http://tabys-n.kz/ полоса 40 4 вес полосы. . more information


Орыстар қазақ баласының ораза ұстанғанын

көріп, тамақ экономдауға таптырмайтын тәсіл
 
екен деп таңқалыстарын білдіріпті. Ораза
 
ұстану, ашығу адамның ішкі ағзаларын тазалау
 
тәсілі болып табылады. Осы тазалану - адам
 
баласына өте ертеден таныс және қарапайым
 
түрі болып саналады.
 
Автордан.

Серік Тлеубергенов
 
 
КІРІСПЕ
Адамзат баласы ерте заманнан – ақ тазаланудың жолдарын үйреніп-ақ келеді. Адамдар бетін, денесін сабындап жуу арқылы тазалайды. Шаш, сақал – мұрт өскенде шаштаразға барып қидырып,кесіп тазаланамыз. Адам баласы ішкі ағза мүшелерін қалай тазалайды, осыған кеңінен тоқтасақ . Ерте заманнан бері адамзат баласы әдет-ғұрыптар- ына сәйкес ішкі ағзаны тазалаудың жолдарын іздеген. Қазақ халқы да ерте заманнан бері ішкі ағзаны тазалау үшін іркіттің сары суын ішкен, балаға сүт өнімдерін жиі берген, үлкендер жағы қымыз-шұбат сусындарына шектеу қоймаған (қыс айларында да ішкен), тазаланудың тағы бір жолы деп ашығуды да ұстанған. Исламды дін тұтып,пайғамбарымыз Мұхаммедті (ғ.с.) пір тұтынған халқымыз дін жолын ұстана отырып жылына бір рет Ораза ұстанғанын бәріміз де білеміз. Ораза ұстанған адам таңның атысы мен күннің батысы (12 сағат) аралығында тамақ пен судан бас тартып,өзіне шектеу қоя білген.Тамақ пен судан бас тарту деп адамның ашығуының бір түріне бағалайық. Ашығудың бірнеше жолдары бар, оны адам балалары өз бастарынан өткеріп жатады, оны өздері байқамай да жатады.Бірнеше мысал келтіре отырайық: адам жол жүріп келе жатып, далада адасқанда бірнеше тәулікке ашығады, адамға дәрігерлер ота(операция)жасағанда да бірнеше тәулік- ке ашығуға тура келеді, бой жетіп келе жатқан қыз балаларымыз да толығып,семіріп кетеміз деген сылтаумен бірнеше - көптеген тәулікке ашығып жүргенін естіп, біліп жатамыз.Кейбір топтар билікке келіспей, көзқарасы арқылы ұзақ мерзімге ашығуды жариалап жатқанын ақпарат беттерінен оқып,көріп жатамыз. Осы топтардың маңында дәрігерлер денсаулықтарын қадағалап, адам денсаулығы ашығуды да көтере алатынына куә болып жатады. Осылар ашығуға жата ма? Белгілі бір шамада ашығудың адам денсау- лығына зиян келтірмейтінін көреміз, кейде пайдасын да аңғарып жатады. Ашығу жолын ұстанғандар өздерінің жан-ұялық дәрігерлерінен кеңес ала отырып үйреніп, ұстанған- дары дұрыс болар еді. Медицина мен ғылым саласында, дін жолында да ашығуды бірнеше түрге бөлуге әбден болады. Бір тәулік пен үш тәулік аралығында ашығу,бір тәулік пен он күн аралығында ашығу, бір тәулік пен жиырма – отыз күн аралығында ашығу деп бірнешеге бөледі. Осындай ашығуға адамзат баласы төзе ала ма немесе өз бетімен меңгере ала ма? Адамдар өздеріне осындай сұрақ қойып көрсінші. Асқазанда тамақ болмауы себепті, біріншіден асқазан дем алады,екіншіден басқа да мүшелеріміздің жұмыс істеуіне байланысты ішкі ағзамыз артық – зиянды заттардан бірте-бірте тазалана бастайды. Ашығу кезінде миымыздың жұмыс істеуі жақсарады, ойлау қабілетіміз артып,жұмысқа деген күш-жігеріміз жақсарады. Ашығудың пайдалы жағын аңғарған ақсақал-қарияларымыз түсініп , жылына бір мезгіл ораза ұстана отырып, ішкі ағзаларын тазалап отырғанын көреміз. Адамзат баласы жас күнінен үлкейген шағына дейін дене мүшесінің, оның ішінде ішкі ағзасының таза болуын, тазалануын қалап отырады. Ол үшін ішкі ағзаның тазалануы үшін ашығуды тазаланудың қарапайым (қымбат дәрі-дәрмек сатып алмайсыз) жеңіл түрі ретінде бүгіннен бастап ұстанғаныңыз дұрыс.Ашығуды ұстанған адам 3-7-10 күн аралығында дәрігерге көрініп кеңес алып отырғаны абзал. Ашығуды басқа біреу үшін емес,адамның өз денсаулығы үшін ұстанғаны дұрыс.Ашығуды ұстанған адамға қасындағылары кедергі болмауы керек, ашығудың зиян емес екенін байқаған жанұя мүшелері де ашығу жолдарын ұстануы әбден мүмкін. Ашығуды жылдың кез келген уақытында,қысқа мерзімдік ашығуды жылына үш-төрт рет,ал ұзақ мерзімді ашығуды жылына 1-2 мезгіл ұстанғаныңыз дұрыс болар еді. Ашығудан үлкен-кіші демей қорықпаңыз,денсаулығыңызға қауіп төнсе,ыңғайсыз жағдайға душар болсаңыз кез келген уақытта ашығуды тоқтата аласыз.Ашығу кезінде аз-аздап таза су ішіп отырыңыз, сол су арқылы іштегі артық-зиянды заттар сыртқа тез шығады.Денедегі су тамақтар мен заттар- дың жылжуына жақсы әсер ететінін бәріміз білеміз.Суды көп мөлшерде ішпей және суға ұқсас сусындарды да ішпеу керек, тек қана таза судың өзі ғана жеткілікті
 
( асқазанда тамақ жоқ деген сылтаумен таза суды көп мөлшерде ішпеу керек). Адамзат баласы тамақты көп жегеннен тойынған емес,тамаққа үйренген асқазан тамақты жиі тойып жегенді қалап тұрары хақ. Сондықтан баланың жас кезінен бастап асқазанды аз тамаққа пайдалы тағамдарға үйретіңіз, бала да бір мезгіл ашығуды да үйренгені абзал. Бала ашығуға ертеден үйренсе,өсе келе адамның мүшелері ашығуды тез және ұзақ мерзімге ешқандай қиналмай-ақ ұстана алады. Көбінесе үлкейгенде ішкі ағзамызда зиянды-артық заттардың көптеп болуына байланысты ауруға көптеп шалдығып жатамыз, соны болдырмау үшін әрбір адам ішкі ағзаларын өздері бір мезгіл тазалап тұрғаны дұрыс.Әке-шеше баласының ішкі ағзасын,денсаулығын күтінуін қадағалайды, ал баласы әке-шешесінің ішкі ағзасының таза болуыны міндетті емес, ішкі ағзаның зиянды-артық заттардан таза болуы әрбір есейген адамның өзіне байланысты. Ішкі ағзаның таза болуы үшін әрбір адам көп мөлшерде емес пайдалы тағамға бейімделсе, зиянды қылықтардан аулақ болса, күнде дене шынықтырумен айналысса, салауатты өмір салтын ұстанса- бір өзіне жетіп жатыр. Ашығудан ешқашан қорықпау керек,ашығуды адамның ішкі ағзасының зиянды-артық заттардан тазаланудың бірден-бір қарапайым жолы деп түсінгеніміз абзал. Адам өз денсаулығына өзі қарамаса басқа ешкім де келіп көмектесе алмайды. Ашығудың қандай басқа да тиімді жолдарын білесің? Ашығу адам баласына қарапайым да , зиянсыз тиімді жол болып табылады, тек қана адамның төзімділігі қажет. Төзе білген адам барлық қиындықты да жеңе білген, үлкендер осылай айтып отырған.Денсаулықты ешқандай да ақшаға сатып ала алмайсыз, дене мүшеңізді - ішкі ағзаңызды таза ұстау үшін ерте бастан (жас кезіңізден бастап) ашығуды бір мезгіл дағдыға айналдырыңыз. Ашығу ұстанған балаға да күлмеңіз, ешқандай да кедергі жасамаңыз, тек қана сыртынан бақылап,ақыл-кеңесіңізді беріп отырсаңыз, балаңызға сол да жеткілікті. Ашығуды үйренейік, ашығуды бүгіннен бастасақ ішкі ағзамыздың тазалануына өзіңіздің себепші болғаныңызға көзіңіздің жетері хақ .Ашығуды тек қана адамдар ғана емес,хайуанаттар да бір мезгіл ауырғанда өз бастарынан өткере білген, яғни ашығу ішкі ағзаға пайдалы екенін байқаймыз. Осы кітап ашығудың пайдалы жолдарын насихаттайды. Осы шығармада ұсынып отырған тақырып тазаланудың қарапайым түріне жатады. Ислам дінінде тазалануды Ораза арқылы парыз етілген,2-3-7 тәулік ашығу жолдары да бар. Адам тамақтан бас тарту арқылы ұзақ мерзімдік ашығуды тиімді ұстанған кезде ішкі ағзаларын мейлінше жақсы тазарта алары сөзсіз. Қазағыма тамақ жеме деп айту қиын, өзінің денсаулығы үшін жылына бір ретте болсада тазалануды ашығудың қарапайым түрі екенін естеріне салып отырыңыз. Сіз ашығу жолдарын үйреніп дене мүшеңізді, ішкі ағзаңызды бір мезгіл тазалай білсеңіз, өзіңіздің денсаулығыңызға жаныңыздың ашығаны болып табылады.Біз сіздің ұзақ жасап, дене мүшеңіздің ешқашанда ауырмай жүргенін қалаймыз. Ішкі ағзаңызды кез-келген уақытта тазалай білуге,жылдың кез келген уақытында ашығуды ұстана білуге үйренуіміз қажет. Біздің жазғандарымыз сізге көмекші болады деп түсінеміз,ішкі ағзаны тазалау сізге қашанда жеңіл болсын.
 
Сізге Алланың нұры жаусын, денсаулығыңыздың жақсы болуына өзіңіз ғана себепші бола аласыз. Ашығу - сізге шипа ,ем әкелсін. Емделуден, үйренуден ешқашан да
 
жалықпаңыз.Қасымызда көптеген жақсы адамдар бар екенін ұмытпаңыз, солардан үйрене берем, ауруды жеңе білемін деп сеніңіз. Адам ақылымен бәрін де жеңе білген. Сізге әрқашанда зор денсаулық, жан-ұяңызға бақыт тілейміз..