Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   АУРУЫМЫЗДЫ БІЛІП ЖҮРЕЙІК


 АУРУЫМЫЗДЫ БІЛІП ЖҮРЕЙІК

Адам тілі – дене тазалығының айнасы десек қате айтқан болмас едік. Тек қана тіліңізге қарап қана ішкі дене мүшелерді, дене клеткаларыңыз және асқазандарыңызда қандай мөлшерде керексіз улы заттардың жиналғанын айтуға болады. Тіл-асқазан мен тамақ қорыту жолдарының бірден-бір көрсеткіші. Тіліңізге қарасаңыз үстіңгі қабығы ақшыл түсті жағымсыз улы затпенен көмкерілсе ішкі дүниеңіздің бұзылғанын байқауға болады. Ал, осы ақ түсті затты тазартсаңыз, ол бірнеше уақыттан кейін де қайтадан тілдің үстіңгі қабығына жиналып қабыршықтанады, яғни сіздің дене тазалығының дұрыс еместігін байқатады. Таңертеңгі мезгілде ауызыңыздан жағымсыз иіс сезіліп, асқазанның ішінен ашып кеткен тағамдардың иісіндей құбылысты байқайсыз. Осы жағымсыз иіс тамақтың дұрыс қорытылмағанын білдіреді, тамақ қорыту мүшелеріндегі артық улы заттар, тұздар және де басқа пайдасыз заттар тіл үстіне жиналып қабыршақтанады. Таңертеңгі мегілде тілдің үстіне көмекейге дейін қабыршықтанған осы пайдасыз ақшыл түсті заттарды таза сумен бірнеше рет шайып жуыңыз, немесе басқада биогиялық түрмен тазартқаныңыз абзал. Өйткені тазаланбаған ақшыл түсті пайдасыз заттар сусын-тағам жегенімізде қайтадан асқазанға түсуі әбден мүмкін. Таңертең күнделікті тіс тазартып аузыңызды көмекейге дейін таза сумен жуып шайыңыз. Денсаулығы таза адамдардың тілдерінің астыңғы-үстіңгі қабықтары бірдей қызғылт түсте таза әрі жұмсақ күйде болып, аузынан жағымсыз иіс білінбейді. Адамның тамақ қорыту жолдарының ұзындығына қарай жеген тамақтарымыздың қасиеті, қорытылуы, денеге сіңуіне байланысты дене мүшелеріміз әр қилы уақытта тамақ қорытып, дене клеткаларына сіңіреді, жағымсыз улы заттар сыртқы бөлінеді. Қазіргі заманымызда «әсерленген» тағам түрлерін : ақ ұн, ұннан жасалған тамақтар, қатты қант, өте бай қорытылған майлар, тұзды тағам, шокаладтар т.б. осындай күрделі тағамдардың бойында суы аз, кеуіп кеткен тағамдар, тағамның ашып кету процесінің жоғары дәрежеде болуы тамақ қорыту мүшелерімен қиында әрі ұзақ өтеді. Көптеген аурулардың асқынуына немесе әсер етуіне байланысты – адам ішіндегі желдің пайда болуы. Адам ішіндегі жел көбінесе жеген тамақпен және оның ішкі құрылыстағы айналымның тепе-теңдігінің болмауынан болады. Адам ішіндегі жел асқазан арқылы шығып адамдар кекіреді немесе шектеріміз арқылы сыртқа шығады. Ішкі жел көптеген аурулардың бастауы болуы ықтимал. Денсаулығы таза адамдарда ішкі жел таңертеңгі мезгілде бірақ рет сыртқа шығады, ал ауыратын адамдар тәулігіне бірнеше рет жел шығарады, кейбір адамдардан желдің шықпауы кезде әсіресе қатты науқастанғанда дәрігер көмегін қажет етеді. Таза тіл – дене мүшелеріңіздің тазалығына куә болғандай. Сіздің тіліңіз бен кіші дәретіңіз дене мүшелерінің жыл мезгілдеріне байланысты қашан, қандай мерзімге ашығуға, дене тазалығын сақтануға әрқашанда жол көрсетеді. Дене тазалығы үшін – ашығу ережесін қатаң сақтаныңыз. Адам дене мүшелерінің, құрылыстарының жағымсыз улы заттардан бақылауға тексеруге қазіргі уақытта көптеген жолдары, мүмкіншіліктері бар. Өте дамыған техникамен қамтамасыз етілген емхана-клиникалар,лабораториялар және еңбегі сіңген дәрігер-мамандар айна-қатесіз адамдарда кездесе беретін ауру-науқас болғанын анықтап, дәрі-дәрмек көмегімен, басқа да әдістермен емдейді. Ақ халатты абзал жандар мен қатар халық емшілері де орсан зор еңбек етуде, қарапайым халықтардың алғысын алуда. Денсаулық емшіге, дәрігер-маманға емес адамның өзіне, ұзақ та бақытты өміріне қажет. Әрбір адам өз денсаулығын өзі қадағалауы керек, қандай әдістермен дене тазалығын анықтауға болады? Мен айтайын деп отырған үш әдісті барлық адам білері анық, тек қана көбіне мән бермейді, дене мүшелерінің қасиеттері мен маңызына көңіл аудармайды. Олар үшін адам денсаулығына ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер қолы боста,таңертең жеңіл және еркін түрде жүгіруі керек деген ұғым қалыптасқан.Әрбір адамның қартаюына, ауруына, өліміне тосқауыл болуына үкімет күші жетпей жатады. Адам денсаулығына өзі қожа,өзі ауырады, өзі емделеді.
 
Әрбір адам дене тазалығын, дене мүшелерінің жағымсыз улы заттардан анықтап білу үшін адам тілінің, кіші дәретінің, кәдімгі айнаның қасиеті мен қызыметі – сіз үшін дәрігер, ақылшыңыз. Күнде тіліңізге қарап, кіші дәретіңізді бақылап, айнадан бет-әлпетіңізді дене құрылысын, қарап отырсаңыз денсаулығыңыздың қандай жағдайда екеніне көз жеткізе аласыз. Адам тілі, кіші дәреті, күнделікті айнаңыз, сізді ешқашан алдамайды. Сізге түсінікті болуы үшін қысқаша тоқталғым келді, егер сенбесеңіз дәрігер-маман кеңесін тыңдаңыз. Әрбір жан-ұяда бір дәрігер мамандығына оқытып, болашақ жастарға медицина ғылымының болашағын дәріптеңіз! Қазақ халқы көп балалы жанұя болып саналады, әр жанұяда кемінде 3-4 бала,кей жерде 8-10 баладан кем емес. Осы баланы бағып-қағатын ата-ана, бала өскенде балаларына мамандық таңдауға көмектеседі. Балаға қандай мамандық таңдағаны дұрыс? Бала өскенде басқа жаққа кетпейтін болса тұрған өлкесіне байланысты мамандыққа сәйкес оқуды таңдайды.Кейбіреулер әкесінен бастап бір мамандықты таңдап, бір өндірісте жұмыс істеп жатқандар бар. Менің ойымша, балалардың біліміне сәйкес бір баласын дәрігер мамандығын таңдауға тәрбиелеуі қажет. Себебі, жанұяңызда бір дәрігер маман болса,ол қалған балаларыңның денсаулығын қадағалайтыны айтпаса да түсінікті.Дәрігер балаңызға қарап, басқа балалар да пайдалы тағам ішуге,тазалықты ұстануға ,медицинадан хабардар болады,адам денсаулығына қатты көңіл бөлері хақ. Бұл үйіңіде салауатты өмір салтының қалыптасуына, медицина мәдениетінің пайда болуына себебші болады.Менің жасым біршама жасқа келіп қалды, егер өмірімді қайта бастасам дәрігер мамандығын таңдайтын едім. Халқыңа қызымет еткеннен басқа қандай бақыт болады.Қашанда халқыңмен бірге бол. Қазақ отбасын көп балалы жанұя қатарына жатқызсақ,осы жанұяда бір дәрігер мамандығын оқыған адам болса қандай жақсы болар еді.
 
 
« Ас – адамның арқауы »