Профессиональная замена венцов деревянного дома стоимость работ под ключ.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   АШЫҒУ ЕРЕЖЕСІН САҚТАНА ОТЫРЫП, ДЕНЕ САЛМАҒЫН КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ


 АШЫҒУ ЕРЕЖЕСІН САҚТАНА ОТЫРЫП, ДЕНЕ САЛМАҒЫН КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ

Біршама адамдар тіпті жас балаларда денесінің арық болғанынан ұялады,салмағының жеңіл болып келуінен зардап шегіп өкінеді . Кейбіреулері осындай жағдайда тымауға жиі шалдығады, ал кейбіреулері жаз айларында тоңғақ болы келіп өзінің арық дене құрылысынан сыртқы көзден ұялшақ келеді . Ашығу ережесін толық сақтай отырып тағамға деген көзқарасты пайдалы дұрыс тәрбиелеп, салмағын өсіруге тіпті дене құрылысының толығуына мүмкіншілік жасауға әбден болады . Мұндай жағдайда көптеген адамдар сенбеушілік білдіріп: «ашығып-денем жүдейді, дене мүшелерімнің жұмысын күрделендіріп ауруға шалдығамын» деген керісінше ойда болады . Ашығудан әсіресе қысқа мерзімдік ашығудан қорқудың қажеті жоқ . Адамның арық, салмағының жеңіл болуы тамақ қорыту мен оны сіңіру құбылыстарының тепе-теңдікте болмауы, тек қана әрбір адамға байланысты, ашығу мерзімін (уақытын) дәрігер-маман арқылы анықтап алғаныңыз дұрыс .Адамның дене құрылысы көп мөлшерде жеген тамақтан емес, сол тамақтың жақсы қорытып ішкі дене мүшелерінің көмегімен дене клеткаларға сіңуіне байланысты болады . Тамақты дұрыс қорытпай дене клеткаларына толық сіңірмейінше арық адам толықтанбайды, тіпті пайдасыз көп тамақтан күш-қуатынан айырылып ауыр халге душар болуы да мүмкін . Адам өз салмағынан айырылып денсаулығы бірте бірте төмендесе – бұл дене мүшелерінің қызыметінің нашарлағаны . Мұндай жағдай қатты ауырғанда, жасы жетіп қартайғанда, адамның дене мүшелерінің дұрыс жұмыс атқармаған дімкес адамдарда жиі байқалады . Әсіресе, дене мүшелері әлсіз баяу тамақ қорытып дене клеткаларына сіңірмеген жағдайда, қандай адам болса да пайдасыз құнарлы майлы тамақтар қатты ауырған адамдарға қауіп тудыруы мүмкін . Адамның салмағы жетіспеуі, салмағы жоғары адамдардай ашығу кезеңіне мұқтаж етсе, осындай кезең дене мүшелеріне демалыс беріп бір қалыпты жұмыс атқаруына себеп болады . Арық адамдар денсаулығын тез арада түзеп, салмағын жоғарылатқанды ұнатады . Ашығу ережесін сақтаған адамның дене мүшелері демалуына байланысты, тамақ қорыту мүшелерінің дұрыс жұмыс атқарғанын байқаймыз, яғни, жеген пайдалы тағамдар адам денесіне (клеткаларға) сіңуі жақсарды деген сөз . Адам денесінде (асқазанда-шектерде) көп мөлшерде артық тамақ болмаса (әсіресе, жағымсыз улы заттар) , ішкі күш-қуат өте жоғары болады, яғни тамақ қорыту әрі дене клеткаларына сіңуіне орасан зор ықпал жасайды . Ашығу ережесінің бір қасиеті дене мүшелеріне демалыс берумен қатар, тамақ қорыту қызыметін жеңілдетумен қатар адам денесіне сіңуімен – тарауын маңызды етеді . Адам асқазанын, шектерін артық пайдасыз тағамдардан тазарту әсерінен, асқазандағы соктың (шырынын) көбейуіне және соның арқасында тағам құрамындағы белокты витаминдерді жеткілікті түрде денеге сіңіріп қабылдауына әсер етеді . Тек қана белокты-витаминдерді пайдалы тағамдарды дене клеткаларына сіңіруімен ғана шектелмей, дене мүшелерінің қызметін жақсартуымен қатар ашығу кезінде жаңадан күш-қуат алып отырады . Ашығу ережесін ұзақ мерзімде ұстанған адамның мүшелері коректенген пайдалы тағамын күннен күнге жақсы қабылдап тіршілікке қажетті күш-қуаты молайып, бірте бірте тіпті жылдан жылға тамақ қорыту денеге сіңіру оны тарату жұмысын жақсарта береді . Бұлай дейтініміз, яғни адам дене құрылысы мүшелері тәрбиелеуге көне біледі және таза ауа, таза су, витаминге бай тағамдар дене мүшелерінің таза болуын (сақталуын) ұнатады деген сөз . Денесі нәзік, бойы аласа адамның (баланың) дене құрылысын бойын өсіруге бола ма ? Кеудесі өспеген, бұлшық еті өспеген, салмағы жеңіл өте арық адамды (баланы) дене құрылысын толықтырып өзгертуге бола ма ? деген сұрақ баршамызды, әсіресе ауру адамдарды көп мазалайды . Медицина мен ғылыми түрде осындай адамдарға (балаларға) ашығу ережесін тиімді пайдаланған жағдайда дене мүшелерінің жұмысын жақсартып адамның дене құрылысының толуына өсуіне толық мүмкіншілік бере алады . Ашығудың ең жоғары сатысының бірі – метоболизм, ғылыми түрде тексергенде терінің көлемі ұлғайады
 
және белок, қант, май, ауа, пайдалы қоспа-ерітінділерді дене клеткаларына жақсы сіңіруге немесе одан арылуға жақсы жағынан көріне біледі, дене мүшелерінің қызыметін адам денсаулығына тиімді атқаруына көп ықпал етеді . Салмағы жеңіл, денесі арық адамдарға 7-10 тәулік ашығу ережесін ұстанған дұрыс, мейлі денсаулығына бірден жақсы себебін (өзгерісті) аңғартпағанмен, осы аштықтан кейін ақ тағамға деген көзқарасы өзгеріп, тамақ ішіп жеу қабілеті артады таза суға шектеу болмағаны дұрыс, тамақ жедімдеп тоя жемей, витаминге бай пайдалы тағамды жеткілікті түрде ғана коректенген дұрыс . Есіңде болар : «Асқазан – тойдым дегенді білмейді» . 7-10 тәулік ашығуды 2-3 рет қайталағаннан кейін өзіңізді жақсы сезінсеңіз, ашығу мерзімін 21 немесе 30 тәулікке жеткізіңіз, дене мүшелерің тамақ қорыту, сіңіру құбылысы мүлдем өзгереді . Күнделікті тыныс алу, дене жаттығулары, пайдалы жұмыс, салқын сумен жуынып-шайыну әсерінен адамның сыртқы дене құрылысына өзгеріс пайда болады . Бұндай ашығуға тәжірибелі дәрігер-мамандармен ақылдаса отырып адам денсаулығын мейлінше тазалағанша тамаққа шектеу жасай отырып ашығу ережесін өте қатаң сақтағанда ғана дене құрылысының өсіп-өнуіне денсаулығының мықты таза болуына жете аласыз . Кешке, әсіресе таңғы таза ауада күніне 1-2 км. қашықтыққа жүріп серуендеңіз, осыны бірте бірте ұзартсаңыз болады, ал үйде күніне 20-30 мин. терең немесе баяу тыныс алу жаттығуларын жасаңыз . Демалыс бөлмеңізді ұйықтар алдында, ұйқыдан тұрған кезде ауасын тазартқаныңыз дұрыс, таңертең кешке салқын сумен жуынып шайыныңыз . Ашығу-тазарудың бір жолы, ішкі дене мүшелері тазару арқасында дене құрылысы өсіп-өнуіне жақсы жұмыс атқарады . Ашығу- ұзақ та бақытты өмірге, мықты да зор денсаулыққа бастар жол . Табиғатқа сеніңіз, адам табиғаты өзін-өзі тазалай алады тек қана кедергі жасамаңыз, таза дене қашанда адам құрылысының өсуіне кедергі жасамайды .
 
 
« Табиғат - бәрімізге ұстаз »
Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!