evrimcalismagrubu.org . full article


 Т Ұ З ТУРАЛЫ

Ерте заманда «ЖЕР ТҰЗЫ» туралы адамзат баласы үшін пайдалы жақтарын жақсы ұғымда түсіндіріп келгені анық . Рас, тұзды көптеген аурулардан емделу мақсатында, малдың шөп-жеміне қосатыны, өндіріс мақсаттарында қолданылып пайдалы жақтарын күнделікті тіршілігімізде көріп жүрміз. Осы тұздар адам денсаулығына зиян екенін, сіз білесіз бе? Күнделікті ішіп-жеп жүрген тағамдарыңа натрий ерітіндісі немесе кальции ерітіндісін қосып әсерлеп жер ме едіңіз? Бұндай тағамдарды ішіп-жеуге болмайтынын барлық адам біледі, өйткені денсаулыққа зиян.Тұз, осы натрий мен кальцидің қосындысы екенін ғылыми түрде дәлелденген. Тұздың, адам денсаулығына көптеген зиян келтіретінін ғылыми-медицина дәлелденген, тіпті көптеген емханаларда «арнайы тағам» ретінде тұзсыз дайындалған тағаммен науқастарды емдейді.
 
1. тұз – тағам емес.
 
2. тұзды – адам мүшелері қорыта алмайды, құрамында пайдалы витаминдер жоқ .
 
3. Бүйрекке, көк бауырға, жүрекке, қан тамырларына, адам терілеріне орасан зор зиян келтіреді .
 
4. көп мөлшерде қабылданған тұз, жүрегіңізге у болып жабысады, нерв жүйесі тозады, сырқырама ауруға шалдығасыз.
 
5. тұзды көп мөлшерде жесеңіз, денеңіздегі кальций мен фосфор құрамын жуып шаяды, асқазандағы сілекей – шырынға әсер етеді, шектер мен қан тамырларының қабырға қабаттарын қалыңдатады.
 
Тұздың, осындай зиянды екенін біле отырып неге өмірімізде көп қолданамыз ? Қазақ халқы, көптеген Орта Азия елдерінде ет-май ыстық күндері бұзылмау үшін тұздап сақтай білген, ол кезде халықтар көшпенді салтын ұстанған. Соғым, мал сойғанда да көп етті сүрлеп ұзақ мерзімге сақтау үшін де тұздаған. Кейбір халықтар әсіресе эскималар тұзды мүлдем қолданбайды, тәп-тәуір өмір сүреді. Тұзды немесе өте қатты тұздалған тамақ жесеңіз, адамдар тез шөлдеп суды көп ішкізеді. Осы тұздан адам бүйрегі анағұрлым көп зардап шегеді, бүйректегі көптеген сүзбелердің ұсақта жұмсақ клеткалары тұзды қорытып өткізе алмайды тас жиналуына ықпал жасайды . Тағы бір зияны, мүшелеріміз қорыта алмаған тұздар дене құрылысында қалып әсіресе аяқ, қол, омыртқа арасында қалып сырқырама ауруына өте ерте жастан ақ көндігеміз. Әсіресе, аталар мен әжелеріміздің аяқ-қолдары сырқырап, белдері бүгіліп «сегіз көздерінің» зардабын шегіп жүргенін көріп жүреміз. Тұздбен көп көректену салдарынан дүние жүзі халықтары ішінде жапон халқының қан қысымы өте жоғары, жүрек-қан тамырлары күрделі аурулармен жиі ауырады. Қан қысымы қалай болады? Ғылыми медицина тілінде бірнеше себептер бар: қатты қозғалыста ауыр жұмыс, күрделі жаттығу, спортпен қатты айналысқан егде жастағы адам, өте көп мөлшерде күш-қуатын кетіргенде, денеде артық улы заттар көп жиналғанда, тұзды көп мөлшерде жегенде жүрекке зиян және бұларданда басқа: темекі-арақ, заводтардағы түтін-газдар, дәрі-дәрмектердің зияндылығы, өндірістердің денсаулыққа зиянды жақтары мен қоршаған ортаның жағымсыз жақтары болып табылады. Мүмкінінше осындай зиянды нәрселерден денемізді аулақ ұстанған жөн, дене тазалығын қадағалаңыз , күнделікті тағамда қолданылып жүрген тұзды өте аз мөлшерде қолдануымыз керек. Жоғарыда көрсетілгендей: дәрігер-мамандар тұзсыз тағам ұсынады, кейбір халықтар тұзсыз өмір сүруде, ал көзі ашық ұлағатты азамат тұзды мейлінше өте аз мөлшерде қажет етеді. Ғылыми медициналық тәжірибелерге тоқталсақ, бір адамға тәулігіне 0,5-1 грамм тұз жетіп жатыр. Тұзды көп жеген адам шөлдегіш болып келеді. Суды көп ішу салдарынан дене құрылысыңыз сумен бірге ісе де алады, қан қысымы жоғарылайды. Сумен бірге майлы да құнарлы тамақ денемізді семіртеді, семіз дене ауруға жиі шалдығады . Семіз (толық) адам сусыз ұзақ қашықтыққа жүргенде, спорт
 
жаттығуларында, ыстық күндері ауыр жұмыс атқарғанда оларға ыңғайсыз жағдай тудырататынын білеміз, ондай адамдарға су, ішуіне жуынуына жиі қажет . Кейбір адамдар тұзсыз тағам- тамақтар адам денсаулығына зиян келтірмей ме?
 
деген ойда жүреді. Ондай адамдарға табиғат заңдарын, құстар, жан-жануарлар тіршілігін мысалға келтіруге болады. Кейбір мағұлыматтарда жануарлар, ит-құстар тұзды іздеп тіпті алыс жерлерге барады делінген. Мұқият тексеріс кезінде, олардың тек қана тұзды емес, сонымен қатар керекті витамині бар өсімдік-шөптерге деген құштарлық бар. Егер тұзды және тұзсыз суды екі ыдысқа қойсаңыз, қандай жануарлар болмасын бірден тұзсыз суды ішері анық . Тұзды сиыр шаруашылығында жиі қолданады. Неліктен? дейсіз ғой. Жем-шөппен бірге тұз жалаған сиырлар көп мөлшерде суды ішеді. Осы судың әсерінен сиырлар көп мөлшерде сүт бере алады . Көп сүт мал шаруашылығына қашанда пайда әкелері сөзсіз. Сауда-саттық өркендеген дәуірімізде көптеген тағамдарда, ішімдік-сусындарда да, консервіленген еттерде, колбаса нан өнеркәсібінде де, тіпті балалар тағамдарында да тұз жиі қолданылады. Бұл аздай-ақ көптеген басқа елдерде балаларға, ауыр өнеркәсіп жұмысшыларына, әскер қатарындағы «ұландарға» дейін тұзды таблетка- лар түрінде бөлінеді, бұндай көмек адамдарға керек пе ? Ет-сүтте, балықта, өсімдік құра- мындағы тұздар, натрий ерітінділері адам денесіне тұзды қолданбай ақ жетіп жатыр . Күнделікті тамақтанғанда, қанша тұз қосқаныңызды есептедіңізбе ? Және оны бірнеше күндерге-айларға қосып есептеңізші, сіздің мүшелеріңіз ауырмағанда не істейді ? Бір адамға 0,5-1 грамм тұз жеткілікті болса, көптеген адамдар тәулігіне 15-20 рет тұзды артық қолданады, осының салдарынан дене құрылысымыз нашарлап, есейгенде аяқ-қол, омыртқаларымыз сырқырап, «сегіз көздің» сырқырауы әбден мүмкін. Тұз денсаулыққа зиян, ал тағамдардың әсерленуі – бұл саудагердің қолы екенін байқаймыз . Өйкені тұзды тағамға үйренген адам, ондай тағамды күнде сатып алуы керек. Жас балаға тұзды көп жегізсеңіз олардың басы айналып құсады немесе қатты ауырады, тұзды тамаққа үйренген Орта Азия жастары 30 жаста ақ ауруға шалдығады. Қытайда жастарға арналған тұзды-тұзсыз сыра, Америка да тіпті тұзды ішімдіктер дайарланады . Қазақтар соғым сойып етті сүрлеу үшін тұздайды. Осы етті пісіргенде тағы да үстіне тұз қосады. Неге біз тұздың денсаулыққа зиянды екенін біле тұра, көп мөлшерде тіршілігімізде тұтынамыз. Салаттарға,өсімдіктен жасалған тағамдарға әсерлеу үшін тұз қосамыз, әсерлеу үшін басқа да жолдар бар емес пе? Мысалы: чеснок, пияз, петрушка және т.б. өмірде бәрі керісінше, өйткені біз тұзға әбден үйреніп алғанбыз. Тұздың зиянды екенін бір адамдай білгендейміз, денемізді тұздан тазалау үшін ашығу керек. Денеміздегі тұзды тазалауға 24-36 сағаттық ашығу әсіресе 7-10 тәулік ашығу қатты әсер етеді. Ашығу ережесін сақтансаңыз ішкі дене мүшелеріңіз тұздан тазалай біледі. Ашығуды қайталау арқылы тұздан мүмкіндігінше тазаланасыз, күннен-күнге тұздың денеңізде азайғанын байқауға болады .
 
 
« Тұз - ас емес »