Т І С ТУРАЛЫ

Адамда ас қорыту жұмысында ауызымыздағы маржандай ақ тістеріміздің атқарар қызметі бар. Осы тістеріміздің аман – саулығын күтіп сақтауымыз керек. Мықты да маржандай ақ тістеріміз аузымыздағы тағамдарды ұсақтайды әрі ұсақталған тағамды сілекей – шырынмен араластыра отырып адам асқазанына жібереді. Егер сіздің тістеріңіз зақымдалып ауырған болса немесе жоқ болса жеген тамақты толық ұсақтамау арқасында көбіне бітеу қалпында асқазанға жөнелтеді де асқазанның мейлінше ұнтақтау (бөлшектеу) қызметін күрделендіресіз. Бұндай күрделі қорытылған тамақтар басқа дене мүшелеріне де ауыр болары сөзсіз. Тіс ауруына байланысты тамақты ішіп-жеудің маңызы бұзылады, нерв-сезім жүйелері нашарлап демалыс-ұйқыңыздан мән кетеді. Медицина саласында ауырған тісті емдейді, тазалайды. Жоқ тістің орынына темірден, сүйектен тіс салып толтырады немесе пластмастан протез салып тістің орынын түгендейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. кейінгі ұрпақтарына : - тістеріңді ертемен масиқпен тазалаңдар, деп өсиет қалдырғанын еске түсірейік. Ерте кезде Орта Азияда тіс ауруы сирек болғанға ұқсайды, бұны Орыс ғалымдары жергілікті халықтар (қазақтар) сүт өнімінен айранды ашыту, қайнату, сүзбе арқылы жасалған құртты жиі жеген деп түсіндіреді, тұзды құртты жеу арқылы денемізге көп мөлшерде тұз жиналатынын ескермегенін байқаймыз. Қазіргі кезде адам тісін бала-бақша, мектеп жасынан бастап ақ тексеріп қадағалауда. Тісті таңертең-кешкі екі мезгіл тазалаған жөн. Тісіңіз аман-сау болса, асқазан жұмысы жеңілдеп өзіңізге пайдалы болады. « Түсіңнің ажары – тісің » деп қазақ халқы тегін айтпаған. Сүйек, қатты заттар, тәтті де қатты конфеттер адам тісінің жауы болады.
 
 
«Адам өзін кінәлау керек – табиғатымен санаспағанына »