Ашығу мерзімі

Жаңадан ашығу ережесін бастаған адамға (әсіресе жастарға) қандай ақыл айту керек ? Ашығу – денсаулықты тазартуға пайдалы екен деп, бірден ұзақ мерзімге ашығу ережесін ұстануға болмайды, қасыңызда маман дәрігер немесе ашығудан хабардар білгір зиялы азамат ақыл-кеңес бергені дұрыс. Ашығу – бұл денсаулығыңызды ғылыми түрде жағымсыз улы заттардан тазарту болып есептелінсе, яғни ашығу ережесін де ғылыми түрде сауатты өткерген абзал. Денсаулығы мықты деген адамдардың 60-70 % ашығу ережесі арқылы ұзақ мерзім 30-40 тәуліктік ашығуда, тіпті ауыр халге душар болуы мүмкін. Сондықтан, алғашында ашығу ережесін қысқа мерзімде өткерген абзал, егер қысқа мерзімдік ашығуда ойдағыдай өткерер болсаңыз, бірте-бірте ашығу мерзімін ұзарта аласыз. Қысқа мерзімдік ашығуды бірнеше рет қайталай отырып, сіз өзіңіздің асқазан мен шектерді, ішкі дене мүшелерін жаттықтырасыз, ой-санаңыз арқылы жігеріңізді жетілдіресіз. Ұзақ мерзімдік ашығуды дәрігер-маман арқылы өткерген абзал, өйкені қай уақытта, қай мерзімде дәрігер–маман ашығу ережесін үзгенді ( тоқтатқанды) бақылайды. Дәрігер-маман денеміздегі бүйрек пен шектердің, ішкі мүшелеріміздің жағымсыз улы заттарды қанша мөлшерде бөлгенін анықтайды, денеміздің қызуын бақылап қан қысымын қадағалайды да ашығу ережесін қанша тәулікте тоқтатқанды бақылайды. Дәрігер-маман аурудың тілі және кіші дәреті арқылы денедегі зиянды затарды анықтайды, егер жағымсыз улы заттар көп мөлшерде денеңізден бөлінер болса бүйрек қызыметін күрделендірер болған жағдайда ашығу ережесін тоқтатуға мәжбүр болады. Көптеген кітап-журналдарда: - неғұрлым ұзақ мерзімде ашықсаңыз, денеңіздің ішкі тазаруы өте жақсы ағында болады, деп жазуда. Ғылыми түрде де, мен де бұндай ақыл-кеңеске сенбеймін, өйкені осы ғасырымыздағы өскен ұрпақтың дене мүшелері – құрылыстары өте әлсіз. Сондықтан, сізге қандай да дәрігер-маман тура 30 немесе 40 тәулік ашығу ережесін ұстануды айта алмайды. Ұзақ мерзімдік ашығуды денедегі жағымсыз заттарға байланысты, көңіл-күйіңізге байланысты тек қана емделетін адам ғана шешуі керек. Өйкені көптеген адамдар тағам дайындау, ішіп-жеу ережесін мейлінше толық сақтамайды да, адамдардың ой-санасы, іс-қимылы, дене тазалығы мейлінше табиғатынан керісінше болады. Менің айтарым: қандай адам болмасын,табиғат заңын аттап кете алмайды. Ашығу – ғылыми ізденісте. Сондықтан өзіңізді зорлап ұзақ мерзімге ашығу ережесін ұстануға, одан бір ғажап алардай күтпеңіз. Әрбір адам қоршаған ортасына, салиқалық өміріне байланысты денесіне әр мөлшерде жағымсыз улы заттарды жинайды. Осыған байланысты дәрігер-маман ақыл-кеңесімен ашығу мерзімін анықтап тиянақтағаныңыз дұрыс. Көптеген адамдар тамақ дайындау, ішіп-жеу ережесін сақтай отырып қысқа мерзімдік ашығу ережесі арқылы да көптеген жетістіктерге жетуде. Дүние жүзі ғалым-мамандардың арасында, қанша мерзімдік ашығу адамға пайдалы? деген пікір-талас бар. Англияда 30 тәулік шамасында клиникада ашығуды, Германияда 21 тәулік ашығады, ал Француздар 14 тәулік ашығуға көп мән береді. Америкада 30 тәулік арасында дәрігер-маман қадағалауымен клиникада ашығады. Орта Азияға келетін болсақ,
 
әсіресе мұсылман елдерінде ашығу кезеңі Ораза айы болып есептелінеді, яғни 30 күн бойы таң сәріден бастап күн батқанға дейін(12 сағат) аузына нәр алмайды, көбінесе балиғатқа жеткен(13 жастан бастап) азамат пен намаз оқитын ақсақалдар болып келеді. Ашығу-ғажайып ғылым, бұдан көптеген жаңалықты, жақсылықты баршамызға үйренуге болады. Мұсылман елдерінде ашығуды Ораза айында балиғатқа жеткен азамат (13 жастан бастап) өз бетінше жасай береді, себебі денесі тазарады, имандылық бойына тарап, Алланың нұры жауады. Қысқа немесе ұзақ мерзімдік ашығуды салауаттылықпен, барынша өз жағдайыңызды жасай отырып өткерген абзал. Денеңізден жағымсыз улы заттар бөлінген уақытта, әрі сіз ашығу кезінде әлсіз де-жағымсыз жағдайды сезінесіз, сондықтан, сіз өзіңізге қай уақытта болмасын демалуға, ұйықтауға жағдай істеуіңіз керек. Дем алу кезеңінде кітап-журнал оқымай, теледидарға көңіл бөлмей, тіпті жақын адамдар мен жанұя мүшелерімен де сөзге келіп,әңгімелеспегеніңіз дұрыс. Әсіресе жеке дара демалу бөлмесінде қалғаныңыз абзал. Сіздің денеңіз мейлінше тез арада жағымсыз улы заттардан тазарғанда, бұндай жағымсыз құбылыс аз уақыт ішінде өте шығады.Ашығу- әр адамның жеке басының міндеті, сондықтан ешкімге жария етпей, мақтану қажет емес. Ашығу мәселесіне толық мән бермеген кейбір адамдар, керісінше насихаттау арқылы көңіліңізге қаяу салып, ашығудың мәнін кетірер. Өзіңізді қоршаған жақындарыңызбен, жанұя мүшелері ашығу ғылымының маңызын жақсы түсініп, сізге мейлінше жанашырлықпен қарап, ашығу ережесіне кедергі жасамағаны дүрыс. Ашығу кезінде демалудың тағы бір ерекшелігі, ішкі күш-қуатыңыз денеңіздің жағымсыз улы заттардан мейлінше тазаруға жұмсалары сөзсіз. Адам денесіндегі тұзды, көп мөлшердегі суларды, жағымсыз улы заттарды тазартуға 24 сағаттық ашығу да жеткілікті(дені сау адамдарға). Денсаулығыңызды мейлінше таза, жоғары дәрежеде ұстау үшін 24-36 сағаттық ашығуды айына 10-13 рет, ал жылына 50-60 рет көптеген жылдар бойы жаттығуға, ашығу ережесін қайталауға тура келеді. Сондықтан, ең бастысы, адам денсаулығы екенін мойындай отырып, ой-санаңыздың жеңісіне жете отырып, ашығу денсаулыққа пайдалы ғылым екенін мойындап, адам денсаулығы үшін ең бастысы жағымсыз кедергі етер іс-әрекеттен аулақ бола отырып,өзіңізге деген аяушылық болмау керек. Үш тәуліктен ұзақ мерзімде ашығу ережесін ұстанғандар адам шектерінің қызыметінен қауіптенеді, қауіптенуге ешқандайда себеп жоқ. Шектеріңіз дем алады, ішкен таза сулар .арқылы қорек ала отырып қасиетін жоғалпайды. Ашығу мерзімі аяқталғасын шектерде, асқазанда өз қызыметін әрі
 
қарай жалғастыра береді. Көптеген елдерде, әсіресе Россияда ашығу кезінде адам шектерін клизма арқылы тазалауды әдетке айналдырған. Бұл құбылыс әрбір ауырған науқас адамға байланысты. Адам шектерінде өзіне тән табиғи тазалау қызметтері жүргендіктен, қорытылғаннан қалған тағам ашығудың 10-12 сағаты ішінде-ақ денемізге сіңіп немесе артық зат ретінде сыртқа өз бетімен-ақ шығарылады. Табиғи сыртқа шығару құбылысы ғажап, тек ішкі дене мүшелерінің қызыметін күрделендірмей ешқандай кедергі жасамасаңыз болғаны, ішкі күш-қуат арқасында табиғат берген дене мүшелеріңіз қашан да жеңіске жете бермек. Адамдағы екі бүйрек көптеген миллиондаған сүзбелерден құралады. Ашығу кезінде бүйрегіңіз тазалау қызметін мейлінше толық атқарады, себебі асқазандағы тағамның таусылуына байланысты бүйрек ішкі дене мүшелеріндегі, клеткалардағы артық заттарды қайтадан тазалау арқылы, денсаулығыңызды мейлінше толық тазалауға әрқашанда тынымсыз қызымет атқарады. Денеңіз артық заттардан тазарған сайын, адамның көңіл-күйі жақсарып, жұмысқа деген қабілетіңіз жоғарылайды, ойлау қабілетіңіз жақсы жұмыс істейді, бірте-бірте денсаулығыңыз түзеледі. Ашығу ережесін жиі қайталау әсерінен, күнделікті қолданып жүрген дәрі-дәрмек,емдік шөптерден, қалдықтарынан да арылуға әбден болады. Қазіргі заманда, әсіресе, кішкентай сәбилеріміз дәрі-дәрмексіз күн көре алмай отыр. Сәбилерден бастап қартайған шағымызға дейін денсаулығымызды тазалайық, ашығу ережесін үйренейік. Сәбидің
 
денсаулығын ойлайтын болсақ,ең алдымен ана денсаулығына көңіл бөлгеніміз артық болмас.Қазақ халқы қыс мезгілінің алдында соғым сойып қонақ шақырып, үлкендерден бата алады, «Батамен ел көгерер,жаңбырмен жер көгерер» деген мақал содан қалған. Қазақ жанұясында бала-шағаның саны көп саналған және ауылды жерде тұрғасын мал етін тұздап, кептіріп мол жинаған. Ал, жаз мезгілінде(каникул,емделу,қыдыру,саяхаттау) мезгілінде ұзақ мерзімге қыдыру, тамақты мол жеуге тура келген. Осыны ескере отырып, ұзақ мерзімдік ашығуды жылына екі мерзім:маусым, қараша айларында 30-40 күндік ашығуларды, ал қаңтар, шілде айларында 3-7 күндік ашығуды, содан наурыз, қыркүйек айларында 10-20 күндік ашығу ережесін ұстанған тиімді болады, адам жыл мезгілдерін ескергені абзал.Жыл мезгілдеріне адам табиғатын дайындау,ашығуды рет-ретімен өткізу,адам организімін алдын ала дайындау болып табылады. Ашығу кезеңдері төменде көрсетілгендей және ашығуды кешкі астың алдында бастаған жөн, түнгі ұйқыда (демалыста) ашығудың біршама уақыты жеңіл өтері хақ. 24-36 сағат ашығу, 7-10-21 тәулік және 30-40 тәулік ашығу, 30 күндік Оразаның ұқсастығы – ашығу арқылы ішкі дене мүшелерін жағымсыз улы заттардан тазалау болып табылады.