Достарыммен біргемін

Ашығу ережесін ұстану үшін білікті азаматтар, халық емшілерінің, дәрігер-маманның ақыл кеңесі өте қажет. Әрбір адам ашығады деп қасына бір бір дәрігер-маманды байлап қоюға мүмкін емес, яғни қарапайым халықты дәрігерге жақындату керек. Қазір көптеп халық емшілері биотоқпен, шөп-дәрімен, сынық салу, сылап сипау тағы басқа да түрлерімен адамдарға ем жасауда. Адам ауруларын оның себептерін, дене мүшелерінің қызыметін жақсы біледі, әрі күндемей, түн демей қызымет етеді, адам денсаулығына пайдалы жаңалықты білуге үйретуге құштар . Неге халық емшілерін үйретіп, тәрбиелеп ашығу ережесін халыққа насихаттамауға ? Адам денсаулығы үшін көптеген клиника, емханалар, санатория-профилакториялар ашылып қызымет жасауда,осындай жерлерде білгір маман ұстап жеке бөлме бөліп қадағаласа , адамдар ашығу ережесіне тез үйреніп, маңызын жақсы түсінері анық . Әрбір өндіріс басында дәрігер-маман адам денсаулығын қатты қадағалағаны дұрыс, сезіктенген адамын қандай жолдармен емделуге дұрыс насихаттап, қандай жерден ем алатынын қадағалап отыруы керек. Адам денсаулығы үшін ешқашанда ерінбеу керек. Әсіресе, денсаулығы таза салауатты азамат тәрбиелеп шығару үшін адамды жас кезінен қадағалап тәрбиелеген қашанда тиімді. Өсімтал бала , мектеп жасындағы балаға көп көңіл бөліп үйренуден жалықпаған дұрыс. Бала тәрбиесіне мұғалім мен ата-ана бірдей жауапты, ол өсе келе Отанын қорғар, еңбек сүйгіш жауапты қызмет атқаратын, білікті азамат боп өсуі керек. Балаларымыздың дене құрылысы мен ой-сана қабілетіне қарап әр түрлі пікірде қаласыз. Кейбір бала өте арық, кеудесі өкпесі өспеген бойы аласа болса, екінші бала өте толық семіз өз салмағынан көп ауыр болып келеді. Неліктен ? Бұл тақырыпта көптеген пікірлер тууы мүмкін : жан-ұя, қоршаған орта, тамақ жеу, дене тәрбиесі тағы басқа себептер орын алуы әбден мүмкін. Көбіне тамақты дұрыс жемеуге байланысты арық баланы кінәлапта жатамыз, меніңше бұл қате пікір. Күніне аз немесе көп тамақ ішіп жесін, бала бәрібір тамақтанады, ал асқазанға көп тамақтың қажеті жоқ екенін білесіздер . Яғни, осы баланың жеген тамағын дене мүшесі дұрыс қорыта алмайды және дене клеткаларына толық сіңірмейді деген сөз . Сондықтан ашығу ережесін ұстанып дәрігер-маман қадағалауымен дене мүшелерінің ас қорыту және оны сіңіру қасиетін жоғарылатқан жөн болады. Ашығу ережесін ұстанған бала тамаққа басқаша қарап,пайдалы тағамдар әсерінен дене мүшелерінің жұмысын жақсарта алады. 10-12 жастағы балалардың дене құрылысының өсіп-өну қасиеті тез болуына байланысты осы жасына дейін дене мүшелерінің таза болуын, еңбекке баулып,пайдалы спорт жаттығулармен күнделікті айналысқаны дұрыс.Үлкен қарияларымыз айтатын еді:Қозы,лақ қалай өседі деп.Оның жауабы:қозы-лақтың жүгіріп секіруінен деп. Осыған қарап-ақ,біздің балаларымыз пайдалы жүгіру,
 
секіру жаттығуларымен,яғни сопрт түрімен күнделікті айналысқаны дұрыс болады. Күнде теледидардан көріп жүргендей культивизммен айналысқан адамдардың дене құрылысы бұлшық еттеріне қарап таң қалып жатамыз, оларда кезінде өздеріңдей нәзік немесе толық тәттіге құмар бала болғанын денесін тәрбиелеу арқылы жеңіске жеткендер. Отан қорғау мақсатында шақырылған балаларымыз бойы аласа, денесі нәзік болуына байланысты кейінге қалдырылып жатады, емханаларда емдейді. Отан қорғау баршамыздың борыщымыз ! Сондықтан, бойы өспеген балаларға ауыр жұмыс, штанга, күрес спорт түрімен айналысқаннан, көбіне таз ауада, турникке тартылу, шаңғымен жүгіру, гимнастика- гир тартып, волейбол-баскетбол ойнау, велоспорт түрімен айналысқан тиімдірек болады. Мектептегі бала 6-8 сағат білімін алып қоймай, күнделікті ата-ана мұғалімдердің көз алдында тәрбиесінде, қазір барлық мектепте дәрігерлер қызымет атқарады. Әсіресе, денесі өспеген, нәзік немесе дене мүшелері ауыратын баланы ашығу ережесін ұстауға үйретіп пайдалы спорт түрлерімен жаттықтыру керек. Кейбір балаларымыз күнделікті жеген тамақтарының адам дене мүшелеріне әкелер зиянды жақтарын білмейді, олар күнде шоколад жеп, сағыз шайнап, майлы тамақ жеп, түрлі боялған сусын ішкеніне мәз . Міне, осындай жағымсыз қылықтардан адам денсаулығына зиянды қасиеттерден ата-анадан бастап оқу орындардағы құрметті мұғалімдеріміз үйретуге, тәрбиелеуге ат салыспағанда кімдерден үйретеді жастарымызы . Сондықтан әрбір бала жеген тамағынан бастап, істеген жұмыстарын, дене жаттығуларының пайдалы зиянды жақтарын білу мақсатында ашығу ережесін үйренуге мектеп қабырғасында арнайы немесе қосымша сабақ түрінде өткені абзал . Кейбір балаларымыздың ойлау қабілеті өте төмен, жаман қылықтарға бейімділіктері көп . Жапон елі бала тәрбиесіне қатты көңіл бөледі, өйткені бала олардың болашақтары болып келеді. Жапондықтар бірінші сыныпта-ақ балаларды жазу машинкасына үйретеді, олардың ойлау есептеу қабілеттері өте жоғары болып келеді. Бізде керісінше жазу машинкасына мектеп бітіргесін арнайы 1-2 жыл оқытып үйретеміз, арнайы оқу орындарында , жас кезінде балаға бәрін үйрету керек баланың миы, ойлау қабілеті тез қабылдайды үренуге деген құштарлығы мол. Сонымен қатар баланың сыртқы дене құрылысына көңіл бөлген дұрыс, қалай отырып тұруына, арқа омыртқа мойын
 
сүйектерін түзу ұстауға, кеудесін шалқақ ұстауға жүріп тұру қыймылдардың дұрыс болуы адамның мінез қылықтарын қалыптастыруға жақсы әсер етеді. Қазіргі жастарымыз аяқтарын асып қойып демалуға бейім, бұндай отырыста денеміздегі қан айналымы бұзылады, жаман әдет. Баланың киімі жылы, әсіресе аяқ киімдерін құрғақ жылы жұмсақ етіп ұстаса, аяқтан өткен суық айықпас ауру (ревматизм-мешелдікке) әкеліп соқтыруы ықтимал. Біріңғай жылы пеш жанында үйге қамалмай, далада «табиғатта» таза ауада серуендеуге, денесін шынықтыруға ойнауға мүмкіншілік жасаған дұрыс, ұйқыдан кейін таңғы таза ауада пайдалы жұмыс атқаруға тәрбиелеу қажет екенін ұмытпаңыз . Күнделікті салқын суға жуынып, дене тазалығын ұстаныңыз . Жаңа жетіліп келе жатқан бала денсаулығы зиянды қоспалар (ерітінділер) кездесетін тағамдарда тәттілерді жиі коректену әсерінен дене мүшелерінің ауруына өсіп-өну кезеңіне кедергі жасауы мүмкін. Көбіне ата-ана ұстаздар бала тәрбиесін бір біріне сілтейді, бала тәрбиесі баршаға ортақ. Егер жанұя мүшелерімен жақындарымен таңғы мезгілде далада, спорт алаңдарында жеке бөлмелерде дене жаттығуларын бірге өткізу жастарға көп пайда әкеледі, одан адамның тек ұтары ғана сөзсіз . Қасымыздағы келіншектеріміздің көрікті , қарындастарымыздың денесі сұлу, мінез қылықтарының сүйкімділігін күнде көріп, тіршілікте мәңгі біргеміз. Олар денесі сұлу болуы үшін тамақты өте аз ішеді, пайдалы тағамдарды талғап қана ішіп жейді . Тамақ жеу ережесін осы қыздардан үйреніп аз мөлшерде тамақтануға дағдылануымыз керек. Менің құрдастарым: Берік Ақпанбетов, Дүйсен Арыстанбеков, Сәбитбек(Сәмен)Тобағабулов,Ахметбек(Ақанай)Байсалбеков, Амантай Хамитов,Сафин Мамықов,Исламқұл(Ишко) Оразбеков,Жәлел Байдильдин, Кенжебек Молдабеков,Қалдыбек Шүкенов,Мақсұт Шакенов,Самат Абильдин,Жұманазар (Жұмкен)Жайлаубаев,Сәулетбек Орынбаев, Жанат Оспанов бірге өсіп, құлын-тайдай тебісіп ойнаған достарым ер жетіп жоғары оқуды бітіргесін, көбіміз бір қалада тұрып жатырмыз.Үш құрдасым ауылда қалып Ұлытау өңірінде ауылшаруашылық өнімдеріне өз үлестерін қосып жатыр,ал сегіз құрдасым «Қазахмыс» корпарациясының бөлімшелерінде әр салада қызыметтерін атқаруда.Семья құрып,бала-шаға өсіріп дегендей жұрт қатарлы тіршілігімізді жасадық , жанұямызды бағып, бала оқытып,немере бағып жатқан жайымыз бар.Менің бір құрдасыма тоқталғым келеді,оның аты Мақсұт Шакенов. 1970 жылдары Совет Одағының билігі жүріп тұрған заманда-ақ мектеп қабырғасында жүргенде Мақсұт құрдасым намаз оқып,жылына бір мезгіл Оразасын ұстанған.Осы әдетін өскенде де қалдырған жоқ, 2000 жылдары жолы болып Мекке-Мадинаға барып қажы аталып келді,қазір Жезқазғанда Қазақстан теміржол бөлімшесінің бірдей-бір басшысы болып қызмет атқарады.Осы Мақсұт жолдасым мектепте денесі шағын,кішкентай болды десем артық айтқан болмас едім.Менің көзқарасымда құдай салып намаз оқығасын Ораза ұстанғасын,яғни дене мүшелерін тазалағасын досымның дене құрылысы өскенін көріп жүрміз.Қазір екі иығына екі жігіт мінгендей,соқталдай жігіт ағасы аталып жүр.
 
Ал,жолдастарымның әйелдері бәрі ғажаб,алтын мінезден жаратылған жайдары мінезді қыздар.Осы қыздардың жан-ұясына берген тәрбиелері ұшан-теңіз болады. Анаға,қыз балаларға қарап үйдегі жігіттеріміз пайдалы көп нәрсені үйренері хақ.Жастайынан майлы мол тамаққа үйренген достарым жан-ұясында тамақтанғанда келіншегі тамақтанып болғанда олар да тамақтануын тоқтатқан, осылай бірте бірте аз да пайдалы тағамдарға асқазанын үйреткен. Жолдастарымның жан-ұясына дүниедегі бар жақсылықты, дендерінің қашанда сау болғанын, қартайған кездерімізде де бірге ойнап-күліп бұл тіршілігімізде бірге қуанып жүргенге не жетсін. Кейбір қыз балалар тез арықтауға, денесіндегі артық майлардан арылуға бейімделіп тамақ жеуден үзілді кесілді бас тартады, ал кейбіреулері темекімен әуестенеді. Бұл қате пікір, ұзақ мерзімге тамақ жемеу әсерінен дене мүшелерінің жұмысын күрделендіріп алуларына болады, денедегі артық заттардан бірте бірте тазалау керек.Таңертеңгі мезгілде бір кесе шай ішіп,бір кесім нан жесеңіз, асқазаныңызға аз да болса корек бересіз,сол да адам организіміне жеткілікті,көбіне таза су немесе пайдалы сусын ішкеніңіз жөн. Мен елбасымен, үкімет басшыларымен, ғалымдар- мен кездесіп сөйлескен емеспін, бірақ олардың адам денсаулығына деген көзқарасын жақсы білемін. Адам үшін тұрғын үй салып, қала көтереді, зәулім ғимараттар-стадион-парктер ашылып адамдар демалады, жер байлығын ашып көптеген кәсіпорындар, ірі өнеркәсіптер ашылуда, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылып космос әлемін игерудеміз. Бұның бәрі де адамдар үшін екенін жалпы халық түсінеді және үкімет пен ел басының кемеңгер ісіне қашанда қолдау білдіремін. Адамдар зейнеткер жасына дейін еңбек етіп, сан қилы жұмыстар атқарып Отанын сәулеттендіреді және уақытпен бірге өсіп өнуде. Міне, еңбекте өткізген 60-70 жылдарың және содан кейінде немереңмен бірге қызық- таңыз ,сол үшін сізге күш қуат таза да зор денсаулық қажет. Дене мүшелеріңнің атқарар қызыметі жақсы болуы үшін, кәрілікті кешіктіру үшін адамға жылына бірнеше рет ашығу керек. Қысқа мерзім аштықтан ешкімде өлмеген. Бір күн ашығып бір күн аз мөлшерде ғана пайдалы тағам жеңіз, салауатты өмір сүріңіз, жылына бір рет Ораза ұстаныңыз. Жан-сарайыңыз кеңейіп өмірге деген сүйіспеншілік-құштарлығыңыз уақыт өткен сайын молайа түседі. Меніңше, дүнйедегі ең бірінші сұлулық – табиғатқа жарасады, содан кейін ғана қыз баланың сұлу мүсіні, сүйкімділігі сөз болуы керек.
 
 
« Табиғаттан - артық сұлу ештеңе жоқ »