http://www.sharomaniya63.ru/ как сделать украшение из воздушных шаров.


 ТЫМАУМЕН КҮРЕС

Адамдар суық тиіп тымаумен ауыра қалған жағдайда күндегі тіршілігі мәнсіз, жұмысы мардымсыз, қызуы көтеріліп басы басқа да денелері ауырып, өздерін бір ыңғайсыз жағдайда сезінеді . Осындай тымау ауруы кезінде көбіне табиғатты кінәлап жатамыз, күннің суығы мен салқын желдің өтіп кетуі, аяғымызбен басқа денелеріміз су болғанын кінәлап жатамыз . Тымау күннің суық кезінде әсіресе қыс айының алдында жиі кездеседі, сонымен қатар басқа да жыл мезгілінде жел өтінде ұзақ тұрған адам тымаумен ауырып қалуы әбден мүмкін . Тымаудың адамда пайда болуы, ғылыми түрде қарасақ денемізге жиналған жағымсыз улы заттардан адамның табиғи құбылысы арқылы өзін-өзі тазалау немесе айығу кезеңінің пайда болуы деп есептеген жөн . Кейбір адмдардың үйде де жұмыс орындарында да жылыға ыстық ортаға денесі үйренгені соншалықты дене мүшелеріміз (адам қызуы 36,6 градус темп.) суықты бойына тез қабылдай алады, суықтың адам денесіне тез өтуіне байланысты дене мүшелеріміздің қызыметімен денеміздегі артық жағымсыз улы заттардың қарамақайшылығы арқасында тымау ауруына әкеліп соқтырады . Тымау ауа-райының өзгергені сияқты көбіне қыс айларының алдында жиі кездеседі, тымау ауруынан адам денсаулығын тәрбиелеуге болады,біріншіден: денеміздегі артық жағымсыз улы заттардан таза болуымыз керек, денсаулығы таза адамның дене мүшелері тымау ауруы сияқты құбылыстарға оңай берілмейді . Екіншіден: жас кезімізден бастап денсаулық тазалығын сақтай отырып таңертеңгі кешкі мезгілде салқын сумен күнде жуынып шайынып отырғаныңыз жөн, тіпті қысты күндері ойықтарда көлдерде шомылып қар үстінде бір мезгіл жалаң аяқ жүргеніңіз дұрыс болар еді . Жылы үйде отырған адамнан гөрі күнделікті суық сумен шомылып жуынған адам қашанда төзімді тымау ауруымен ауырмайды десек те болады . Ашығу ережесі арқылы денеңізді тазалағанда ішкі күш-қуатыңыз денсаулығыңызға жұмсалуы қажет . Осындай кезеңде, ешқандай кедергі жасамағаны абзал, адам табиғаты суық тиген жағдайда өзін-өзі арашалап ала алады . Қайта жеңіл өтуіне байланысты сіз, тек ашығыңыз . Үш тәулікте кейбір жағдайда 7-10 тәулік ішінде адам өзін-өзі жақсарғанын сезіне алады . Ауасы таза жеке бөлмеде демалыңыз, дене мүшелеріңе демалыс беріңіз . Жан-ұя мүшелері, қызымет бабыменде әңгіме құрмаңыз, радио-теледидарға көңіл бөлмеңіз, күш-қуатыңыз тек қана тазалануға жұмсалсын . Ешқандай тамақ ішпеңіз, тек қана таза су ішіңіз немесе соған аздап араның балын қосып немесе лимон шырынын қосып ішіңіз де жылы төсекте демалыңыз . Адамдар тымау аурумен ауырғанда денесіндегі жағымсыз улы заттар мұрынбоқ түрінде бөлінеді және терлеу арқасында адам терісі арқылы сыртқа шығады, кіші дәрет арқылы бөлінеді . Тымаудан қорықпаңыз ! Ашығу ережесін сақтап жүрген адамға тымау кезінде үш тәулік ашығуда жетіп жатыр, қанша күн ашыққаныңызға көңіл бөлмеңіз, адамдар жан-дүнйесінің жақсарғанын өздері сезініп тіршілігі одан ары маңызды
 
жалғастырады . Ашығу кезінде адамдар пайдалы жұмыстар атқарады, ал ішкі дене мүшелеріміз табиғи құбылыс арқасында денсаулықты тазалайды . Тазаланған денені әрі қарай маңызды жалғастырып, бақытты өмір сүру тек қана өзіңізге, салауатты азаматқа байланысты . Тымау ауруымен науқастанғанда дене қызуы көтеріліп, басыңыз ауырып, күш-қуатыңыздан айырылуыңыз әбден мүмкін, бұл адамда кездесетін табиғи құбылыс . Адамның денесінің қызуы 36,6 гр. темп. есептелсе, ауырған кезде 38-40 гр.цельсияға дейін көтеріледі, адамның табиғаты тұла бойыңызға жылу беруі үшін пеш жаққандай . Адамдар терлеуі арқылы басынан аяғына дейін денесіндегі артық заттарды тері арқылы сыртқа шығарады, 3-7 тәулік ашыққаннан кейін денеңіз артық заттардан арылғасын өзіңізді жақсы сезініп дене қызуы 36,6 гр.Ц қайтадан түседі . Бұл да ешқандай кедергі болмаған жағдайда адамның табиғи құбылысы өз денсаулығы үшін күресе біледі деген сөз . Суықтан денсаулығыңыз бұзылып ауырмау үшін, күнделікті тіпті жас кезіңнен бастап денеңізді жағымсыз улы артық заттардан тазалап, суық сумен жуынуыңызды денеңізді салқын сумен шайынуға тәрбиелеуіңіз қажет .

 « Дене тазалығы - жан рахаты »