Préstamos rápidos de 8000 - comparar créditos rápidos Préstamos Finhelp.


 Витаминдерді қалаймыз

Қазақ елі ерте заманнан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді, малдың күшін көлік, ет-сүтімен күн көріп тіршілігіне жаратқан . Әркім өзіндегімен бай дегендей, ет-сүт-біздің күнделікті тамағымыз. Кішкентай кезімізден бері күнде ет сүтке үйренгеніміз соншалықты жеміс-жидек, өсімдік өнімдерінен дайын тағамдарды шөп-шалам ретінде қарап көбіне мән бере бермейміз. Жеміс-жидек, өсімдіктерден дайындалған тағам сусындар адам денсаулығына өте пайдалы , табиғаттың бізге берген мол сиы болар еді. Көптеген адамдар бау-бақша егіп бейнетінен қашып дегендей, ақша пұлымыз барда сауда—саттық орындарынан, базарлардан олардың сапасына қарамайақ алып жеп жатамыз, бірде аз, бірде көп жеп жатамыз . Бау-бақша ексеңіз, біріншіден: жанұялық қорыңызға септігі тиеді, екіншіден: жанұяда балаларыңыз еңбекке үйренеді, жеміс-жидек, өсімдік түрлерін жақсы таниды және осылардың пайдасы мен зиянды жақтарымен (қасиеттерімен) танысады, үшіншіден, өзіңіз өндірген өнімдердің зиянды улы қоспалардан таза екеніне сенесіз , төртіншіден: жан-ұя балалармен бау-бақшаны күте отырып, тәрбиелеу арқасында, олардың жеміс-жидек өсімдіктерге деген талғамына сүйіспеншілігіне жетерсіз. Жақсы күте білген бау-бақшаңыз шығарған шығыныңызды қайтарарыңызға кәміл сеніңіз және жан-ұяңызды әртүрлі витаминге бай өсімдіктермен қамтамасыз етеді. Көптеген жеміс-жидек өсімдіктерде де кездесетін витаминдер ет- сүтте болатын құнарлы витаминдерді алмастыра алады. Пістелер, жаңғақтарда кездесетін пайдалы витаминдер, құнарлы бай белоктарды бірыңғай көп жесеңіз жүрегіңіз шайылып тамақтан бас тартарсыз. Егер тәттіні немесе тұзды көп мөлшерде жесеңіз де осындай жағдайға душар боласыз. Жеміс-жидек өсімдіктердегі белоктар адам мүшелеріне зиянды емес, ас қорыту мүшелеріне жеңіл болады . Қалалық жерлерде тіпті ауылдық жерде де бау-бақша егіңіз, Қазақстанның қай жері болмасын егін шаруашылығына қолайлы, кішкентай бау-бақшаға барлық мүмкіншілік бар . Малшы ауылдарда көктемде бір мезгіл уақыт бөлсе жетіп жатыр, күтуіне бір адамның да күші жеткілікті, текке жаз айларында қора-қопсы үй-жайын күзетіп бір жанұя отырады. Бау-бақша егіп пайдасын көріңіз, көптеген өсімдіктер және олардың тамырларының шипалы қасиеттері бар . Әр кез тамақтану алдында капуста, сәбізден дайындалған салаттан қоректеніңіз. Әсерілеу үшін тұзды пайдаланбағаныңыз жөн, қалауыңызша чеснок-сарымсақ, петрушка-бұрышты немесе аздап қаймақ қосып әсерлеуге болады.. Капуста, сәбіз салаттары витаминге бай, асқазанға жеңіл тағам, ас қорыту денеге сіңіру қасиеті жоғары бағаланды. Осындай тағамды медицина тілінде сіңіру-қорыту-алмастыру (щелочные) тағам деп атап, әсіресе жас балаларға шикі тазаланған түрінде жеуге насихаттайды. Табиғи түрінде таза өсімдік өнімдерінде витаминге бай болады. Жоғарыда көрсетілген осы салатты « щелочные» ашығу кезеңізде жиі қолданған дұрыс, себебі денеңіздегі жағымсыз улы заттарды тазартуға көп септігі тиеді, дене мүшелеріңіз пайдалы витаминдермен коректенеді. Витаминге, белокқа бай өсімдіктен дайындалған тамаққа асқазан, дене мүшелеріңізді үйреткенше ет сүт секілді құнарлы тамақты күнде іздемейсіз, дене мүшелерің жылдам тыңайып жұмыс қабілеті жоғарылап денсаулығыңызды жақсартуға ықпал жасары анық . Қазақстан жерлерін, адамдар көп шоғырланған қалаларда, аудандарда көгалдандыру мәселесін үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, мемлекет қорынан көп ақша бөлінуде. Қала алаңдарын, көше бойларына тал-гүл егіп сәулеттендіреміз, сәнді болуы үшін біркелкі тал немесе қолдан шөп егіп көгалдандырамыз. Мен біркелкі тал егуге қарсымын, қандай тал түрі болса да пайдалы және түрлі тал шөптердің өсу қабілетіне байланысты адамдарға пайдалы қызмет жасары анық . Тал егіп, гүл – шөп өсіру-табиғатқа жақындасудың бір жолы . Әсіресе, нәресте дүниеге келгенде тал егу дәстүрін ұмытпаған абзал. Бала есейгенде талда өседі, жер көгереді.
 
Қазақстанда жылына 500-1000 нәресте дүниеге келер болса 1000 шыбық егіліп келер жылы кем дегенде 800-900 тал бой көтерері анық. Қалалық өлкеде, тіпті ауылдық жерде де суы бар жерлерге көптеген сай-жыраның бойына да қандай тал ағаш болмасын отырғызу керек, табиғатқа байланысты шыдамды тал бой көтеріп адамдарға сая болады, талы көп жердің ауасы да таза болады . Тал-шөп, жеміс-жидек өсімдік қасиеттерін көп оқып үйренгеніңіз дұрыс, адам денсаулығына тигізер пайдасы зор . Кейбір елдер өсімдіктерді де өндіріс жолына қойып шаш етектен пайда көруде. Гүлдерден өндірілген шампунь, сабын, иіс сулар адамдарға қызымет жасауда . Қайыңның суы «шырыны» шипалы емдік қасиеттері бар. Айта берсек, адам денсаулығына қажетті қасиеттер жеткілікті, осының бәрін үйреніп өміріңізге қолданыңыз . Табиғаттың шипалы пайдалысын адам денсаулығына тиімді пайдалануға әбден болады .
 
 
« Адам табиғаттан, бәрін ала алады »