Vippiä euroa pikavippi tekstarilla Fin OV. . buy instagram followers
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Денсаулық - өмір үшін қажет


 Денсаулық - өмір үшін қажет

Ойлау қабілеті бар адамзат баласы, өмірдің қажеті мен маңызы туралы өзіңе сұрақ бере отырып, жауап іздеуі керек «Өмірде, мен үшін өте қажетті қандай нәрсе» - деп. Өте ерте заманнан бастап, ұлы ғұламалар, данышпан- ғалымдар, ұлағатты азамат өсіп - өніп отырған ортамызды, күнделікті тіршілігінде адам денсаулығын өте бағалай білген. Даңқ пен байлық денсаулығы жоқ (науқас) адамға қажеті жоқ екендігін жақсы түсінген. Ауру адам дегеніміз кім? Егер ол атақты немесе өте бай бола тұрса да. Атақ – даңқпен, байлықпенен адам өзіне тиесілі денсаулықты , бақытқа толы өмірін ешқашанда сатып ала алмайды. Егер адамзат баласы ұлы данышпан – ғалым болып , атақ даңққа жетіп, байлыққа кенелседе, ондай адамды бақытты деп санамаған. Мен адамдарда жиі кездесетін атақ-даңқты, байлықты бағалай білемін. Атақ-даңқпен байлықтың өмірімізде, әсіресе қазіргі дамыған дәуірімізде алатын орыны өте ерекше екендігін қоршаған ортамыздан, дүние жүзі тарихынан күнде көріп-естіп жатамыз. Сонымен бірге адамға күнделікті тіршілігін жеңілдетер көп нәрселер ( комфорт ) , көптеген заттар,техникалар ( удовольствия ) тіршілікте қажет екенін түсініп, көптеген жаңалықтар ашудамыз. Егер осының бәрін адамдардан алып қоятын болса, адамның бірінші мақсаты жоғалған байлығын, күнделікті тіршілігіне қажетті заттарды, жоғалған атақ-даңқын қайтару болады. Жоғарыда айтылғандар өз орынына келгеннен кейін көп ойланар нәрсе: адам денсаулығы, салихалы өмірі болары сөзсіз. Сонымен бірге күнделікті тіршілікте, жағымсыз ойдан арыла-айыға алмаймыз,неге? Өмірімізге, денсаулығымызға қауып-қатер, ауру әкелетін, айтуға қорқынышты, ойымызға алсақ құбыжықтай көрінетін, көп зардап шектіретін бір нәрсе ойымыздан кетпейді. Адамның өте қорқар бұл ойлануы, бір сөзбен айтсақ, бұл сөздің аты – адам өлімі. Ауыр тіршілік, кедейшілік қатты қысқанымен, ұзақ мерзімдегі ауру өлім аузына алып кегенде де, адамзат баласы өмірдің тәттілігін-қажетін мойындап, өмір сүруге әрқашанда талпынған. Өлмеу үшін, ұзақта бақытты өмір сүру үшін, адамзат баласы жан-дүниесінің қиналуына шыдап, тіршіліктің қиында ауыр тауқыметіне көне білген. Көбінесе осы ұзақ мерзімдік ашығуды адамдар денсаулығы сыр бере бастағанда немесе ауруы күрделеніп емделуге басқа да жолдары болмаған жағдайда ұстанып,ақпарат беттерінен оқып біліп үйреніп жатқандарын естіп жатамыз.Халқының салт-дәстүріне сәйкес адамдар ашығуды әр түрлі жолдармен ұстана алады,көптеген қазақ азаматтарыда Рамазан айларында Ораза ұстанып бір мезгіл тазалана білген.Ораза ұстанған адамдар денсаулығына зиян келмегенін айтады,қайта ішкі ағзаларында жақсы өзгеріс болғанын,ойлау қабілетінің артқанын,жұмысқа деген күш-қуатының артқаның,болашаққа деген жақсы үміттердің ойанғанын айтып отырады.Адам дені сау болуы үшін ішкі ағзалар ын (мүшелерін) жылына 1-2 мезгіл дәрі-дәрмектердің көмегінсіз тазалай білулері керек.Ашығудың адам мүшелеріне тиімді жолдары ұзақ мерзімдік ашығу болып табыла- ды, кейбір адамдарға 20-30 тәуліктік ал басқа науқастарға 40 немесе оданда көп ұзақ мерзімдік ашығуды жылына бірнеше рет қайталауына тура келеді.Адамның ішкі сенімі,адамның ішкі ағзалары ашығуды қанша тәулікке ұзарту керектігіне жол сілтей алады,соңында адам төзімділігі жеңіске жетеді. Денсаулықтың мақсаты – ұзақта бақытты- салиқалы өмір, адам дүниеге кегеннен бастап қартайған шағында да денсаулығының мықты да таза болуы. Адам бұл өмірде өз үйінде жүргендей: күш-қуаты, денсаулығының арқасында ұзақта бақытта салиқалы өмір сүруіне тиісті. Әр елдің конституциясында жазылғанындай, біріккен ұлттар ұйымының ережелерінде барлық адамзат баласы ұзақта бақытты өмір сүруге тиісті деп бағаласақ, адам денсаулығы үшін қашанда күресуіміз қажет. Адамзат баласы бәрі бірдей данышпан болып тумайды. Адам баласы ұлағатты адамзат болуына, салиқалы өмір сүруіне «баршамыз болып » әрбір адам өз басынан бастап тәрбиелеу керек, ақыл-ой-саналарын мейлінше жетілдірілгені дұрыс, дене тазалығын қадағалап салауатты тіршілік-өмір қағидаларын қатаң ұстанып, адам денсаулығын бірінші, жоғары дәрежеде ұстану керек. Денсаулық - әрбір адамның өзінеғана байланысты.

 

«Денсаулық - зор байлық»