Схемы завязывания галстука www.citymix.ru/catalog/galstuk-klassicheskij/.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Сіздің денсаулығыңызға тоғыз емші қызмет атқарады


 Сіздің денсаулығыңызға тоғыз емші қызмет атқарады

Табиғат берген бұл тоғыз емшілер адам денсаулығының өте жақсы болғанын қалайды, әрі тиімді көмек жасайды. Олар қашанда денсаулығыңызға кедергі жасап зиянкелтірмейді, кейбір адамдар бұндай көмекші емшілерді ескермей, алтыннан қымбат уақытын бекер өткізіп жатады. Бұндай емшілер адам денсаулығын өте жақсы түсіне біледі. Олардың көзіне ауру (науқас) адам көріне ме? Көрінбейме ? Көрінбей жүріп-ақ қашанда денсаулыққа пайдалы қызыметін атқара береді. Бұл емшілер, жастарға-кәрілерге, кедей-байларға деп бөлмей, барлық адамзат баласына көмекке дайын, қамқор болады. Бұл емшілер ешқандай операция, ешқандай дәрі-дәрмек бермей-ақ денсаулығыңызды түзейді. Бұл емшілермен бәріңде таныссыңдар, көбіне мән бермей, уақытыңызды бөлмейсіз, оларды күнделікті тіршілікке мәңгі-бақи өзіңізге жолдас етіңіз. Бұл емшілер қашанда адамға көмек көрсетеді ; денсаулығыңызды түзеуге, қызықты-бақытты өмір сүруге, мәңгілік жастықты ұзақ мерзімде өткеруге т.б., денсаулығымыздың мықты болуын, ақыл-ой-санамыздың парасаттылығы мен күш-жігеріміздің жетілуіне, барлық адамға өмір силаған, бұл емшілерді таныстырсам, төмендегідей :
 
бірінші емші : күн сәлесі.
 
екінші емші : таза ауа .
 
үшінші емші : таза су.
 
төртінші емші: пайдалы тағамдар (тамақ).
 
бесінші емші : а ш ы ғ у .
 
алтыншы емші: дене тәрбиесі, пайдалы жұмыс.
 
жетінші емші : демалыс, серуен, табиғатқа шығу.
 
сегізінші емші; сүйек құрылысын, омыртқаны дұрыс тәрбиелеу.
 
тоғызыншы емші: ақыл-ой,сананы жетілдіру.
 
Бұл тоғыз емшілер сізге көмекке дайын, мәңгі-бақи бірге болып өзіңізге жолдас етіңіз. Осы тоғыз емшілер ашығу ережесін құрайды.Менің ашыққан кезімде,әсіресе ұзақ мерзімдік ашығу күндерімде жоғарыда айтылған тоғыз емшілер жиі есіме түсіп отырды. Қазіргі дамыған заманда жылы бөлмелерде,жұмсақ орындықтарда (кабинеттерде) көп уақытымызды өткізіп жатамыз, бір мезгіл өз бетіңізше немесе жан-ұяңязбен немерешөберелеріңді ертіп күн көзінен нәр ала серуендеңіз,күн сәулесі адам терілеріне өте пайдалы.Сонымен қатар таза ауада демаласыз,терең тыныс алу жаттығуларын жақындарыңызбен бірге жасаңыз,адам өкпесі таза ауамен тыныстайды.Судың бәрі таза емес,күнделікті ішетін суыңыздың тазалығына алдымен көз жеткізіңіз тіпті қалаңыздағы зертхана арқылы тексертсеңізде,жаман-лай суларданда адам мүшелеріне зиян келуі әбден мүмкін.Жоқшылық қолды күрмейді,аш адамға тамақтың көп болғаны жақсы ақ,бірақ жас ұрпақ күнделікті тағамдардың адам ағзаларына,ішкі мүшелеріне зиянын келтірмейтін қасиеттері –витаминдерге бай,қорытылу-сіңіру ерекшеліктері жеңіл түрде қарапайым түрдегі тағамды таңдауға тәрбиелеуді үйрету қажет.Қазақта мынадай сөз бар:қозы,лақ қалай өседі?Үлкендер айтады екен:қозы-лақ күнделікті қозғалыста жүгіріп секіру арқасында дене мүшелерінің өскенін байқатады.Сол сияқты жас балаларда дене жаттығу- ларын күнделікті жасап,алаңдарда жүгіріп секіру арқасында,пайдалы жұмыс арқылы ғана дене мүшелерінің дұрыс өсуіне,сүйек құрылысының,арқа омыртқаларының,аяқ-қолдың бұлшық еттерінің жақсы дамуына әсер етері хақ.Соңында айтарым ашығу кезінде адамның ойлау қабілеті жетіліп,адам санасын жетілдіріп өзіңіздің ішкі сезіміңізбен адам денсаулығына ненің пайдалы ненің пайдасыз екеніне көз жеткізуің анық. Осылардың бәрі де адам үшін қажет екенін, күнделікті тіршілігімізге кіргізіп ұзақ жылдар бойы жолдас етуіме тура келді.Адам өзін тәрбиелеу арқылы ғана жақсы жетістіктерге жете алатынына сеніміңіз молайа түсетініне көз жеткізуіңізге әбден болады.Жақсылықты жиі ойланыңыз жаныңыз жадырайды.
 
 
« Табиғат - бәрімізге ұстаз »