Предлагаю услугу гнб бурение.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   ДЕНСАУЛЫҚ АҚШАҒА САТЫЛМАЙДЫ


 ДЕНСАУЛЫҚ АҚШАҒА САТЫЛМАЙДЫ

Адам денсаулығы өткен ғасырымызда да келесі ғасырымызда да ұлағатты азаматты, білімді ғалым көкелерімізді әлі де көп ойландырары ақиқат . Осы өркендеген дәуірімізде адам денсаулығы үшін көп жетістікке жеткендейміз, бірақ адам жасы (өмірі) мейлінше ұзара алмай 70-80 тіпті 60 жаста ақ тәтті де бақытты өмірімен денсаулығының нашарлығынан немесе тіршіліктің зардабы ауыртпашылығына көндіге алмай қоштасып жатады. Сондықтан біліммен ғылымды жақындастыра отырып адам денсаулығын бәрінен де жоғары бағалай отырып, адам жасын 100-120 жасқа ұзарта білуіміз қажет, сонда ғана тіршілік мәні ұзарып қызық та бақытты шақтар мол боларына хақ сеніңіз . Қазіргі техника өркендеген заманымызда медицина саласында адам денсаулығы үшін барлық мүмкіншілікті қолдану үстінде, әлі де көптеген жаңалықтар медицина мен ғылым саласында ашыла берері сөзсіз . Дәрігермен емшілер күні-түні тынымсыз адам өмірін ажалдан арашалап алып қалып жатады, көптеген ауруларға себеп болатын қажетті күрделі құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер біздің Отанымызды тіпті жақында алыс шет елдерде де жетілдіре отырып көптеп шығарылуда . Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектердің алар орыны ерекше болып отыр, жас баладан бастап ұлғайған шағымызға дейін тіршілігімізде көптеп қолданамыз, науқасымыздан емделеміз, дәрі-дәрмексіз тіршілік ету мүмкін болмайтындай көрінері хақ . Жиырмасыншы ғасырдың өзінде ақ орыс ғалымдары профессор, ғылыми дәрігерлік докторлары Николаев Ю.С., Нилов Е.И., сонымен қатар ғалымдар Губергриц А.Я., Меневский Ю.В. адам денсаулығын күте білудің, ішкі дене саулығын күте білудің, ішкі дене мүшелерін зиянды артық заттардан тазару жолдарын ғылыми медицина саласында дәлелдеп барша халыққа насихаттады, емделу орындарында бір мезгіл ашығу ережесін ұстану әсерінен денені тазалау күтіну тәсілдерін (стационарлық емделу жолдары) кең жолға қоя білді . Американдық физиотерапевт Поль С.Бреггтаның білімі мен өмірі барша адамдарға, Америка халқына үлгі болғанын ғылым мен медицина дәлелдеп , көптеген адамдар денсаулығын күтіне біліп салиқалы өмір салтына тәрбиелене бастады. Тамақ жеу ережесін қатаң сақтай отырып (күнделікті тағамның 60 проценті жеміс-жидек овощтардан құралған, осының көп мөлшері өңделмеген табиғи өсімдіктер болған), күнделікті дене құрылысын жаттықтыру тәрбиелеу нәтижесінде өмірінде шаршауды, ауыруды білмеген, 80 жастан ассада жұмыстан бас тартпай тәулігіне пайдалы еңбек еткен, тәулігіне ұзақ мезгіл бойы қозғалыста бола білген адам екенін білеміз . Поль С.Брегг барлық өмірін көбіне адамдар арасында өткізген, жаттығулармен ашығу тәжірибелерін ауру науқас адамдармен бірге халық алдында ашық түрде өткізіп, адам денсаулығына зиянды заттарды, жамандықты әшекерелеп, пайдалы жақтарын насихаттай білген . Европа, Сібірь, Америка халықтары, салауатты барша азамат Поль С.Брегг білімін жоғары бағалап тіршілігіне қолдана білген, бұл дегеніміз – жалқаулықтан, зиянды артық тамақтан аулақ болуға адамдардың көзін жеткізері сөзсіз . Өткен тарихимызды кестелеп отырсаңыз, адам денсаулығын өте ерте заманда ақ ойлаған, кейбір ауру науқастарменде күресе білген, тіпті өте ерте заманда ақ адамдарды имандылыққа денсаулығын тазалай күтіне білуге тәрбиелеген, адам денсаулығы күнделікті маңызды жаңалықтар мәселелер қатарында саналып жоғары бағаланып отырған . Құран-Кәрімде: «Иә, иман келтірушілер ! Сіздерге бұрынғыларға парыз етілгендей Ораза парыз етілді» деген аят бар, осыған қарап біздің ғасырымыздан бұрын да адамдар Ораза ұстанып, ашығу ережесін ұстана отырып дене мүшелерін зиянды артық заттардан тазалай білгеніне көз жеткізуімізге әбден болады. Мұсылман елі пір тұтқан Мұхаммед ғ.с. тіршілік еткен заманда Ораза парызына көп көңіл бөлінген, Оразаның адам денсаулығына тигізер мол үлесін байқап:- нафилә, мәкру, парыз, уәжіп, сүннәт, мүндәп Оразаларының маңызын кеңінен насихаттаған . Біздің заманымызда кейбір ұғымдар Ораза парызын күнделікті тағамды үнемдеу секілді бағалап шектелсе, Ораза тұтынып 30 тәулік бойы ашығу ережесін сақтай отырып немесе қысқа мерзімдік ашығу нәтижесінде ішкі дене
 
мүшелерімізді зиянды артыз улы заттардан тазалай білу, жан-дүниені имандылыққа, дене құрылысының өсіп-өнуіне жақсы ықпал етіп тәрбиелеу адамзат баласының өзінің денсаулығына жасаған бір жақсылығы болары сөзсіз . Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. өсіп-өнген жері Араб елі екенін бәріміз білеміз, ол жерде қыс болмай жаз айлары өте ұзақ ыстық-аптапты болып келетінін, жердегі құм одан бетер жандырып жіберер. Осындай тіршілікке тұрғын халықтар жақсы бейімделе білген, жылына Ораза ұстана білген. Сондықтан ұзақ ыстыққа көндіге білген әрбір мұсылман Ораза ұстанған күндері кешкісін аузын ашып, таң алдында сәресін ішіп жеп, шөлін басып, ауқаттанып бір Аллаға ризығын білдірген . Ауыз ашуға рұқсат бар екен деп Ораза айларында (күндерінде ) тамақты тоя жеуге әсіресе денсаулыққа зиянды «жағымсыз» тағамдарға шектеу қойылған, Мұхаммед ғ.с. пайғамбарымыз асқазанның үштен бір бөлігін бос болуын айтып өткен. Яғни, Ораза мезгілінде адамның шөлін басып күш-қуат жинауы үшін шай-су немесе сусын жеңіл тағам түрімен ғана шектеліп коректенгеніңіз абзал . Әбір адам Ораза ережелерін толық сақтай отырып ашығу кезеңінің аяғында ішкі дене мүшелерін зиянды артық заттардан тазаланғанын, ақыл ойының жетіліп ойлау қабілетінің жақсарғанын, денеңізге күш-қуатыңыз мол жиналып жұмысқа тіршілікке деген көзқарасыңыз жақсарып күннен күнге арта бастағанын байқай алаған. Ораз ұстанып - жан дүнйеңіздің байығанын, дене мүшелерімен денсаулығыңыздың тазалануы ең бірінші сол адамның өзіне қажет . Өзіміз тіршілік еткен жердің үсті де, асты да толған байлық бәріде адамзат баласының тіршілігіне қажет . Жер беті байлығынан ауқаттанып нәр алсаң, таза ауада дем алып күн сәулесінен күш-қуат жинаймыз, жер асты байлығы өркендеуімізге тіршілігімізге өте қажет екенін ғасыр бойы біліп келеміз . Осындай жерді неге қастерлей білмейміз ? Неге табиғатты күте алмаймыз ? Жерсіз-табиғатсыз адамзат баласы өмір сүре алмайтынын ешқашан естен шығармауымыз керек . Адам денсаулығын барлығынан да жоғары қойып, ғылым мен білім, медицина қайраткерлерін неғұрлым жақындастыра білуіміз қажет . Көбіне осы ұжымдар өз бетінше жаңалық ашып, жеке дара жұмыстарын атқаруда . Ғылым түрінде дәлелдеп жер асты байлығын ашып көптеген өндіріс, алып заводтар салынады . Осы өндіріс ошақтарынан бөлінген улы газдар-түтіндер, су қоймаларына өзендерге ағып жатқан зиянды химиалық заттардың адам денсаулығына есепсіз зиян әкелерін ғылым мен білім-медицина неге дәлелдеп әшекерлемейді . Адам денсаулығына зиян шектіретін осындай зиянды өндіріс ошақтарын үкімет тарапынан қолдау тауып жұмысын тоқтатып отыру керек .Табиғат керегінше байлығын береді, техниканың дамыған кезеңінде ақ қоршаған ортаға келтірер зияны одан да көп, адам денсаулығының күннен күнге нашарлауына әкеліп соқтырады .
 
 
«Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады»
 
Дүниеде әсемдікке бағышталған неше түрлі ескерткіштер, зәулім мұражайлар, ғылыми өндірістік жаңалықтар т.б. сол сияқты адамзат баласы үшін көптеп ашылуда, біз оларды күні-түні көзіміздің қарашығындай қорғаштаймыз, қастерлейміз, сақтаймыз , ал адам тәрбиесіне денсаулығына онша мән бере бермейміз, тіпті қасымыздағы итіміз бен мысықтарымызды салыстырғанда . Итіміз бен мысығымызға арнайы жылы үй соғамыз, жекеменшік пансионат ашамыз,жылы киім тіктіреміз, ай сайын дәрігерге апарып тексеріп отырамыз. Адамдар өз денсаулығына осылай көзқараста болса ғой.
 
Асқазан «тойдым» дегенді білмейді . Адамдардың құнарлы тамақты күнделікті тоя жеуіне байланысты және дене мүшелерінің қызметінің күрделенуіне байланысты адам шектері жуандай алады, ал қарын–асқазан созылып көлемін ұлғайтуы мүмкін . Асқазанға күнделікті мол тамақпен толтыру салдарынан көлемін күннен күнге ұлғайтуы мүмкін, ал осы үлкейген асқазанды кішірейтуге адамдардың көп уақыты кетеді . Асқазанды күнделікті көп мөлшерде тамақпен толтырғанда, көлемі тырсиып өзіңіз ыңғайсыз жағдайда боласыз және асқазан жұмысы күрделенеді, әрі толық түрде ұнтақталмай басқа дене мүшелеріне жөнелтілуі мүмкін . Бұл деген басқа дене мүшелерінің әсіресе шектермен бүйректің қызыметін күрделендіреді . Асқазанға көп тамақтың қажеті жоқ, аз да пайдалы витаминге бай тағамда адам денсаулығын күнделікті қамтамасыз ете алады. Сондықтан жас кезімізден бастап асқазанды аз мөлшердегі тағамға үйретейік. «Асқазанда -тойымдылық жоқ», «Өзім тойсам да -көзім тоймайды» деген осы асқазанға арналған болуы керек . Үлкен қариялар, әжелеріміздің айтуынша «өткен» жігіттер бір қойдың барлық етін бір өзі жеп кете бергенге ұқсайды, бұл дегеніміз асқазанға бір мезгілде 25-30 кг. тамақ сиып кетеді деген сөз, ал сонда асқазан көлемін ойлап көріңізші. Кейбір елдер: әсіресе Россия, Европа халқы баланы жас кезінен бастап аз тамақтануға үйретеді, етті және ұннан жасалған өнімдерді шектеген, жеткілікті түрде витаминге бай тағамдармен адамның денсаулығы да мықты әрі жақсы болатынын ғылыми түрде бағалаған . Сондықтан, баршамызда тамақты азайтып жегенге, дене мүшелерімізді күнделікті қадағалап үйретуіміз керек, ата-ана, бала тәрбиешілері болып әсіресе балабақшаға баратын баланың тамақтануына күнделікті қатаң қадағалағаны жөн . Жастайынан аз тамаққа үйренген бала есейген шағында әдетке айналдырады, бұның өзі адамға жасалған жақсылық болып табылады . Сонымен қатар балаларға, тіпті баршамыз қандай тағам-сусын болмасын адам денсаулығына келтіретін пайдасы мен зияндығын дұрыс насихаттауымыз керек . Адам асқазаны қандай тамақ болмасын, тіпті ұсақ темірді де (алюмин қасықтыда) ұсақтай алады, бұндай құбылыстардың кейіннен адамға керісінше әсер әкелетінін ұмытпайық . Қашанда есіңізде болсын: «Асқазанда – тойымдылық жоқ» сіздің басты мақсатыңыз дене мүшелеріңіздің таза болуы, асқазанның құлы болмаңыз!.