Табиғатқа сеніңіз

Менің, көзқарасымда, бірде-бір адам екінші бір ауру (науқас) адамды емдеуге міндетті емес, ондай ауру адамға ауруыңның себебін түсіндірген дұрыс, яғни, қандай емдік жолмен денсаулығын тазалауға, денсаулығын зиянсыз емдік жолмен түзеуге ықпал (көмек) жасағаны дұрыс. Адамның денсаулығына тиімді жағдай жасаса ғана, адамның ішкі дене мүшелері, табиғи құрылысы ( қасиеттері) көптеген ауруды жеңе алады. Қазіргі дамыған заманымызда емханаларда, клиникаларда көптеген білгір оқыған емшілер (дәрігерлер) , медицинада көп жаңалықтар енгізген білгір, ғылыми атағы бар дәрігерлер, профессорлар, хирургтар адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етуде. Бұндай дәрігер-емшілер адам денсаулығын тексеріп анықтайтын өте жоғары дәрежеде дамыған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, лабораториялар-машиналар қалтқысыз қызымет етуде. Адам ауруын (науқасын) емдеуде, жеңіл де әрі күрделі ауруларды емдеуге ақ халатты абзал жандар емшілер, адам денсаулығына ажалмен араша түскен еңбектерін еңбекқор халықпен қатар үкіметіміз әрқашан жоғары бағалаған. Әрбір ірі өнеркәсіп ошақтарында, мекемелерде, аудан-қала-облыс орталықтарында да адам денсаулығын тексеруге-емдеуге арнап қаншама профилактория-санаториялар, емханалармен клиникалар салынған. Бұл мекемелерде қаншама емшілер-дәрігерлер мамандары күні-түні тынымсыз еңбек етуде, емханаларда үкімет тарапынан ауруларға қаншама дәрі-дәрмек, жататын орын, ішер тамағы бөлініп отырғанын есептесеңіз, ақ халатты абзал жандар дәрігер еңбегі мен үкімет көмегін бағалар едіңіз. Бұның бәрі де адам денсаулығы үшін. Күннен күнге аурудың түрлерінің күрделеніп,ауыр халге душар етіп жатқанынан емші-дәрігеріміздің қызметтері күрделеніп бара жатыр, кейбір дәрігер-маман,оташы-хирургтарымыз демалу дегенді білмейді, тіпті күні-түні еңбек етуде деп айтсақ артық болмайды. Неге біз ақ халатты абзал жандар еңбегін (қызметін) жеңілдетпейміз, неге қолдан келгенше көмектеспейміз ? Егер, 100 адамға 1 дәрігер-маман келеді деп есептесек, сөзсіз, тіпті бір ауру науқасқа бір дәрігер-маман талап етеміз. Өйткені, көптеген адамдар денсаулығын күтінбейді, емханаларымыз ауру-науқастарға толы, халық емшілеріне де қаншама аурулар мен дімкес-мешел адамдар көрініп ем алуда. Ақ халатты абзал жандарға берер біздің көмегіміз-денсаулығымызды тазалап-түзеу болып табылады, ешқашанда ауруға жол бермей дәрігер-маманнан көмек күтпей, тек қана ақыл-кеңес алғанымыз дұрыс. Денеміздегі аурулардан арылудың бір жолы – ішкі дене мүшелерімізді ашығу ережелерін
 
ұстана отырып зиянды заттардан тазалау болады, өз денсаулығыңды тазалай біл. Күнделікті тіршілігімізде, жыл мезгілдерінде бірқалыпта ашығу ережелерін мықтап ұстанған адам, пайдалы-құнарлы тағамдармен жеткілікті түрде (құрамында витаминдер мол болғаны дұрыс) ғана қоректенсе, жаман әдет-ғұрыптан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанса, ақыл-ой-сананың арқасында бақытты ұзақ өмірге және зор денсаулыққа ие болары сөзсіз. Адам денсаулығының тазаруы-денеміздің ішкі биологиялық құбылысы, сіз ашығу арқылы ішкі дене мүшелеріңіздің жұмысына барынша тиімді жағдай жасай аласыз. Табиғатқа, адамның табиғи құбылысына сеніңіз, олар адам денсаулығын
 
ешқашан алдамайды. А ш ы ғ у - денсаулығыңызды тазартуға, әрі бір қалыпты таза да жоғары дәрежеде күтінетін бірден-бір көмекшіңіз. Ашығу арқылы ішкі ағзаңызды (мүшелеріңізді) тазалай білгеніңіз дұрыс .
 

 

« Адам өзіні-өзі сенбесе, өмір сүру соншалықты қызықты болмайды »