http://www.metgrup.ru/ купить лист стальной горячекатаный цена прайс.


 Дертіңізді анықтау

Адам қанында бар жағымсыз улы заттарды кіші дәретті тексеру арқылы анықтап көз жеткізуге болады. Таңғы мезгілде кіші дәретіңізді жеке ыдысқа алып салқындатсаңыз, сосын бір-екі тәуліктен соң қарасаңыз құрамында : ақшыл бұлтқа ұқсас заттарды байқайсыз, осы заттар күннен-күнге қоюлана береді. Науқас,ауру, денесінде зиянды артық заттар бар адамда бұндай құбылыс өте қою көп мөлшерде болады. Егер, сіз қатты ауырып,емханада жатқан болсаңыз дәрігер-мамандар сіздің денсаулығыңызды дене мүше тазалығын осындай жолмен кіші дәрет арқылы анықтайтынына көз жеткізуге болады. Адам денсаулығын дене мүшелері арқылы өз қабілетіне қарай денедегі артық заттардан тазалай алады. Сізге дене мүшелерінің жұмысы сезілмейді де, тек қана жүректің соғуы қан тамырларының қозғалысы ғана – адам жанының бар екенін сездіргендей. Ішкі күш-қуатының арқасында барлық дене мүшелері тоқтаусыз жұмыс атқарады : ас қорытыды, қанымыз айналады, дене клеткаларына сіңіреді, денеңізді артық заттардан тазалайды және қорытылған тағамды 30 метр қашықтық бойына жүргізе отырып сыртқа шығарады. Әсіресе қысты күні жеміс-жидек өсімдіктер азайып, майлы да құнарлы тамаққа тойып аламыз да , қыстыкүнгі ұзақ уақытта денеңізге жағымсыз артық заттарды көп мөлшерде жинай аласыз. Бұндай заттар көбіне : мұрынбоқ, қақырық, гаймарит түріндегі қоймалжың , денедегі тұздар, тері арқылы бөлінетін май түрлері және артық сулар, бүйрекке жиналатын тастар, өкпенің қабынуы (іріңдеуі), қанда кездесетін ақ түйіршектер т.б. адам денесінде кездесетін жағымсыз улы заттар болып есептелінеді. Осындай кезеңде ашығу арқылы денеңізді тазалағанда кейбір адамның ыстығы көтеріледі. Өлі адамда ыстық болмайды, ал күш-қуаты арқасында тірі организм ыстықтай алады, көтере де біледі, яғни адам денесінде табиғи тазалау кезеңі басталды деген сөз. Көптеген адамдар жылы киінбеу салдарынан тоңып, салқын жел денеге өтіп, әсіресе қыстыкүні суық тиіп ауруға шалдығып ақыры тымаурап жатады. Бұл ғылыми түсініктеме емес. Қыстыкүнгі тымау – бұл адамдардың денесіндегі артық заттардан тазалану құбылысына дәлел. Бұндай табиғи тазалану – адамзатқа тән құбылыс. Мен, адамдардың қандай ауру түрімен ауырып-науқастанғанын қаламаймын, оның ішінде тымауға жол бермеген дұрыс. Өзіңізге кіші-гірім тәжірибе жасасаңыз бірнеше ай бойы құрамында крахмалы жоқ , холестерол құрамы аз тамақты, капуста-сәбізден жасалған салатты, пайдалы жеміс-жидек, жаңғақтарды, семочкаларды ішіп-жеп отырып, жетісіне бір рет 24 сағат ,содан кейін бір рет 36 сағат ашықсаңыз, содан кейін өзіңізді тың сезінбесеңіз ашығу мерзімін 7-10 тәулікке жеткізіңіз. Күнде таңертең кіші дәретіңізге көңіл бөліңіз, күннен-күнге құрамы сейіліп азайғанын байқайсыз. Көңіл күйіңіз жақсарады, жұмысқа деген қабілетіңіз артады.Жеті-он тәулік ашығу – тазалануға жеткілікті мерзімі. Қыс айларында майлы-күрделі тамаққа көшуіңізге байланысты күз айларында қаңтар-шілдеде 3-7 тәулік, наурыз-қыркүйекте 10-20 тәулік ашығыңыз, жылына екі рет мамыр-қараша айларында 30-40 тәулікке дейін ашығуға әбден болады,адам денсаулығы ұзақ ашығуды да көтере алады,тек қана таза суды аздап ішіп отырыңыз, әсіресе жастарымыз РАМАЗАН айында денесін тәрбиелесе,Ораза ұстануға жеңіл болады. Күз айларында денеңізді мейлінше тазаласаңыз қыстыкүні тіршілігіңізге жеңіл болары сөзсіз, денсаулығыңыз мықты, ойыңыз сергек жұмыста қажымайсыз. Кейбір ортаға байланысты тәтті де ащы , майлы да құнарлы тағамдар, әртүрлі сусын-ішімдіктерді кейде қызығуменде ішіп-жеп қоюыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, денеңізді тазалау үшін кем дегенде жетісіне бір рет ашығу ережесін толық ұстанып, өзіңіздің жіберген қатеңізді түзегеніңіз абзал.
 
 
« Күшті адам деп, жаман мінез-қылықтарын жеңе білген адамды айтады »