Тазалық - өмір талабы

Өмірге кеп,тірлік ете бастадым, Таңдасаңыз түзу жолын Алланың,
 
Қызықпенен өте шықты жас шағым. Жаратқаным қолдары анық қалғанын.
 
Өзегіңді өртеп өте шығатын, Жүз жасаған қарияға сәлем бер,
 
Өмір деген жалған екен қас-қағым. Сол айтады саламаттың қалғанын.
 
Өмір өтер,өзің-дағы өсерсің, Ораза ұстау-басты парыз баршаға,
 
Тірлігіңде талай сауал шешерсің. Оразаның пайдасы бар қаншама!
 
Өсе келе жақсы менен жаманды ...Денсаулығы темірдейін көкелер,
 
Айыратын жағдайға да жетерсің. Оразаны көп айтады тамсана.
 
Өмір осы,тұрған бойы-заңдылық, Оразаны жылда ұстан талмастан,
 
Жастық шақта байқатады сан қылық. Өнеге осы,бабамыздан жалғасқан.
 
Шайқап ішіп, алшаң басып жүрсең де, ...Таза жүрмеу,оразаны ұстанбау-
 
Болдым деме,толдым деме мәңгілік. Желкеңізді қиып түсер алдаспан.
 
Ақылдылық-денсаулықты сақтасаң, Сабақ алғын,менің айтар сөзімнен,
 
Қанағаттың қарагерін баптасаң. Осыны ойлап,түндерім аз көз ілген.
 
Шынықтырып әрқашанда денеңді, Денсаулықты көктен тілеп,қол жайма,
 
Үйіңізде шалқаңыздан жатпасаң. Бәрі,бәрі басталады өзіңнен.
 
Ең бірінші бақытымыз-тазалық, Жақсылыққа барша адам сенеді,
 
Ол жайында жыр-дастанды жазалық. Тазалықты жаным жақсы көреді.
 
Қалтадағы қаражатқа мәз болып, Дені сауды көру қандай ғанибет,
 
Тазалықтықтың қадірін білген аз,анық. Жастарыма осы емес пе керегі.
 
Күнін кешіп жүргін әр кез арлының, Жақсыны ойла жаныңа жылу береді,
 
Көңіліңді торламасын жарлы мұң. Ашығуға ішкі сенімің сенеді.
 
Есіңізде болсын әр кез,әрдайым, Өзін-өзі тәрбиелеген, көреген,
 
Табиғаттан алатының барлығын. Қиындықты адам ғана жеңеді.
 
 
Серік Тлеубергеннов
 
Сатпаев қаласы. 2013 жыл.
 
 
Оқығанда байқап отырған боларсыздар, жазылған сөйлемдердің аяғында қазақ халқының мақал-мәтелдерін жазып отырдым. Қазақ халқы өте ерте заманнан бері суырып салма, сөзге бай екенін айтып та жазып жүр. Ақындарымыз өлең айтып, бір шумақ өлеңмен ақ адамдарды тоқтатқанын естіп жатамыз. Қысқа да нұсқа сөйлеп айтатынын дәл түсіндіре білген. Қазақтың мақал-мәтелдерін оқып отырсаңыз, бір сағат түсіндіретін сөйлемді бір ақ жол мақалмен нақты түсіндіре алған. Ашығу тақырыбына байланысты қаншама көп мақал-мәтелдер қазақ халқында бар екенін біліп жүрерсіз? Осыны оқып, ойыңызда жаттап, қазақ қария-данышпандары келер ұрпақты ерте заманнан ақ ескерткенін жадыңызда сақтарсыз.Бір күн түсіндіретін тақырыпты қысқа да нұсқа сөйлеммен «мақал-мәтелмен» айта білетін қазақ халқын қалай мақтасақта тұрады. Қазағым қалай шешендік танытқан, үлкендерден ақыл сұрау жастарға қалған тәрбие боп саналған.
 
Менің осы кітапты жазуға түрткі болғаны ашығу тақырыбында қазақ тілінде кітаптардың болмауы, тіпті баспадан басылып шықпауында. Осы шығарманы қағаз бетіне түсірген уақыттан бастап кездескен дәрігер-мамандардың, халық емшілердің, сауатты азаматтардың ақыл-кеңестеріне көп мән бердім. 2012 жылдары үлкен азаматтарға көрсетіп,кітап шығаруға талаптанғасын Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының көзқарасын, диетологтар мамандарының айтқандарын келешекке үлгі алдым. Өкінішке орай, дәрігер-профессорлар «тамақ ішпеуге» қарсы екендерін айтқанды. Медицина, диетологтар ауруларға уақытында тамақ ішуге насихаттайды. Ойлап қарайықшы, үлкен қалаларда, белгілі бір топтар билікке келіспеушілік наразылығы ретінде ашықтан-ашық ашығып «голодовка» жасап жатады, тек қана су ішеді. Ашығулары 20-30 тәулікке дейін созылуы мүмкін, таң қалатынымыз осыған дәрігер-мамандардың өздері қадағалап, куә болып жатады. Оқыған дәрігеріміз қарсы болады, қарапайым дәрігер-мамандар куә болып, адамдарға ақыл-кеңестерін береді.
 
Осы кітаптан кейін, диетологтар, медицина мамандарынан, профессор-докторлардан келіспеушілік көзқарастарын білдіруі әбден мүмкін. Оқырмандар, сауатты азаматтар бірі жақсы дер, кейбіреуі жаман дер, қарапайым оқырмандар халық оқып өздеріне сабақ алса, бір адам болса да ішкі ағзасын тазалай білсе, бұл да бір жетістіктің бірі болар еді.
 
Медицина мамандары, диетологтар, ұлағатты сауатты азаматтар осы тақырыпты толық ашып жақсы жақтарынан нақты дәлелдермен толықтырып жатса оқырман қауымы жақсы қабылдар деген үміттемін.