Японские кондиционеры казань. . Ремонт алюминиевого топливного бака атбмастер.рф.


 Емделу жолдары

Ашығу – жан-жануарларға өте ерте заманнан бері, біздің ғасырымыздан бұрын да таныс. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. « Иә, иман келтірушілер ! Сіздерге бұрынғыларға парыз етілгендей Ораза парыз етілді. Бәлкім сендер » тәқуа боларсыңдар » дегендей біздің ғасырымыздың алдында адамдар Ораза ұстанған. « Құран-Кәрім, Бұқара сүресі 183 аят. Яғни, Ораза - өте ерте заманнан бері адамдарға қызымет жасаған, Ораза ұстанған әрбір мұсылман жанын тәнін тазалай білген. Ашығуды дене мүшелерімізді тазалауға жатқызсақ, бұл адамдардың емдік «емделу» қызыметіне жатары сөзсіз. Ашығумен қатар емделуге өсімдік, жапырақ, тамырларын қолдануын қоштайды, өйткені адамның ішкі сезімі ашығуға көндіре білген. Ішкі сезім адамдар ауырғанда немесе қатты науқастанғанда ашығуға мәжбүр еткен, жер бетінде тіршілік жасар барлық адамдар мен жан-жануарларға бірдей тараған. Ауырған адам немесе жараланған «науқастанған» жануарлар тамақтанудан бас тартып ашыға білген, өйткені олардың ішкі сезімі өз денсаулығы үшін аштықтан күшті болған. Бұндай жағдайда ішкі күш қуат ауырған жерге «мүшеге-клеткаға» жиналу арқылы дене мүшеңізді тазалауға, жағымсыз улы заттарды сыртқа шығару арқылы денсаулығыңыздың түзелуіне ықпал жасайды. Аштықтан, әсіресе қысқа мерзімдік ашығудан ешкім де өлген емес Мынадай мысал келтіріп өтейін: ойламаған жерден науқастанып сізге дәрігер-оташы операция жасаған болса, содан кейін бастапқы үш тәулікті реонимация бөлімінде тамақсыз өткерген болар едіңіз. Ұйқыдан оянып, есіңіз кіргесінде сізге бірнеше тәулік бойы тамақтануға рұқсат бермеуі мүмкін.Міне көрдіңіз бе? Адам қашанда аштыққа көне білген. Ашығуды әр адамға тиімді пайдалана білу керек, сондықтан әр кез дәрігер-мамандардан ақыл кеңес алғаныңыз ешқашанда артық болмайды. Ашығу кезінде адамның ой-санасы керемет жетіледі. 3-7 тәулік ашығу кезінде ақ ойлау қабілетіңіз артып, адамның сана сезімі ояна алады, ненің жаман жақсысын қашанда айыра білесіз. Кітап оқысаңыз мазмұны миыңызда жатталып қалады. Ертеде болған оқиғаны, ұмытқан жерлерді, есімдерді т.б. ұмыт болған заттарды есіңізге түсіре аласыз. Ашығу адамдарға үш жолмен көмекке келеді: қозғалыспен, ой- санамен, ішкі сезіммен. Сіздің миыңыз жаңадан білімді жаңа ұғымдарды қабылдай алады, ашығу арқылы данышпандығыңыз артады, адам денсаулығына қажетті барлық ілімді «жаңалықты» бойыңызға жинай аларыңыз сөзсіз . Егер сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, ашығу ережесі сізге пайдалы жеңіс әкелеріне сенсеңіз, яғни, сіз ашығуға дайын болғаныңыз. Сіздің күш жігеріңіздің арқасында, адамның ой санасымен ашығуды өзіңізге мақсат қойсаңыз, жақсы жетістікке жетіп денсаулығыңызды қашанда түзей аласыз. Ой сана әсерімен адамның ішкі мүше құрылыстарын көптеген клеткаларды сендіру арқылы, ашығу ережесін сақтай отырып дене тазалығын мейлінше толық меңгере аласыз. Адам өзін өзі сендіру арқылы миыңыз, әрбір дене клеткалары сіздің ашығуға берер бұйрыққа дайын болады. Ашығуды 24 сағат ішінде тек қана таза сумен өткергеніңіз абзал. Ашығу кезеңінде жеміс жидек өсімдік түрімен тіпті аз мөлшерде тамақтансаңызда, бұл жеңіл тағам түріне жатады. Ал жеміс жидек, өсімдіктерден дайындалған сусын ішсеңізде (кока-кола, апельсин согы,спрайт, тәтті сусындар) бұның бәрі толық ашығуға жатпайды. Өйткені бұндай сусындардың құрамында су және басқа да қоспалар ерітінділер кездеседі. Ашығу кезінде тек қана таза суды қолдануыңыз керек . Ашығуды түскі астан кейін тамақ жемей кешкі 18 де бастағаныңыз дұрыс, өйткені түнгі ұйқыда ашығудың біраз мезгілін жеңіл өткізесіз. Есіңізде болсын, ашығудан кейін тамақтануды жеміс жидек өсімдіктен дайындалған жеңіл тағамдармен, салаттармен (құрамында тұз болмауы қажет) құрамы 50 процентке жуық дымқыл сулы жеңіл тағамдармен тамақтануыңыз керек. Бұндай тамақтары щелочные тағамдар қатарына жатқызады, асқазанға жеңіл дене клеткаларына сіңімді құрамы Р,С витаминіне бай, асқазан шырынын байытуға балық, құс, жұмыртқа, мал еттерін мейлінше құнарлы тағамдарды өте аз мөлшерде, тіпті жетісіне үш немесе төрт мезгіл жегеніңіз жетіп жатыр.
 
Өсімдіктегі, орех жаңғақтарда, семочка дәнінде, көп шөптер де кездесетін витаминдер, белоктар құнарлы тағамдарда кездесетін белоктарды адамға қажетінше қамтамасыз ете алады. Егер сіз кофе, шайға, сыраға, ішімдік сусынға әбден үйренген болсаңыз, ашығу кезінде бастапқы күндері басыңыз ауырғандай болады. Кейбір адамдар асқазан жұмысынан қатты қауіптеніп жеңіл де жағымсыз мазасыз жағдайда болып сезінеді. Бұндай құбылыс аз уақытта ақ өтіп кетеді. Сіз, күш жігер ой санаңызбен асқазанды бағындырып жеңе білсеңіз, ойланған ашығуды толық уақытында ұстай аласыз, бұның бәрі салауатты азаматқа жарасады. Адам қашанда қиындыққа төзіп асқазанына билік жасауы керек, керісінше асқазанның құлы болмаңыз.
 
 
« Табиғатты кінәлауға болмайды, жыл мезгіліне байланысты өз жұмысын атқара береді »