастап сыртқа шығар жолға дейін тұрып қалуы мүмкін. Кейбір адамдарда мұрынның жоғарғы қуысында көп мөлшерде жиналып күрделі ауруға (гайморидке) шалдығады, ал кейде адам құлағында сұйық немесе қатты тығын түрінде де болуы мүмкін,бауырда, бүйректе, өтте бұл заттар тас түрінде кездеседі, өкпеде ірің жиналуы мүмкін, аяқ-қол-омыртқа аралықтарында ірің немесе тұз түрінде жиналады тағы да көптеген адам денсаулығына зиянды осындай заттарды жағымсыз улы заттар қатарына жатқызамыз . Әсіресе, адам өкпесіне жағымсыз улы заттардың жиналуымен жеткілікті мөлшерде таза ауаның жетіспеуінен денеміздегі қан мөлшерін (құрамын) байытуы әлсірейді де туберкулез немесе күрделі ауру пневманияға шалдығуыңыз әбден мүмкін. Туберкулез бен пневмонияның адам үшін өте қауыпты боларын бәріміз білетін болармыз, сондықтан қоршаған ортамыздың, жұмыс орындағы ауаның таза болуын талап етейік . Табиғатта ауаның бәрі, күнделікті ішіп жүрген судың да таза болмауы, оны кірлететін тек қана өзіміз . Күнделікті жеген тамақтардың түгел қорытылмауынан құрамындағы жағымсыз улы заттардың қалып қоюына байланысты дене мүшелерімізде ішкі желдің пайда болуы мүмкін. Дене тазалығы жақсы адамда таңғы мезгілде бірақ рет жел шығады, ал сіз күніне қанша жел шығарасыз ? асқазандағы шектегі ішкі желді кекіру арқылы қанша рет сыртқа шығарасыз ? Бұндай сауалға ойланып көрдіңіз бе ? Денеміздегі қалып қойған жағымсыз улы заттар, ішкі желдің жиілеуі көптеген аурулардың басталуы болады. Ашығу ережесін ұстана отырып жағымсыз улы заттардан, жаман әдет ғұрыптан, арақ-темекі тартудан арылып денсаулығыңыз түзеліп, жұмысқа деген қабілетіңіз артып күш-қуатыңыз өзіңізге жеткілікті болары сөзсіз. Түнгі ұйқыда тамақ қорыту қызыметі аяқталғаннан кейін денеміздегі ішкі мүшелеріміз бір мезгіл демалыста болып сіздің күш-қуатыңыз көбіне дене тазалығына жұмсалады . Осындай түнгі демалыстан кейін адам неге асқазанын таңғы тамақпен мейлінше толтырып, таң атпай жатып ақ тамақ қорыту қызыметін күрделендіріп жібереміз? Біріншіден: таңғы асты денеңіздің қозғалуымен (пайдалы жұмыс, жаттығулар, салқын сумен жуыну,шомылу ) айналысқаннан кейін қабылдағаныңыз дұрыс . Екіншіден: түні бойы бойыңызға жиналған күш-қуатыңыз таңғы асқа ғана емес алдыменен адам денсаулығына арналуы керек . Таңертеңгі асты, ұйқыдан оянғасын ертеңгі пайдалы жұмыс атқарғасын 1-1,5 сағаттан кейін мейлінше аз мөлшерде тамақтанғаныңыз дұрыс. Яғни, сағ. 6,00 да оянсаңыз 0.5-1 сағат аралығында таңғы тамақтануға әдеттенгеніңіз дұрыс . Ендігі бір ашығудың түрі сусыз ашығу, тіпті ұзақ мерзімдік ашығу есебіне жатқызуға болады. Ғылыми түрде сусыз ашығуды метоболизм деген атпен бізге белгілі, бұндай түрі көбіне жануарларға ертеден таныс, бұл ашығуды күнделікті көріп жүрген түйе малының сусыз ұзақ мерзімге төзе алатынын сәйкестіруге
 
болады . Аңызақ желге, ыстық күннің астында түйе малы 7-10 күн аралығында сусыз тіршілік ете алады, олардың дене мүшелері :денесіндегі сіңген суларды қайтадан өңдеу
 
арқылы мүшелерін сумен қамтамасыз ете білген. Адамдарда, жануарларда да денесінің үштен бірі су болып келеді және бұл қасиет бәріне де бірдей тараған . Адам денесіндегі артық суда қауыпті . Сондықтан, жылына бір мезгіл дене мүшелерімізді судан тазалануға мүмкіншілік беруіміз керек . Осы артық судан тазалануға мұсылман елінде Ораза ұстану біршама адамзат баласына керемет қызымет жасай алды. Ашығу кезінде тамақ ішпей денеміздегі жағымсыз улы заттардан тазалансақ, ал Ораза кезінде денеміздегі артық судан да арыла аламыз деген сөз . Әсіресе бұндай ашығуды денесі семіз-толық немесе судан ісінген адамдарға пайдалы, бірақ дәрігер-маманның қадағалауымен өткергеніңіз абзал. Мұсылман елдерінде Оразаны 30 күн ұстанады, таңғы 5 сағ. кешкі 19-20 сағат аралығында ашықсаңыз, кешке ауыз ашып таңғы сәресіде жеңіл тамақтанасыз . Яғни, тәулігіне 12 сағ. ашығып 12 сағ. пайдалы жұмыс атқарып дене мүшелеріне демалыс бере аласыз. Осы Ораза күндерін алатын болсақ, адамдар 15 тәулік тамақсыз-сусыз ашыға алады деген түсінік болады. Міне көрдіңіз бе? адамдар да жануарлармен қатар табиғат құбылысына сәйкес тамақсыз-сусыз ашығуға төзіп көне білген. Дене тазалығын қастерлеген әрбір адам тағамда кездесетін артық заттардан ашығу ережесін ұстана отырып бір тазаланса, сусыз ашығып денеңіздегі артық сулардан денеңізді екінші рет тазалап, адам мүшелерінің тазаланудың ең жоғарғы дәрежесіне жете білесіз. Оразаның адам денсаулығына пайдалы екенін ғылыми – медицинада терең дәлелденген, ашығу ережесін адам денсаулығына пайдалана білуіміз керек . Біз адамдарды тамақтануға қалай үйретсек, ашығу ережесін ұстануды одан да кем етпей барша адамға, әсіресе, сүйікті Отанымыздың болашағы жастарымызға үйреткеніміз жақсы болар еді. Күнделікті тіршілігіне сіңіп, салауатты өмір салтына айналса тіпті жақсы .