http://lingvopark.ru/ скачать презентация oxford английский язык.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Күш-қуатыңыз арта түссін


 Күш-қуатыңыз арта түссін

Өзіміз тіршілік еткен өндірісі дамыған, ғылымы жетілген, жиырмасыншы ғасыр аралығында ашылған жаңалықтардың адамның денсаулығы үшін ең асылы қайсысы болады: - Өте ерте замандарда тіршілік жасаған динозаврды тапқанымыз ба? немесе адамдардың арғы тегі маймыл деп жастарымызды шатастыру ма?
 
- Ерте кезде жерленген мүсіндер, қалалар, шаһарлар - өткен ғасырымыздың табылмайтын куәларын ашқанымыз ба?
 
- Басқа ғаламшардан тіршілік ғаламын зертеуіміз бе? Алыстағы басқа да ғаламшарға адамдарды аттандырып олардың тіршілік ете алатынын бақылауымыз ба?
 
- Космосты меңгеріп,дыбыстан жылдам үшақтарды адамнан жоғары бағалап,кешірілмейтін сылтаулармен басқа елдерді бомбалап жоқ еткеніміз бе?
 
- Жетілген медицина көмегімен адамның ішкі дене мүшелерін айырбастап, күрделі ауруларға арнайы техникалар ойлап тапқанымыз ба?
 
- Жер асты байлығын ашып туған жерімізге аяушылық білдірмеуіміз бе? Әлемді таң қалдырып зәулім ғимараттар,табиғаттың заңын бүзып өзендерді бұзып плотина,Г.Э.С. салып адам игілігіне жұмсағанымыз ба? Роботтар техникасын меңгергеніміз бе?
 
Жоғарыдағы ашылған жаңалықтар бәрі де адамның тіршілігіне қажетті заттар болып табылады, бәрі де адам үшін. Өте ерте заманнан бері пайғамбарымыз ғ.с. бастап, данышпандар, ұлы ғалымдар адам денсаулығының таза, өте мықты болуын зерттеген, тәжірибелер жасаған. Сол ерте заманнан бері жаңалықтардың бірі болып есептелген ашығу арқылы адамның ішкі дене мүшелерінің тазаруына, ақыл-ой-санасының жетілуіне, жұмыс қабілетінің күш-қуатының артуына, қауып-қатер қорқыныштан сейіліп, адам
 
 
жасының ұзаруын, қызықта бақытты салауатты өмір салтына ұстануына, міне адам үшін ең керекті жаңалық осы болып табылары даусыз .Ғылыми ашығу-адам үшін өте пайдалы. Ғылыми жаңалықтарды ескере отырып, ашығу ережелерін сақтай білген әр адам, адам денсаулығын қартаюдан біршама кешіктіре алады, уайым-қорқынышты жеңе білген адам ашығу ережесін тез меңгеріп, денсаулығының түзелуіне, тіршілігіне қажетті пайдалы жұмыстармен өміріне жетерлік күш-қуатты денесіне жинай алары сөзсіз .Адам дене құрылысын медициналық жоғары оқу орындарында, ақ халатты абзал жандар адамның ішкі дене құрылысымен емдейтін орындарда (емханаларда) хирург-оташы қызметкерлеріне жақсы таныс. Ақ халатты дәрігерлер қызмет бабында, ауруды емдеуге адам құрылысын, оның қызыметтерін жақсы білуіне көмектеседі. Ақ халатты абзал жандардың адам үшін еңбегі орасан зор, барлық адам басын иіп қошемет көрсетеді. Менің ойымша, адам денсаулығы ең бірінші сол адамның өзіне керек. Сондықтан, ашығу ережесін сақтаймын деген адам ішкі дене мүшелерін, дене құрылыстарының жұмыстары мен маңызын жақсы білуі керек. Бастапқы түсініктеме ретінде, адамның ас қабылдау, оны қорыту мүшелеріне, қызметіне тоқталып өткеніміз дұрыс : біз тамақ ішеміз, аузымыздағы тамақты ұсақтау-ұнтақтау арқылы асқазанға түсіреміз,ол одан әрі ұнтақталады. Бүйрек арқылы тазаланып, жіктеліп,адам ішектері арқылы дене клеткаларына сіңеді. Қорытылған артық заттар шектеріміз арқылы сыртқа шығады. Адамда төрт мүше бар, олар: ішектер,бүйрек,өкпе және адам терілері. Осы маңызды мүшелер жақсы жұмыс атқару
 
үшін денедегі ішкі күш-қуатымыз өте күшті, зор болуы керек. Адамдарда ауыздан
 
бастап сыртқа шығар жолға дейін 30 метірлік қашықтық бар. Осы қашықтық бойында
 
жеген тамақтарды денеге сіңіру үшін, ішкен шай- сусынымызды және де артық қорытылған заттарды сыртқа шығару үшін қандай күш-қуат қажет екенін ойлап көріңізші. Адамның ішкі құрылыстардың клеткаларына жұмыс атқарар бауыр мен көк бауыр және де 6-8 литр қанды жүрек арқылы тоқтаусыз жүргізуге, денемізден артық қажетсіз заттарды сыртқа шығаруға, тері клеткалары арқылы зиянды-улы заттарды сыртқа шығаруға адамның күш-қуатының өте көп керектігі айтпасада түсінікті. Ғылыми ұзақ мерзімде ашығу арқылы, соғұрлым күш-қуатты денеңізге мол жинай аласыз, жұмысқа деген қабілетіңіз жоғары болады. Адамның күш-қуаты дененің қызуын бірқалыпты 36,6 градус температурада ұстап тұрады. Егер денеміздің қызуы көтерілсе адам ауырады, ал керісінше төмендесе де адам ауруға шалдығады. Орыс физиологы И.П.Павлов онтоғызыншы ғасырдың аяғында айтқандай: адамның тамақ қорыту, денеге сіңіру, дененің ішкі мүше-құрылысын күрделі химиялық заводқа теңеген. Ауызға түскен тағам тістеріміз арқылы ұнтақталып, содан асқазанда мейлінше ұнтақталып, шырынға сіңіп, содан шектер арқылы басқа да бөлімдерге – фабрикаларға, көзге көрінбейтін сым-шырын-нерв желілері арқылы жалғаса білген. Осындай күрделі қорытылған тағам дене клеткалары арқылы бүкіл ішкі құрылысқа, маңызды мүшелерге, қан тамырларына, етімізге,сүйекке,миға, адамның күш-қуаты арқылы сіңе білген, денеге тараған . Бұлда бір адамзат баласының – табиғаттың ғажабы екендігін дәлелдегендей. Адамның күш-қуаты ас қорыту мүшелері арқылы денемізде қалып қойған, жиналған жағымсыз улы заттарды сыртқа шығаруға көмектесе алады. Ашығу кезеңінде асқазан уақытша демалысқа көшкен кезде, басқа да қорыту (бүйрек,өкпе,тері,ми,бауыр) ішкі мүшелеріміз өз қызыметтерін атқара береді. Жағымсыз улы заттар неғұрлым көп бөлініп сыртқа шығумен денеңіздің күш-қуаты дамып арта түседі.Менің ашыққан кезде байқағаным қысқа мерзімдік ашығудан ғөрі ұзақ мерзімдік ашығу кезінде адам денесіндегі күш-қуаттың жақсы дамитынына көз жеткізуге болады. Дамыған күш-қуатыңыз арқылы ішкі жан-дүниеңіз мейлінше тазарады, ойлау, жұмыс істеу қабілетіңіз артады да, денсаулығыңыз жақсарып түзеледі.