Т А З А СУЛАР

Химия ғылымында таза су – Н2 О, үш бөлікке бөлінсе : екі бөлігі су болса, ал бір бөлігі ауа болары сөзсіз.Темір, хлор және басқа да химиялық ерітіндісі бар сулар таза су болып есептелмейді. Химия ғылымында сүйенсек: күндегі ішіп-жеп жүрген тағамдарды екі түрге бөлуге болады:
 
1. қорытылатын (органические) заттар,
 
2. қорытылмайтын (неорганические) заттар
 
Қорытылатын заттарға балық, құстар, мал-жануарлардан алынатын өнімдер: ет, сүт, айран, қаймақ, май, жұмыртқа т.б. және жеміс-жидек, өсімдіктерден алынатын өнімдер : күнбағыс майы, нан өнімдері, сусындар т.б. түрлерін жатқызуға болады, бұларды дене мүшелеріміз қорыта алады. Қорытылмайтын заттарға : Менделеев элементерінде кездесетін заттар (қоспалар, ерітінділер), парафин қоймалжыңы, тұз секілді заттарды жатқызуға болады, бұларды дене мүшеміз қорыта алмайды әрі дене клеткаларына сіңбейді, денсаулыққа зиян болып табылады. Жеміс-жидек, өсімдіктерден алынған суды ішетін болсаңыз, сіз таза су ішесіз және құрамында ұнтақталған (езілген) табиғи қант, көптеген витамині бар пайдалы заттармен коректенесіз. Сіз өзен,көл, су қоймаларынан су ішер болсаңыз, есіңізде болсын, бұл таза су емес, құрамында ерітілген минералдар болуы әбден мүмкін. Көбіне осындай суларды қатты сулар дейміз, өйткені құрамында көбіне қорытылмайтын заттар ерітінділері кездесіп отырады.Таза суға көбіне жақынырағы жаңбыр суы, қар ерітінділері болып келеді. Сіздерге түсінікті болу үшін бірнеше мысал келтіріп, ғылыми тәжірибеден үзінді келтірейін. «Робин Крузо» ның бастан кешкен оқиғасы дәлел болғандай. Ол мекендеген аралды жан-жағынан теңіз суы қоршап жатыр, теңіз суы ащы, адам ішуіне жарамайды. Ұзақ мерзімде аралда қалған Робин Крузо жеміс-жидек, өсімдіктер, құстар мен аңдардың, мал өнімдері: ет, сүтпен қоректене отырып денсаулығын бұзбай тіршілікке жалғыз өзі төзе білген. Жаңбырлы түн, суық жел, адам шыдамас ыстық аптап Робин Крузоны табиғат заңына көндіре білді, төзім арқасында жеңіске жетті. Теңізде жүрген жүк таситын үлкен кемелер, жүздеген адамы бар әскери кемелер,су асты сүңгіуір қайықтар ұзақ тәулікке, тіпті 4-6 ай шамасында сапар шегеді, қызмет атқарады. Теңіз суы-ащы, адам ішуге жарамсыз болғандықтан, теңіз суын өндірістік жолмен тазарту арқылы адамның ішуіне жарайтын таза су алып, бөлек ыдысқа (қоймада) сақтап қояды. Осындай үлкен теңізде апатқа ұшыраған көптеген адам таситын кеме бұзылған болса, ондағы адамдар ішетін суды қайдан алады? Яғни кемедегі адамдарға сырттан көмек келгенше ұзақ мерзімде көптеген тәулік бойы ауыз сусыз күн кешері анық. Осы адамдарды сусыз тірліктен құтқарар тек қана жаңбыр суы болары еді. Жаңбыр суы - өлі су адам ішуге болмайды деп ойласаңыз да сіз осы жаңбыр суын бірнеше тәулік бойы ішеріңіз анық., жаңбыр суының құрамында ешқандай минерал заттар жоқ. Жаңбыр суымен шөліңізді басасыз, яғни сіз де, миллиондаған адамдар қатарында таза су ішкен болып есептелінесіз. Полинезинск аралында тұратын халықтар таза су немесе жаңбыр суымен қатар тал басында өсетін сусын жемістерді сусын-су ретінде қолданады. Осы аралды мекен еткен халықтар жас мөлшерлеріне көңіл бөлмейді, өйткені қариялар 60-80 жасында өздерін өте тың сезініп, тіпті жастармен қатар жылдам билерді бірге билей алады. Дәрігер-мамандар тексергенде осы қариялардың жүрек соғуы, қан қысымы, ішкі дене мүшелерінің қызметі жақсы қалыпта екенін денсаулықтарының мықты болғанын бақылаған.Қай жылы туғандарын, жастарының ұлғайғанын ешқашанда мән бермеген, пайдалы жұмыс атқара берген, көппен бірге жұмыс істеген. Көптеген аралдарда, шөлейт жерлерінде тұрғын үйлер мен үлкен де зәулім ғимараттар жаппаларынан су ағарын ыңғайлап соғып, жаңбыр
 
суларын ыдысқа, таттанбайтын су қоймаларына жинайды. Осындай суларды
 
құрғақшылық уақытында жергілікті халықтар ауыз суға пайдалана білген. Каприядағы Тиберия императорының қорғанында жаңбыр суын жинауға арнап таттанбайтын жер асты үлкен қоймасы жасақталған. Жаңбыр сулары үлкен де биік қабырғалар арқылы, қорған жаппалары арқылы төмен ағып,осы жер асты қоймаларға келіп жиналады. Бүгіндері жиырмасыншы ғасыр болғанменен қуаңшылық кездерде адамдар осы қоймалардан ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ерітілген қар суы да жаңбыр суымен пара-пар. Құдықтың , бұлақтың тұщы сулары жер асты қабаттарынан сүзіліп, тазартылып адам қажетіне жаратылады, кейбір жер асты минералды сулардың емдік қасиеттері де бар. Жердегі сулар күн қызуымен буға айналып аспанға (көкке) көтеріліп бұлтқа айналады, жерге қайтадан жаңбыр болып жауады, қысты күндері қар болып түседі. Бұл да бір табиғаттың мың да бір ғажабы . Жаңбыр суы жаратушы Тәңірінің адам үшін жіберген бір ризығы. Сонымен таза суды төмендегідей жалғастыруға болады:
 
1. таза (дисцилированное) су,
 
2. жаңбыр, ерітілген қар суы,
 
3. тұщы жер асты минералды суы
 
4. тұщы құдық, бұлақ суы,
 
5. қайнатылған су немесе шай .
 
Көптеген ақпаратта жазылғандай «бәлендей су» таза екен деген жарнама-ескертпелер мені мазалайды. Емдік қасиеттері бар шипалы сулар, бұлақтар Кавказ тауларында, Қазақстан жерлері: Сары-Ағаш, Алма-Арасан,Шалқия, Мойылды, Бурабай, Ұлытау өңірінде, Армения,Грузия, Россия жерлерінде көптеген емделу санатория-профилактория көптеп ашылуда халық игілігіне қызымет атқаруда . Бұл шипалы сулар жер асты көздерінен шығады: кейбіреуі ащы, кейбіреуі ыстық қайнаған, ал кейбіреулерінде басқа да қажетті витаминдер, емдік қасиеттер кездеседі . Бұл қасиеттерді жергілікті дәрігер-маман жақсы біледі, әрбіреуі номерленіп немесе жеке дара аталады. Дәрігер-маман адам денсаулығын толық тексергеннен кейін қандай бұлақ көзінен тәулігіне қанша мөлшерде су ішетінін немесе қандай ем алатынын ескеріп қадағалайды. Егер, дәрігер-маман кеңесін тыңдамай, неше түрлі қасиеттерге бай бұлақ көздерінен ем ала берсе, ондай адам өз денсаулығына зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұндай сулардың емдік қасиеті бар, олар таза су қатарына жатпайды. Аптекада істелінетін барлық дәрі-дәрмектер, техника аккумуляторына тек қана таза (дисцилированное) су қолданылады. Орта Азия, Шығыс елдерінде, құмды шөлейт жерлерде өте ерте заманнан бері күннің ыстық, жаз айларының ұзақ болуына байланысты шөлін, шаршағанын басу үшін шай ішуді әдетке айналдырған. Егер, сіз қоюланған шайды (чефирді) жиі ішсеңіз денсаулығыңыз бұзылып, ауруға шалдығасыз. Қазақ халқы көбіне шай ішеді, әсіресе «қыпшақша» шай ішкенді жоғары бағалаған. Самауырында қайнатылған шайды жеке ыдысқа демдеп отқа 5 минут қояды, кішкентай кесеге ортан беліне жеткізбей өте қоюландырмай шай құйылып, аздап сүт құяды. Әрбір адам қантты керегінше салады, аз мөлшерде ішілген шай денеңе сіңімді болады. Осындай шай үстінде шөлін басқан, шаршағанынан арылған адам күш-қуаты бойына жиналып,ұзақты күн еңбек ете білген.Түрік халқы қазіргі заманда шайды түс мезгілінде бір мезгіл ғана ішкен,ал басқа уақытта таңертең,кешке таман сусындар ішкен,немесе тазартылған су ішіп жүре береді. Таза суды бір жыл көлемінде қолдансаңыз, басқа да суларды дене мүшелеріңіз қажет етпейді . Денсаулығыңызды түзеу үшін, тек қана таза суды ішкеніңіз абзал. Таза су – тазалықтың кепілі. Адамға тамақ қандай қажет болса, таза су тіршілігіңде сондай қажет. Дене мүшеңізді таза суға тәрбиелеңіз, үйрету қажет.