Детальное описание салон цветов барнаул на нашем сайте.


 Сұлулыққа не жетеді

Қазіргі молшылық уақытта көптеген адамдар таңертеңгі-түскі-кешкі майлы да құнарлы тамақтануды әдетке айналдырамыз. Тіпті тамақтану аралығындағы үзілісте де кейбір адамдар өздерін ашыққан болып сезінеді. Бұл ашығуға жатпайды . «Ауру қалса да - әдет қалмайды» деп қазақ халқы осындайда айтқан болуы керек. Ал, ашығу денсаулық емдеудің бастапқы ертедегі түріне жатады, ақыл-ой-санаңыз қашанда денеңізді билеуі керек, есіңізде болсын «асқазанда - ешқашанда тойымдылық жоқ» . Тағыда айта кетуіміз керек ашығуды тоқтатқасын барлық адамдар – тамаққа оралуы керек екендігін есіңізден кетірмеңіз. Біз әртүрлі тамақ жейміз: тәттілер де ащыда, майлы да бойында крахмал, холестерин кездесетін тағамдарды, әртүрлі қоспа-ерітінділері бар тағамдармен коректенеміз. Осындай тағамдарда кездесетін жағымсыз улы заттар дене мүшелерімізде клеткаларына тарап қалып қоюы мүмкін. Ал, ашығу кезінде дене мүшелеріміз: шектер, адамның тері клеткалары, өкпе және бүйрек денемізге тарап сіңіп кеткен жағымсыз улы заттардан мейлінше тазаруға қызмет жасайды. Осы мүшелер ашығу кезінде денемізді тазалай отырып бойымыздағы ауру сырқауға қарсылық көрсетіп, ашық күреске шақырады. Адам денсаулығы өз бетінше ақ денеміздегі аурулармен қарама қайшылықта күресе береді, кедергі болмаған жағдайда көбіне жеңіске жетеді. Сонымен, адам ашыққанда денеміздегі ауру сырқауды күреске шақырады. Әсіресе бұндай құбылыс ұзақ мерзімді ашығу кезінде айқын білінеді. Егер сізде тәкәппар мінез болса, өмірге деген құштарлық болса күнделікті бейнет төзімділік арқасында ашығу ережесін ұзақ жылдар бойы ұстай аласыз. Әрбір адам дене құрылысының жақсы көрінуіне , денсаулығың жақсы сезінуіне қашанда тырысып өзін өзі мақтанышта ұстайды. Бұндай мақтанышқа жетуіңіз үшін көп еңбек жасап, денеңізді күтіп тәрбиелеуіңіз қажет. Ашығу, тамақтан тартыну және дұрыс тиімді тамақтану, дене жаттығулары пайдалы еңбек бұның бәрі адам денсаулығы үшін қызмет болып табылады. Қасымыздағы күлім қаққан қыздарымыз көрікті сұлу көрінуі үшін денесіндегі артық майдан тез арада арылу үшін тамақтан мүлдем бас тартып ашығуды әдетке айналдырады. Бұндайды әсіресе жас қыздар өте ұзақ мерзімде ашығып, дене мүшелерінің қызметімен санаспай кейбір жағдайда ауруға шалдығып немесе кейбір мүшелері күрделі ауруға шалдығуға әкеліп соғады. Меніңше, дүниеде ең бірінші сұлулық табиғатқа жарасады, содан кейін қыз баланың сұлулығы сүйкімділігі сөз болуы керек. Қашанда салмағыңызға, қарыныңызға омыртқа-мойын-беліңіздің түзулігіне, бетіңізбен қолыңыздың әжіміне көп көңіл бөліп қадағалап күтіне біліңіз. Ашығу ережесін сақтай отырып біраз жетістікке жете аласыз, қартаю кезеңін біршама кешіктіруге болады. Денеңізді, ішкі жан сарайыңызды тазалануға тәрбиелеу сауығу кестесінде маңызды қызмет атқарады. Адамның артық салмағын жою оңай жұмыс емес, ал ашығу ережесін ұзақ жылдар бойы ұстану одан да күрделі. Денеңіздегі артық заттардан, аурулардан күнделікті өз табиғатыңызбен күресе біліңіз, адам денсаулығы үшін дене мүшелеріңіз күні түні тынымсыз күресуге қашанда дайын,адамның күш қуаты азайғанша . Сондықтан ашығу ережесін ұстанып ,денсаулығыңызды мейлінше күнделікті тазалай біліңіз.
 
 
« Адам - қашанда , тазалықты сүйеді »