Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Ашығу, бізге өте ерте заманнан таныс (Ораза – тазаланудың бастауы болар)


 Ашығу, бізге өте ерте заманнан таныс  

(Ораза – тазаланудың бастауы болар)

Түркі жұртының ата қонысы -қасиетті Тұран аймағына ислам діні сәл кейінірек келгенін өткен тарихымыздан білеміз. Соған қарамастан мұт-мұсылман баласы мойын ұсынған Құран-кәрімді; Исламды дін тұтқан Мұхаммед ғ.с. пір тұтқан қауымның (халықтың) баршасы оған қатты мән бергенге ұқсайды. Олай болатын себебі,Мұхаммед ғ.с. пайғамбарымыздың өмірдегі қарапайым бейнесін, атқарған жұмыстарын, ұстанған ой-пікірлерін, жақсы көрген не жақтырмаған заттарын тайға таңба басқандай анық көріп бір ғибраттанса, екіншіден қоғамдық өмірдің һәм дін исламның түрлі мәселелері бойынша құнды мәслихат алып, парыз, уәжіп, сүннат, адал-арам, жақсы-жаман, ұят-иман, обал-сауаб, қағида ережелерімен жақсы танысып жан сарайы нұрлана бермегі хақ. Құран-кәрім іліміндегі рамазан айы, Ораза туралы көптеген хадис-аяттарда кең көлемде мағлұмат берген. Мен Рамазан айы, Ораза – адам денсаулығынан алатын орыны туралы қысқаша тоқталғым келеді; Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын : « Барлық мақтау бүкіл әлемді жаратушы бір Аллаға лайықты ». Он сегіз мың ғаламның Падишасы Алла тағала бүкіл әлемді құрмет пен нұрға бөлеген, бүкіл адамзат баласына бұлжытпай орындалатын Үлы Әмірі ретінде қасиетті Құран-Кәрімді Рамазан айында түсірген. Рамазан айында балиғатқа жеткен әрбір мұсылманға Ораза ұстану парыз, яғни таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ, сусын ішуден, темекі тартудан, сағыз шайнаудан, жыныстық қатынастан бас тартуға тиіс. Рамазан айында адамның ой-пікірлері, іс-әрекеттері Жаратушы Иеміздің әмірлерін мүлтіксіз орындап, тыйғандарынан сақтанып, күнә мен қатерлерден аулақ болып, өзін бір жоғары және нәзік жағымды дәрежеге жеткізіп тәні мен рухани дүниесін тазартып қуатталған иманы мен сезімі арқылы Жаратушы Иеміздің құзырына жақындата түсетін ұлы Құлшылықтың бірі осы Ораза . Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. Рамазан айының ерекше маңыздылығына көңіл бөліп
 
« Рамазанның бастапқы он күні-Рақым ету, ортаңғы он күні-күнәлардан арылу, соңғы он күні-тозақ отынан құтылу » - деген. Ендеше Ораза адамдардың күнәларынан арылуына, Рақым етуге, тозақ отынан құтылуға жіберген Алла тағаланың бір шарапаты болады. Ораза Жаратушы мен өз құлының арасындағы өте жоғары дәрежедегі бір байланыс. Ораза адамдардың арасындағы достық, бауырластық , сүйіспеншілік сезімдерін нығайтады отыз күн бойы мұсылмандар бірін-бірі үйлеріне шақырып, бірге ауыз ашып, бірге тілектес болып, кең жайылған дастарханға тұз-дәмдес болып бірге топтасып Тарауых намазын оқып, жастар үйлерді аралап жарапазан айтып, мұсылмандардың меймандостығы артып, ізгі ниеттері нығайып, бір-біріне деген сый-құрметі арта түсіп достық пен бейбітшілік өмірге орнығуына себепші ай-Ораза. Бір-бірімен ренжіскен адамдар кешірім жасап татуласуы керек, кім бірінші болып бастаса-сол адам сауап алады. Ораза кезінде мұсылман қауымына тыйым салынған спирттік ішімдіктер мен доңыз етін ішіп-жеу, шариғат үкімі бойынша күнәлі істер болып саналатын істерді жасау – харам саналады. Тиым салынған нәрсе – бұл адамның жан дүниесін бұзушы. Ал рұқсат етілген адал нәрсе – пайдалы шипасы бар дәрі болып табылады . Ораза ғылым үшін де, денсаулық үшін де шипалы жеміс береді. Мұны медицина мен ғылым да дәлелдеген. Ораза организмді көптеген аурулардан емдейді, нәтижесінде қиын жағдайда душар ететін май басудан, денедегі артық сулардан, жағымсыз улы заттардан, бүйрекке тастың жиналуынан сақтайды, басқа да көптеген зиянды кесел-аурулардан арылтады және мінез-құлықтың бұзылмауына әсер етеді, ой-сананың жетілуіне ықпал жасайды. «Қыдыр түнінде » бір игілік ісіңіз отыз мың игілік жасағанмен тең, сондықтан Рамазан айында ұстанған Ораза сексен жылдың жемісін бере алады деп айтылған . Құран-Кәрімнің Бақара сүресі 183 аятында Пайғамбарымыз ғ.с. айтқан : « Иә, иман келтірушілер ! Сіздерге бұрынғыларға парыз етілгендей Ораза парыз етілді. Бәлкім,сендер тақуа боларсыңдар » - делінген . Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. өз басы барша мұсылман баласына үлгі болғандай, Құран-Кәрімде айтылғандай адал нәрсе адам денсаулығына пайдалы шипасы бар емдік қасиеттерді бағалай білген. Ашығу ережесін сақтана отырып денсаулығын тазалай білген әрбір адам пайдалы жұмыстар, шипасы бар адал нәрсе болып саналады. Ораза жыл мезгілінде бір-ақ рет келеді, ендеше жыл мезгілінде ашығу ережесін сақтана отырып денсаулығымызды түзейтін болсақ , ішкі жан-дүниемізді жиі тазартсақ – пайдалы жұмыс атқарған болар едік. Ашығу – пайдасы мол адал нәрсе, Құран-Кәрімде көрсетілгендей, әрбір адам-адамгершілігі мол, жаны таза, денсаулығы мықты, сүйікті Отанына тигізер пайдасы мол, еңбек сүйгіш зиялы азамат боп өсуге тиісті. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. тіршілік, денсаулық мәселесінде көптеген ақыл-кеңестер айтқан, солардың ішінен үзінді келтіргенді жөн көрдім. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. өмірі-қызметі, ақыл-кеңестері, ұстанған ой-пікірлері қашанда балиғатқа толған әрбір мұсылманға үлгі-өнеге болары даусыз.
 
* Төрт түрлі адамдарды Тәңірі жаман көреді :
 
1. Өтірікші саудагерді,
 
2. Кердең кедейді,
 
3. Зинақор кексе кісіні,
 
4. Залым ел басқарушыны.
 
* Әуелгі пайғамбардан бүгінге жеткені : « Ұялмасаң, қалаған ісіңді істей бер » - деген ескертпе .
 
* Тіпті Қытайда болса да білім алуға ұмтылыңдар, неге дегенде білім алуға әрекеттену - әрбір мұсылманның парызы.
 
* Білім екі түрлі болады ; бірі-жүректегі ілім, ол өте пайдалы, екіншісі – тілдегі білім, ол таңда Тәңірі алдында пенденің күнәсіне дәлел болады .
 
* Ей, Тәңірінің пенделері ! Ауру кісілерді емдетіңдер ! Тәңірі барлық аурудың емінде қоса жаратқан, тек қарттыққа дауа жоқ .
 
* Ораза дегеніміз – тек ішіп-жеуден сақтану ғана емес, сондай-ақ былапыт, лас, мағынасыз жаман әдет-қылықтардан аулақ болу.
 
* Пайғамбарымыз ғ.с. ауыз ашуды ақшам намазының алдында құрма жеп, немесе бірнеше жұтым сусын ішу арқылы ашқан .
 
* Адам денесінде бір жапырақ ет бар, егер ол сау болса бүткіл дене сау, ал ол бұзылса бүткіл дене ауырады. Ол бір жапырақ еттің аты – жүрек .
 
* Өзімнен кейінгі қалатын ұрпақтарымызды ойласам, үш нәрседен қорқамын : құлқынның құлы болып, жолдан таюдан. – нәпсіқұмарлыққа салынып, лас-жаман істерге ұрынудан . – Ілім-білімі мол бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден .
 
* Екі байлық бар, көп адамдар соларға жете алмай қасірет шегеді . Бірі-тәннің сұлулығы, екіншісі – салиқалық .
 
* Тістеріңді мәсуекпен ( тіс тазалағыш ) тазартып жүріңдер, дене тазалығын сақтауды әдетке айналдырыңыздар .
 
* Үмбеттерім үшін ең қатты қорқатыным : - қарын салып семіріп кетпесе екен, - ұйқышыл, еріншек, жалқау болмаса екен, - даңғой, мақтаншақ болмаса екен .
 
* Тамақты суыңқыратып жеген мақұл, өңеш күйдіретіндей ыстық ауқатта маңыз болмайды .
 
* Иә, иман келтірушілер ! Сіздерге бұрынғыларға парыз етілгендей Ораза парыз етілді. Бәлкім сендер тақуа боларсыңдар , деген 183 аятта.
 
Орта Азияға мұсылмандықты үйреткен Арыстанбаб әулие мен Қожа Ахмет Яссауидің Мұхаммед ғ.с. аманатын таратушы ретінде тарихтан алар орыны ерекше . Арыстанбаб Түркістан халқына мұсылман дінін таратуда үлкен қызмет жасаған қайраткер және Қожа Ахмет Яссауиға химия пәнін меңгеруіне ұстаздық еткен кісі.Арыстанбаб он екінші ғасырда ғұмыр кешкен. Жоғарыдағы кісілердің қадір-қасиетін жоғары бағалаған бақсы-емшілер әулиелерден демеу сұрап айтатын өлеңдері айғақтай түсері хақ :
 
- Түркістанда түмен баб
 
Сіздерден медет тілеймін,
 
Сайрамдағы сансыз баб
 
Отырардағы отыз баб
 
Ең үлкені Арыстан баб
 
Сіздерден медет тілеймін , немесе халық өлеңіндегідей ;
 
- Арыстан бабқа түнесін,
 
Қожа Ахметтен тілесін,- деп әулиелерден көмек сұрағанын ... Оразаны балиғатқа жеткен азамат,яғни 13 жасқа жеткен бозбалалар ұстай алады.Баланың денсаулығы таза десек,Оразаны жылына бір рет ұстанған бала ішкі мүшелерін тәулігіне 12 сағат ішінде тазалай алады деген сөз.Ораза дені сау адамдарға тазалануға көп көмек көрсетеді. Ал. Поль С.Брэггте «Чудо голодоания» кітабын 1940-1950 жылдары жазған, ал оны 1991 жылдары орысшаға аударып көпшілікке ұсынылды.Ашығудың қысқа мерзімдік жолдары 24 сағат мөлшерінде есептелгенін байқаймыз. Адам баласы ашығудың шырқау шегіне (30-40 тәулік) дейін төзе алатынын көрсетеді. Поль С. Бреэггте ұзақ ашығуды он тоғызыншы ғасырда ашқан болса, Құран-Кәрімде Ораза өте ерте заманнан бері адамдарға таныс, әрі пайдасын тигізгенін байқаймыз.Салыстыра келе Поль С.Бреэггте ашығуды мүмкін Оразадан алған шығар, тек қана ашығуды ұзақ мерзімге адам организімінің төзе білетінін,ұзақ мерзімді ашығудың адам организіміне тиімді болатынын жазып кеткен болар.Орыс ғалымдары да ашығу тақырыбына көптеген мақала,шығармалар жазғанын білеміз:Губергриц А.Я.,Меневский Ю.В. «Лечебное питания» 1985 жыл, Николаев Ю.С.,Нилов Е.И.,Черкасов В.Г. «Голодание ради здоровья» 1988 жыл,Николаев Ю.С.,Нилов Е.И. «Простые истины» ашығу арқылы адам ішкі ағзаларын тазалай отырып денсаулықтарын түзей алатынын жазып кеткен.Қандай ғалым,қай өлкеде ашығуды аштым деп жатсада ашығуды адам организмі ерте заманнан бері жатсынбаған,төзе білгенін анық байқаймыз. Басқалар ашқан,біреулер ашығуды өз бастарынан өткізгенін естіп біліп жүрсеңде,өз денсаулығың үшін ашығу арқылы ішкі мүшелеріңді жыл мезгілдеріне сәйкес тазалауды үйреніңіз.Есейгенде,ауырғанда ғана қажетсінбей дене тазалығын бүгіннен бастаңыз. «Ерте тұрған жігіттің бір ісі артық» дегендей.