Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫ - ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ЖАЙЫНДА


 ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ ҚАМҚОРШЫСЫ - ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ХАЛЫҚ ЕМШІЛЕРІ ЖАЙЫНДА

Адам күнделікті тіршілік етуі үшін көптеген өндіріс ошақтарында қызмет істеп еңбек етуде. Денсаулығы нашарлап,күрделі ауырған кездерде медицина қызметін қажет етіп ақ халатты абзал жандар дәрігерлер көмегіне жүгінеміз, бос уақытымызда көптеген дімкес адамдар халық емшілерінің шипалы қолынан дәріс алып жатады . Емхана, клиника дәрігерлері көп салалы емдік жолдарына бағышталып әр түрлі маман-дәрігер қызметін оқып меңгереді . Кейбір дәрігер хирург-нейрохирург қызыметін атқарса, ал кейбіреулері терапевт-окулист-невропотолог-ухо горло нос-травматолог мамандығын игереді, ал қайсы бірі онкология-гинекология-тері аурулары, көптеген тағы да басқа да ауруларды емдейтін маман-дәрігерлері болып емханаларда медицина құрал-жабдықтар көмегімен дәрі-дәрмек қолдану арқылы адам денсаулығын белгілі бір уақыт көлемінде емдейді.Халық емшілері био күштері-экстросеанс-сылап сипау қасиеттерімен бірге өсімдік пен шөп тамырларынан әзірленген дәрілер арқылы науқас адамның денсаулығын түзейді . Дәрігер мен халық емшілерінің айырмашылығы қандай ? деген сұрақ тууы әбден мүмкін . Екеуі де адам денсаулығы үшін қызмет етерін білеміз . Дәрігерлер жоғары немесе арнайы оқу орындарында белгілі бір мамандық алса, халық емшілері өзіне ғана тән табиғи дарындықтың арқасында шипалы емдік жасайды және медицина ғылымынан хабардар болып отырады . Дәрігерлер қызметін үкімет тарапынан қолдау жасалып қаражаттан-дырылып отырады, дәрі-дәрмек үшін жылына көптеген миллион доллар бөлінеді, ал халық емшілері үкімет-медицина саласынан рұқсат алумен шектеліп қызыметі ауру-науқас адамдардың қаражаты мен ықылас ниеттерімен шектеліп жатады . Халық емшілерінің еңбектерін жамандауға, ескермеуге әбден болмайды . Осындай кезеңдерді пайдаланған кейбіреулер өзіне пайда табу жолына да түсіп жатады . Кейбір емшілер науқасты емдемек түгілі одан сайын ауруын күрделендіріп әрі қарай емдеу қызметінен бас тартып жатады, немесе емдік жолдары оқылған су ішкізіп, сылап сипау қызыметімен шектеліп жатады . Дәрігерлер мен халық емшілері ауру-науқас адамдарды бір тәулік ішінде емдеп айықтырсаңыз да немесе айлап-жылдап емдесеңіз де сол ауру-науқас адамның денсаулығын, ішкі ағзаларын тазалап сау адам қатарына қосылуына себебші болу керек . Емдік жолдары әсер етпеген жағдайда науқас адамды әуре-сарсаңға салмай, ауру себебтерін анықтап емделу жолдарына дәрігер –маманға тура бағыштағаныңыз абзал . Адам денсаулығы үшін халық емшілерімен қатар Тибеттік емдік жолдары, Индияның иога қызыметі, Кореялық ине терапевт, Азиялық шөп-тамырларымен қатар , тұзды балшықпен және жер асты емдеу жолдары, Европа-Сібірь салқын сумен сауықтыру жолдары қашанда адам денсаулығы үшін қызымет еткенін ұмытпауымыз керек . Сонымен қатар көптеген науқас-ауру адамдар Түкістандағы Қожа-Ахмет зиратынан, Сары-Арқа төріндегі Қойлыбай әулие зиратынан, әулие баптардың аруақтарынан шипа іздеп, кейбір науқас-аурулар сауығып жататынын естіп жатамыз . Осындай әулиелердің аруақтары тірілерге, науқас адамдарға ақыл-ойын тазалауға, денсаулығының түзелуіне қашанда жақсы ықпал етуіне, сол науқас адамның төзімділігі-сенуі куә бола алары сөзсіз . Газет-журнал беттерінде де халық емшілері туралы көптеген мақалалар оқуымызға болады және салауатты өмір салтын дәріптеп насихаттауда . Халық емшісі Қуаныш Сихынбаев 21 сәуір 1999 жылы «Сары-Арқа» газетінде жариялаған мақаласында: Алланың жолына түсіп бес уақыт намаз оқып, Ораза ұстанғанын айтады, сонымен қатар гимнастиканың-иогамен тұрақты айналысқанын, әр түрлі дәрісіз халық емдерін қолданғанын айтады . Нәтижесінде бірте бірте денедегі аурулардан айыққанын айтады. «Ауру қонақ, батпандап кіріп, мысқылдап шығады» деп осындайда айтылған болуы керек . Американдық физиотерапевт Поль С.Бреггтің дұрыс тамақтана білу, дене тәрбиесі жөніндегі ақыл кеңестері дүние жүзі халықтарына белгілі, ол өзін 86 жасында да дене қимылдарын жастар қатарымен салыстыра білген кісі .Бүгінгі қиын заманда жоқшылық, тапшылықтың ауыр тауқыметін тартып жұртшылықтың күйзеліске ұшырап, жүйке жұқаруы, аузына тигенді ғана талғажау қылып, қажетті мөлшерде дұрыс тамақтана алмауы да адам денасулығын бұзатын бірден бір себеп . Қандай қиындық,, ауыр қасіретке душар болғанмен сары уайымға салынуға болмайды . Таза ауада (табиғатта) жүру, жүгіру, дене шынықтыру тәрбиесімен (гимнастика, спорт түрлері) үзбей айналысып, иогамен тұрақты шұғылдану, денені салқын сумен шомылып тәрбиелеу керектігін айтады . Тоя ішіп-жеп, бей-берекет тамақтану, қимылсыз істі сүйетін тәтті ғұмыр ажалға асықтырары сөзсіз . «Ауру-астан» деп халық текке айтпаған . Табиғаттың өзі әзірленген табиғи тамақтарды өңделмеген күйінде ішкен жақсы, тұзды немесе өте тұздалған тамақтың зиянды екендігін ескертеді . Қымыз, шұбат, айран, қаймақ, сүт, сүттен істелген тағамдар, жұмыртқа, балық, ет, жазда жақсы піскен жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін көбірек жеген дұрыс. Күріш, қара құмық (гречка) секілді жармақ дақылдарын тағамда көбірек пайдаланыңыз. Картопты, ұннан дайындалған макорон өнімдерін жиі жеуге болмайды, малдың майы ауыр, төрт сағатқа дейін қорытылмайды, аздап жеңіз, өйткені денсаулыққа залал келтіруі мүмкін. Оның есесіне өсімдік майы пайдалы, оны тамаққа көбірек қолданған пайдалы әсіресе оливковое майының емдік қасиеті өте мол. Өңделген ақ қантты көп жеу зиян, тәттінің орнына араның балын, құрма жеу керек . Жаз айларында піскен жеміс, көкөністердің шырынын сығып алып, ішіп тұрған жақсы болады . Адам организмі осындай өңделмеген табиғи тамақтардан ғана қажетті пайдалы витаминдерді (заттарды) ала алатынын айтады . Дінімізде шамадан артық тамақ ішу мәкрүһ делінген, Мұхамед ғ.с. пайғамбарымыз тамақ ішкенде асқазанның үштен бірін бос қалдыр деген екен. Қазір медицинада осыны айтады, ауырғанда емдік шөп дәрілерін ішуге болатынын жазған. УРИНОТЕРОПИЯНЫҢ пайдасын біреу білсе де біреулер білмей жүр, сол сияқты тоқ ішекті, бауырды, өтті, бүйректі тазартудың тәсілін меңгерген жөн . «Тәні саудың – жаны сау» дегендей ақ, денсаулықты дұрыстау (тазалау) өз қолыңызда . Ол үшін барлық мүмкіндікті тиімді пайдалану керек . Сонда салауатты өмір салты үшін қосқан әрбір адамның үлесі өз жемісін берері хақ екендігін халық емшілері жақсы жазып насихаттай білген . Міне, осындай халық емшілерін неге жоғары бағаламаймыз? Осындай халық емшілерінің білімі мол, еңбегі адал сауатты білгір маман ретінде бағалап ақыл-кеңес алып, ауру-науқасымыздан дер кезінде арылып, қолының шипалы жемісін көре берейік . Денсаулығыңыздың зор болуы үшін денеңізді күнделікті тазалаңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз . Әрбір адам жас кезінен бастап қоршаған ортасына байланысты өзін-өзі қадағаламай тәрбиелемеу арқасында денсаулығының өсіп-өнуіне дене мүшелерінің жағымсыз артық заттармен зардап шегуіне жол бере отырып өсе келе ауырып, айықпас жара, мешел-дімкес болып қалуы әбден мүмкін . Сонымен қатар адамзат баласы қоршаған орта табиғатқа сәйкес күн көріс тіршілік заңына бағына білген . Оған бір мысал: дүние жүзі халықтары ақ нәсілдер мен қара нәсілдер адамдардың өсіп-өнуі табиғаты бірдей, бірақ Солтүстік шарының халқымен Оңтүстік Индия-Африка жеріндегі халықтардың табиғат құбылысына көндігуі тіршілігі әр қалай . Барлық адам бірдей деп есептесек Солтүстік халқы 25 гр.Ц ауа қызуы жоғары болған жағдайда күнделікті тіршілігінде төзе алмайды, кейбір жағдайда жұмыс қызыметтерін тоқтатып өзен судың маңында шомылу орындарында уақыттарын өткеріп жатады . Ал Индия-Африка халықтары 40-45 гр.Ц ауа қызуы жоғары болған жағдайда жа жұмысын істеп тіршілігін мәнді өткеріп жатады . Ал Оңтүстік халықтары әсіресе қыс айларында Солтүстік тіршілігіне төзе алмайды, бұндай жағдайда далада атқаратын жұмыстрын айтпасада болады . Неге осындай айырмашылық барын, адам тіршілігінің бір-біріне қарама-қайшы екенін қалай түсіндіруге болады ? Қандай адам болмасын қоршаған ортаға табиғат құбылысына сәйкес өз басынан бастап, денесін тәрбиелеу арқасында мекен еткен жердегі табиғат құбылысына сәйкес өсіп-өніп отырады . Осылай денесін тәрбиелеу арқасында Солтүстік халқы салқын аязда, ал Оңтүстік халқы ыстық аптапқа төзіп, өсіп-өніп отыра алады . Сондықтан аяздан қорқып, суық сумен жуынып-шомылудан қорықпаңыз, жаз айларында жеңіл шешініп күн сәулесімен денеңізді қыздырыңыз . Күн сәулесінің қызуы барлығымызға күш-қуат береді, қоршаған табиғатымыз да күн сәулесінен тіршілік алатынын ұмытпаңыз ! Табиғаттың төрт мезгіліне мәнді тіршілік ету үшін дене құрылысы тәрбиесіне көп көңіл бөле отырыңыз . Зор денсаулық адам үшін қажет екеніне күш-қуатыңызды салыңыз . Денсаулығыңыздың мықты болуы, тіршілігіңіздің маңызды сәнді болуына ықпал болары ақиқат . Науқастанып ауру болып қалған кейбір адамдарды тексере келгенде көбіне тамақ жеу ережесін сақтамай, дене құрылысының өсіп-өнуіне жас кезінен бастап, мән бермегеніне көз жеткізуімізге әбден болады . Біз көбіне ауырғанда, сол аурудан айықпай дімкәс-мешел болып қалғанымызда көбіне ақ халатты абзал жандар дәрігерлер мен халық емшілерін кінәлап жатамыз, ал адамның ауруға ерте кезден жол бергеніне, дене құбылысын тәрбиелемегенін, тамақ жеу ережесін қатаң сақталмағанын мойындамаймыз . Ал, бала тәрбиесіне қатысы бар ата-ана, мектеп ұжымы, жоғары оқу орындары әкімшілігі бір-біріне сілтеп, қандай бала болмасын ауырғанда немесе қылмыс жасап әшекерленгенде өз бастарын алып қашып жатады . Бала тәрбиесі – баршаға ортақ, үкімет тарапынан қадағалау қажет, өйткені осы бала сол үкіметтің (елдің) мүшесі болашағы . Осындай қиын жағдайда, базар нарқы экономиялық жағдайда елімізге денсаулығы мықты, оқыған талантты, салауатты азамат – болашақ керек деп айтылған еліміздің заңында . «Баланы – жастан» деп қазақ атамыз тегін айтпаған . Енді мынадай салыстырмаға көңіл бөлейікші: біздің сүйікті Отанымызда бала мен ересек үлкендер арасында ауырғандар және дімкес-мешел болып науқастанғандар саны жыл сайын өсіп отырады . Ауруханаларда бос орын жоқтың қасы, есепте тұрған (инвалидтер) науқастар қаншама десеңізші, сотталған адамдар арасындағы дімкестерді алыңыз, тексеріліп анықталмай отырған мектеп жасындағы жасөспірімдер саны әлі толық есепке алынбай отыр ( дене құрылысы жетілмеген, бронхид-туберкулез ауруына бейімделмегендер, ақыл-есі толық жетілмегендер, дене мүшелері ауруға бейімделгендер т.б. с.с.), міне осының бәрі еліміздегі ауыратын адамдар санын көбейтпесе азайтпайтыны анық, осылардың бәрін кім қадағалап «болашағымыздың» денсаулық сақтау, қорғау тақырыбында үлес қосып жатқан кімдер бар?. Бұл баршамызды ойландыратын тақырып . Үкімет тарапынан адам денсаулығы үшін қанша қаражат бөлінетініне көңіл бөліңізші : - клиника,емханалар, амболатория, профилактория, дәрігерлік бөлімшелер (бекеттер) және осыларға тиесілі құрал-жабдықтарды есептеңіз . – жыл сайын дәрі-дәрмекке бөлінетін (отандық) қаражат . – шет-елдерден қымбат жолменен әкелінетін аппараттар, дәрі-дәрмекті есептеңіз . – үкімет тарапынан дәрігерлер мен емшілердің білімін көтеруге жұмсалатын шығынды есептеңіз . – еліміздің дәрі-дәрмек шығаратын орындарға үкімет тарапынан бөлінетін қаражатты есептеңіз . – емшілер мен мамандар және ақ халатты абзал жандар дәрігерлердің ай сайынғы жалақысын есептеңіз . Міне, көріп отырғаныңыздай адам денсаулығына арналып үкімет тарапынан қаржыландыру бірнеше ондаған миллиард теңгемен есептелінеді . Осы көп ақша сіз бен біздің, өндіріс өнімдерінен, үкімет жинақтау орталықтарынан бөлініп отыратынын білеміз. Осындай мол қаржы шешілмей отырған басты мәселеге жұмсалып отырса мұқтаж адамдарға көп жеңіл болатынын еді . Дәрі-дәрмекке қаражат бөлінгені адам денсаулығын ойлағасын туып отырады, емханаларға ауруға шалдыққан адамдар дәрі-дәрмекті қажет ететінін бәріміз білеміз . Қолданып жүрген дәрі-дәрмектердің адам денсаулығына қарамақайшылығын, қандай жағдайда зиян келтіретінін ауырған адамнан бастап мектеп жасындағы балаға дейін мағұлымат алып отыруы әбден дұрыс . Сондықтан қашанда ауырмағанымыз дұрыс, ол үшін баланы жас кезінен бастап тамақ жеу ережесін тиімді ұстануға, дене құрылысын күтінуге күнделікті жаттығуларға тәрбиелеу, оқуға-өнерге баулу, салауатты өмір салтын қатаң ұстану адам тіршілігінің күнделікті атқарар басты мәселесі болуы керек . Ұзақта бақытты салихалы өмір әрбір адамның өз қолында, балиғатқа жеткен азаматты Ораза ұстануға тәрбиелеу . Күні-түні дәрігерлер мен емшілер адам денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етуде, ажалдан (аурудан) арашалап қалуы үшін қолдан келер бар мүмкіншілікті қолдануда, маңдай тері мен білімін адам денсаулығына арнауда . Дәрігерлермен емшілерге халықтың айтар алғысы көп, ал осы емшілердің қызыметін жеңілдендіріп көмек жасау адамдардың қолынан келе ме ? Жас баланы өте таза деп есептесек, сол бала өсе келе әртүрлі пайдасыз тамақты ішіп-жеу арқылы, жаман әдет-ғұрыпқа ұрына отырып, өзін-өзі күтінбеу әсерінен адам денсаулығын тәрбиелеу құбылысын біршама жіберіп алады, ақыры бір дене мүшесі ауырып немесе күрделі науқастанады . Сондықтан өзіңді күте біл, дене мүшелерін дене клеткаларында жиналған пайдасыз артық заттардан тазалай біліңіз . Тазалық барлық жерде жарасады, ал адам денсаулығы тазалануды ауадай қажет ететінін ешқашанда ұмытпаңыз . Тамақты шектей отырып, аптасына 2-3 рет тәулік бойы ашығыңыз, жұртпен бірдей жыл мезгілінде Ораза ұстаныңыз.Бұның бәрі адам денсаулығына қатысты болары сөзсіз.
 
Қазақстан аймақтарында мен білмейтін,әркімге жар сала бермейтін азаматтарымыз да ашығу тақырыбына зейін қойып ішкі ағзаларын тазалай отырып денсаулықтарын түзеп жатқандарын сырттай естіп жатамын.Кейбір жігіттеріміз де отадан (операция) кейін де ұзақ мерзімдік ашығу ережелерін ұстай отырып денсаулықтары біршама жақсартып алғандарын естіп көріп жатамыз.Қазір техниканың дамыған уақытында интернетке кіріп ашығу тақырыбына кімдер оқып,кімдер жазып жүр екендеп қарасаңыз, қазақтың жігітері де өздерін сауатты, саламатты өмір салтын жақтайтындарын білдіріп жазып жатады, тек кейінгі жас балалар оқып болашақ өмірлеріне сабақ алса ғой.Менің айтайын деп отырған азаматым: Мұқашбаев Әсет Ризаұлы,25 тамыз 1951 жылы Семей обл.,Үржар ауданы Науалы ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіріп,жоғарғы оқуын тамамдағасын туған жерінде ұзақ жылдар бойы агроном болып қызымет атқарған.Дене салмағын өте керемет өсіріп алғаннан кейін ашығу ережелерін ұстана отырып адам сенгісіз жақсы жетістіктерге жеткен туған жерін,Отанын сүйетін оқыған азамат екенін дәлелдей білген қазақтың үлкен ағасы. Әсет Ризаұлы өзім білдім,емделдім деп қана қоймай басқа да қазақ балалары оқып ішкі ағзаларын өз бетінше тазалай білсін деген мақсатпен ашығу тақырыбына байланысты көп мағлұматтарды интернет бетіне жария еткен қазағымның ірі азаматы(жасы 60та). Әсет Ризаұлы ашығу тақырыбына байланысты: 2006 жылдан бастап «Жасару құпиясы», «Аштықты ұстау-денсаулықтың кепілі», «Рух пен тәннің саулығы», «Жүйке жүйесінің тылсымы», «Ақыл есті билеп алған жоқшылық пен кедейшіліктен қалай құтылуға болады?» деген,тағы да көптеген мақаларын жазып кітап қылып шығарып көпшілікке ұсынған үлкен азамат. Жазған мақала,шығармаларын кітапханаларда,интернет беттерініе оқып танысуларыңа болады.Мұқашбаев Әсет Ризаұлы қазіргі уақытта Алматы облысы Қарасай ауданында жанұясымен бірге тұрып жатыр,осындай азаматтың қасымызда болғаны қандай керемет,ауылымыздың мақтанышы емес пе? Қазақтың оқыған көзі ашық жігітері ашығу тақырыбына көп жазып, медицинада жоғары оқуларын тамамдаған үлгілі жұмысын жасап жүрген азаматтар (қазақтың жас жігітері) осы тақырыпты толықтыра отырып шығармаларын жазып тұрса, интернет бетінен кейінгі балалар оқып тұрса баршамызға жақсы болар еді. Адам организмі тамақты ішіп-жеуді қалай жақсы көрсе, дене мүшелері де жағымсыз артық заттардан тазаруды сондай жақсы көреді. Ғылыми ашығу – адам денсаулығының тазаруына жол ашады.Сіз бен біз ауырмасақ, дене тазалығын қатаң сақтасақ дәрігерлер мен емшілерге жасаған бірден бір көмегіміз болар еді, ең бастысы тазалану – зор денсаулыққа апарар жол . Дәрігерлер мен емшілерге жиі тексеріліп ақыл-кеңес алып отырыңыз . Адамдар мен дәрігерлердің арасы жақын болғаны дұрыс, бірі ауруды көре білсе екіншісі дене мүшелерін тазартуды үйренуі хақ . Денеңізді артық заттардан зиянсыз тазарудың бірден бір жолы – ашығу болады . Оған сіздің тек қана төзімділігіңіз бен сеніміңіз, ақыл-ой-санаңыздың өмірге деген құлшынысыңыз жетіп жатыр . Өзіңіз үйреніңіз, өзгеге үлгі болыңыз, жаман әдет-ғұрыптан, жалқаулықтан қашанда аулақ болыңыз . Сіздің денсаулығыңыздың зор болғанын баршамыз қалаймыз, ұзақ өмір сүріп бақытты болыңыз . Сізге жаратушы Алланың нұры жаусын !..
 
 
«Білмеген нәрсені сұрау - айып емес»