Стекло ветровое для мотоцикла универсальный мотоцикл лобовое стекло.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Барлығының себебі болады


 Барлығының себебі болады

Ашығу ережесінің адам денсаулығына пайдалы жақтарын білгендейміз. Қысқа да ұзақ мерзімді ашығу адам денсаулығына көптеген жаңалықтар әкелері хақ . Табиғатпен санасып ашығу қашанда жарасымды, жаман әдет-ғұрып, тамақты талғамай жеп тойынбау, жалқаулық ұйқышыл еріншектік қашанда жақсы адамға ұлағатты азаматқа жараспайтын қасиет. Ашығудың ( Оразаның ) маңызын көптеген адамдар ерте заманда ақ түсінген . Ұлы ғалымдар, данышпандар тіпті ұзақ мерзімге ашыққан, содан олардың ойлау қабілеті жақсы жұмыс істеп көптеген жаңалықтар ашып адам игілігіне жаратқан. Аристотель ашыға отырып физика ғылымында жаңалық ашқанын мектеп оқушылары жақсы біледі .Ұзақ мерзімде ашыққан адамның ойлау қабілеті өте жоғары болатынын адамзат баласы ерте заманда ақ біліп ғылымда қолдана білген. Қазіргі уақытта ауырмайтын адам жоқ деп айтуға әбден болады, бәріміздің де кем дегенде бір жеріміз «мүшеміз» ауырады. Көптеген адамдар ашығу арқылы көптеген аурудан емделуге бола ма? деген сұрақ қоюы ықтимал . Ашығу – қандай ауру болмасын оның емдік жолына жатпайды, тек қана дене мүшелерді мейлінше жағымсыз улы заттардан тазалауға қызымет атқарады. Дене мүшелеріңізді мейлінше тазаласаңыз, мықты денсаулық арқасында қандай ауру-сырқауға да жол бермеуіңізге әбден болады. Ашығу – емдік жолынан гөрі тазалау құбылысына жақынырақ . Дәрігерге көрінгенде де , бірінші, аурудың себептерін анықтап дене мүшеңіздің тазалығына көңіл бөлуі хақ, содан кейін ғана емдеу жұмысын тағайындайтынына көз жеткізе аламыз. Сондықтан көп ауыра бергенше, әрбір аурудың себептерін жақсы біліп, ауырмайтын жол іздегеніңіз дұрыс болар . Жаман әдет ғұрыптан аулақ болып дене мүшеміздің ашығу арқылы тазалап денсаулықты күтініп қандай ауру түрі болмасын кішкентайда болса жол бермеуіміз керек. Ашығу арқылы аурудан емделуге болады деу қате ұғым, қандай дәрігер-емші болмасын ашықсаңыз ауруыңыздан айығып сауығып кетесің деп айта алмайды . Ал, ашығу ережесін ұстана отырып көптеген аурулардың бетін алуға болатынын ескертіп айтуға болады. Адам дене мүшелері әр түрлі қызмет атқарады, дене мүшесін тазалау арқылы қызыметін жақсартып денеңіздегі аурудың бетін алуға әбден болады. Ашығу арқылы мейлінше тазалай отырып дене мүшеңіздің ауырмауына денсаулығыңыздың түзелуіне жаман әдет ғұрыптан арылып жеңіске жетуіңізге мүмкіншілік мол . Адамдар тамақтануды қалай қажет етсе, дене мүшелері де тазалануды, яғни ашығуды солай қажет етеді. Ашығу ережесін ұстай отырып көптеген аурудан арылуға болады, бұған сіздің күш-қуат, жігеріңіз өмірге деген сүйіспеншілігіңіз, төзімділігіңіз қажет . Ашығудан қорықпай, оны үйреніп жеңе білуіміз керек.
 
 
« Адамдар, бүкіл қиыншылықты жеңе білген! »