С Ү Т

Сүт және сүттен жасалған тағамдардың күнделікті өмірде алатын орыны ерекше.Ерте кезде-ақ Аристотель, Гиппократ, Гален және Орта Азия ғұламалары сүт тағамдарын ерекше бағалап адам организміне керекті витаминдер кездесетінін атап өткен. Қазіргі таңда ғылым медицина сүттен жасалған тағамдардың пайдалы қасиеттерін жоғары бағалайды. Сүт құрамында: 3,5 пр. Белок, 4 пр. Май, 5 пр. көміртегі бар екенін айтады. Жаңа сауылған 100 гр. сиыр сүті – адам организміне 61 калория күш береді, ал осындай айран – 69 калория. Әсіресе, ашыған айранның адам денсаулығына пайдасы мол, ашыған айран шектің жұмысын жақсартып, оның микробтарға күресін күшейтеді. Атақты орыс ғалымы И.Мечников «шектің шіруі әсерінен организм тозады» деген қорытындысында, болдырмау үшін ашыған айранды пайдалану керектігін ескерткен. Тау халықтары ашыған айранды тұрақты тағам ретінде күніне 200 гр. ішуді әдетке айналдырған, ұзақ өмір сүрудің бірден бір кепілі деп білген.Ашыған сүт адам организмдегі зат алмасу процесінде ферменттер мен гармондардың пайда болуына тікелей себеп болатын және белоктардың табиғи нәр алатын көзі. Оның өсіп өнетін организмге, аурудан соң денсаулықты қалпына келтіруге тигізетін әсері мол. Сүттің жұқпалы бауыр ауруларына және семіздік, қанда холестерин көбейгенде де емдік қасиеттері бар. Мәселен, мөлшерден тыс семірген, жүрек қан тамырлары, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін сиыр сүтімен жасалған брынза мен сырды міндетті түрде күнделікті тамақтануы керек. Қазақтар адам уланғанда сүт ішкізген, адам суық тиіп денесі қызғанда ыстық сүтке аздап май қосып ішкізген. Пайдасы бар екен деп көп мөлшерде күнделікті сүт ішпеңіз, ашыған айранды есептемегенде. Сүтті жетісіне бір мезгіл ішсеңіз де денсаулығыңызға жеткілікті. Біз күнде тамақ жейміз, жеміс-жидек өсімдіктен жасалған жеңіл тағам мен сусындарды ішеміз. Осылардың қасиетін, құрамын, адам денесіне таралатын калориясын жақсы білеміз бе? Калориясы көп тамақ пайдалы деп есептесек көп қателесеміз. Әр тағамды денемізге сіңіруінен, құрамындағы витаминдерге байланысты бағалаймыз, әрі коректенеміз. Арбуз – қан тамырлары, бүйрек ауырғанда пайдалы. Баклажан қан құрамындағы холестеринді азайтады, атеросклероз, бүйрек, бауыр ауруларына септігін тигізеді. Горох және фасоль – денедегі тұзды таратады. Брусника- қан тамырларының қысымын азайтады. Вишня - шектеріміздегі тағамның ашып кету құбылысын азайтады.
 
Инжар – жөтелге қолданылады, қайнаған сүтке қосып ішіңіз, қақырынуына тиімді, егер диабетте – қатты шаншуда қолдансаңыз, салмағыңыз ауыр болса адамға қауыпті. Картофель –бүйрек ауырғанда, қан тамырлары жолдары ауырғанда пайдалы.
 
Асқазан ауырғанда, асқазан согының қышқылы көтерілгенде картоп согын ішіңіз, диабетте семіргенде картофельден жасалған тағамнан аулақ болыңыз. Жуа (лук ) асқазан қатпарларының жұмысын жиілетеді, асқазан ішектерінің қызметі әлсірегенде бауыр мен бүйрек ауырғанда жуаны жеу қауіпті . Малина суық тигенде тымауға қарсы ыстық шайға қосып ішеді, бүйрек ауруына қарсы қолданбаған абзал.
 
Тағы да көптеген мысал келтіруге болады: өсімдік шөп тамырларынан адамды емдеп қана қоймай, білмеу әсерінен көп мөлшерде қолданып емделу нәтижесінде көп зиян келтіруіміз ықтимал. Сондықтан шөппен емделер алдында дәрігер-маманнан ақыл кеңесін тыңдағаныңыз жөн, халық емшілерінің қадағалап, бақылап отырса денсаулығыңызға
 
пайдалы болары сөзсіз. Дұрыс қолданбаған емдік шөптерден денсаулығыңызға айықпас зиян келтіруге болады. Кейбір адамдар, табиғат шөптердің емдік қасиеті артық болмайды деп мөлшерден артық ішеді, ақырында ауруға шалдығады. Сыртқы көзге зиянсыз көрінгенмен кейбір шөптер побочный әсер беруі мүмкін, шөптен алынған дәрілер токсичный болып келеді, мысалы: морфин, стрихин,кураре, атронин т.б. Тіршілікте көп қолданатын шөптен дәрі-дәрмектерде кейбір жағдайда өте зиянды.
 
Зверевой – ұзақ уақыт ішсеңіз, мешел ауруына шалдықтырады. Алоэ (жүзжапырақ) – 100 мл. Күндіз 200 мл.-ге дейін тәулігіне жиі ішсеңіз, асқазан ауруына, беліңізге қан құйылуы, босанатын әйелдерде ерте толғатуы, басқа әйелдерде – геморой болуы әбден мүмкін. Валерьянка – 5 процент дәрі кейбір жағдайда керісінше әсер етеді. Осы дәріні екі жетіден артық қолдансаңыз адам дәріге үйреніп кетеді. Доннин – адамды радиациадан қорғауға қасиеті бола тұра, ұзақ уақыт қолдану ішкі дене қан қысымын туғызуы мүмкін. Сәбіз шырыны – алдымен тұндыру қажет, тұндырылмаған шырын шектерімізге спазма тудыруы мүмкін. Женшень – 5 жасқа дейін балаларға қолданбаңыз, жыныс мүшесінің жұмысын жоғарылатады. Ержеткен адамда жыныс мүшесін қоздырады, егер көп мөлшерде ұзақ мерзімде қолдансаңыз « перевозбуждение » болып, өзіңізді қиын жағдайда сезінесіз . Жуа – күнделікті 1-2 жуа жесеңіз жүрек ауырады, стенокордия қызыметін күрделендіреді, тағы хрен, чеснок секілді өсімдіктер асқазанның қышқылын жоғалтады. Грек жаңғағы – басыңызды ауыртып, ми жолдарының спазм болуына, бір отырғанда 10 немесе одан да көп жегенде байқалады.
 
Полынь – ыстық суға екі үлкен қасық қоссаңыз есіңізден айырылуыңыз мүмкін. Ерте
 
кезде бақсылар емдеу алдында өздеріне қолданған (трансқа кіру үшін) . Шиповник – жиі қолдансаңыз тіс қабығына жаман әсер етеді.
 
Міне, жоғарыда көрсетілгендей дәрі-дәрмектің қандай түрі болмасын пайдасы мен зияны да бар, сондықтан ең алдымен қасиеттерін жақсы біліп дәрігер-маманнан ақыл кеңес алғаныңыз дұрыс. Ең дұрысы ауырмағаныңыз дұрыс, сондықтан дене мүшелерің- ізді таза ұстаныңыз.Дене мүшелеріңізді тазалауға ашығу ережесі көмектеседі. Біз тамақты көп жейміз, сондықтан бір мезгіл ішкі мүшелерімізді тазалағанымыз дұрыс болар. Шөптердің емдік қасиетін біліңіз, ашыға отырып мүшелеріңді тазалаңыз, салауатты өмір сүріңіз сонда ғана тіршілігіңіз баянды, денсаулығың мықты ұзақ өмір сүретініңе кәміл сен. Медицина саласында жоғары оқу орындарында оқытқанда адам организмінің ішкі – сыртқы құрылысын дене мүшелерінің маңызы мен жұмыстарын, мінез қылықтарын, пайдалыда зиянды жағдайлары әр түрлі құбылыстарды, көп аурулардың себептері мен емдік жолдарын дәрігер қауымына ақ халатты абзал жандарға кең көлемде оқытады, ірі ғылыми-медициналық орталықтарында көптеген озық тәжірибелер үйретеді. Сонымен бірге адам денсаулығына пайдалы немесе пайдасыз ішімдік-сусындар, жеміс-өсімдіктер, жеңіл тағамдар мен құнарлы тамақтардың, темекі-арақ-сыра ішімдіктердің сыры мен қырын, тамақты ішіп жеу ережесін, дене тазалығын, гигиена, спорттың маңызын жақсы жақтарын оқытады. Бұлардың бәрі денсаулыққа пайдалы, демек адамдар үшін. Олай болған жағдайда жалғыз медицина қайреткерлері дәрігерлер ғана білмей, барша адамзат баласы өз денесі туралы, оның қызыметі маңызы туралы толық білуі тиіс. Отан жан-ұядан басталады дегендей, әке-шеше қашанда баланың тірегі. «Баланы жастан» деп қазақ тегін айтпаған, баланы жастайынан әліппе, жақсы мен жамандықты айыруға, достық пен адамгершіліктен басқа пайдалы немесе пайдасыз тамақтарды және ішіп жеу ережесін білуге, еңбекке баулып, дене тазалығын сақтауға әке-шеше, ата-әже болып өмір салтына айналдыруымыз қажет. Балаға үйретіңіз, өзіңіз үйреніңіз, сізден басқалар да үлгі алсын. Қазақта мынадай мақалдар бар :
 
- не жегеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын , - тамақ көп болған сайын, ауру да көбейеді , - әрбір аурудың бастау себебтері бар, оған дәрі–дәрмектің күші келмейді ,
 
Медицина - тек қана қозғалыс, салауатты өмір салтын күнделікті ұстану ғана емес ( паллиатив ) , аз тамақтансаң - ұзақ жасайсың . Жоғарыда мал еті,шай, сүт тағыда басқа жеміс-жидектерден алынатын витаминдер туралы біраз мағұлымат бергендей болдық. Қазақ халқы көбінесе ауылды жерлерде балалық шақтарымызды өткізуімізге байланысты адамның ішкі мүшелері мынадай тағамдарға: Мал еттерінен: қазанда пісірілген еттер, қазы-қарта,жал-жая,қуырдақ,құйрық-бауыр,қуырылған төстік-шашлык- тер, ал сүт өнімдерінен алынатын: қайнаға сүт,қаймақ,ірімшік,құрттар,сары май,содан кейін шай түрлері: ешнәрсе қосылмаған қара шай,қоюланып күреңдетілген қара шай (чефир), сүт-қант қосылған майлы шайды кішкентай кезімізден бастап қазақ балаларының тамақты қорыту-қабылдауын адамның ішкі мүшелері жақсы меңгеріп үйреніп алған.Қазақ балалары ауырып тұрғаннан кейінде осындай тамақтарға қайта оралады, яғни ашығу мерзімін тоқтатқасын тамаққа оралу кезеңінде осындай майлы-күрделі-белоктарға өте бай тамақтарды азайта отырып, адамның ішкі ағзаларына пайдалы-тиімді жеңіл тамақтармен ауқаттанғаныңыз абзал.Маған ота (операция) жасалғасын тағам түрлеріне мән бермей (жастығым болар) кез келген түрлі-түсті осы дәуіріміздің тез дайындалатын тамақтар- ынан жеп жүргенімді байқаған оташы дәрігерім Орынғалиев Еңбекшіл: атаң қазақ қандай тамақ жесе сенде соны же деп айқаны есімде.Олай дейтіні қазақ баласының мүшелері суға қайнатылған тамақтарды жақсы қорыта алады және тез қорытылуына-сіңіруіне жақсы ықпал етері хақ.Басқа ұлттардың адамдары да қоршаған ортасына сәйкес ұлтық тағамдар- ға көңіл бөлгендері дұрыс,кейбір адамдардың тамақтарды қорыту,оны бойына сіңіру ерекшеліктері болады.Ашығу мерзімін аяқтағасын қалай тамақтандым: Ұйқыдан тұрға- сын аздап жеңіл жаттығулар жасап,пайдалы жұмыс жасау керек ұйқыңызды ашыуға.
 
Таңертеңгі ас: Суға пісірілген еттен дайындалған котлет-тефтели,аздап мокорон-
 
вермишель-картоп қосуға болады. Жеңіл салат түрлері:сәбіз-қырыққабаттан
 
әзіленген түрлері тұзсыз болғаны дұрыс(тұз орынына чеснок-жуа-
 
петрушка, майонез орынына қаймақ қолданған пайдалы).Қайнатылған
 
жеңіл қара шай немесе салқын қанатылған таза су ішкеніңіз жеткілікті
 
болады. Тәттілерге әуестенбегеніңіз жақсы болады.
 
Түскі ас: Суға қайнатылып пісірілген суп,борщ майлы еттері аз болғаны дұрыс.Ет
 
жесеңіз наны майлы болмауы керек,еттің қара кесегінен 1-2 түйірі
 
жеткілікті. Салатты сәбіз-қырыққабаттан дайындаңыз,ол тамақты тарату-
 
сіңіру қозғалысын жақсартады,яғни щелочный қызыметін атқарады.Түскі
 
ас алдында 100-150 грамм мөлшерінде айран,қатық,қымыз шұбаттан ішіп
 
тұрсаңыз зиян болмайды, шектердің қызыметін жақсартады. Жеңіл шайдан
 
бір кесе немесе таза су,таза жеміс-жидектерден әзірленген сусынды ішіңіз.
 
Кешкі ас: Кешкі ас жеңіл болғаны дұрыс,түнгі ұйқыңыз жақсы болады.Дайындалатын
 
тағамдардың тұзы аз, өте майлы болмауын қадағалаңыз. Суға пісірілген
 
голубцы-картоптан дайындалатын тағам түрлері,ет орынына жеміс
 
жидектерді пайдаланыңыз.Жеңіл шайдан 1-2 кесе ішіп шөліңізді
 
басқаныңыз абзал немесе сусын ішіңіз.
 
Әркімнің дастарханы әртүрлі дегендей дайындалатын тағам түрлеріде басқаша болуы мүмкін, адам асқазанына суға қайнатылған тағам түрлері қорытуға-сіңіруге жеңіл пайдалы болатынын есіңізден шығармаңыз.Жеміс-жидектің және салат түрлерінің асқазанның қорыту-сіңіру қызыметіне тек қана пайдалысын ғана күнделікті тамақ түрлеріне жиі қосқаныңыз дұрыс.Жоғарыда көрсетілген ас түрлерін тек қана мысал ретінде қабылдап, күнделікті ішетін астарыңыз жеңіл болуына,адам мүшелеріне сіңіру-таралу қызыметіне жақсы қызымет атқаруына,ішкі ағза-мүшелеріңізде зиянды-улы заттардың болмауына жол бермеуіңізге сіздің ақыл-ой-санаңыз жол бермейді деп сенеміз. Ашығу ережелерін, тіпті ұзақ мерзімдік ашығуды денсаулығы бұзылған жандар немесе басқа емделу жолдары денсаулығына тиімді пайдасын көрсетпеген жағдайда оқып үйреніп ұстанып жатқандарын естіп біліп жатамыз.Жастарымыз, дені сау азаматтарымыз ішкі ағзаларының таза болуына сәйкес тамаққа шектеу қоймайды, тек қана ішіп жүрген тамақтардың пайдалы-пайдасыз жақтарына көңіл бөлсе екен,жылдар өте келе адамның ішкі мұшелері де сыр бере бастайтынын есіңізден шығармаңыз.Біріңғай жас болам деген қате ұғым,есейесің,жігіт боласың,ел ағасы шалдар қатарына өтесің,ауырмайтын адам жоқ,адамның бірінші бір мүшесі ауырады,содан кейін ауруда өзіңе жабыса бастайды.Ата-ана балаға дұрыс тамақтануды күнделікті есіне салып отыруы керек,көшедегі,базардағы,күнделікті ауқаттанып жүрген тағамдардың адамның ішкі ағза-мүшелеріне пайдалы-зиянды жақтарына мән бергеніңіз жөн.Витаминге бай пайдалы тағамдар ғана ішкі мүшелеріңіздің жұмыс істеу қызыметін жақсарта алады.Дұрыс тамақтану,салауатты өмір салтын ұстанған адамдар қашанда жеңіске жетіп жатады.Деніңіз сау болсада жылына бір мезгіл ашығу арқылы ішкі мүшелеріңнің өз бетінше тазалауына,мұсылман балаларымыз жылына Ораза ұстанып жан дүниесін тазалағаны баршамызға ұнайды. Ой-санаңызбен өзіңіз ғана тазалануға душарсыз,сіздің орыныңызға басқа біреу келіп ішкі мүшелеріңізді тазалап бермейді.Тазалануды өзіңізден бастаңыз,жаныңыздағы жақындарыңыз сізге қарап үйренеді.
 
 
« Міндет – ауыр да қиын парыз »