Новая детская игровая комната Челябинска Золотая рыбка. . http://sd-appliancerepair.com/ home econo appliance repair san diego.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Ашығу арқылы көптеген аурулардан, жаман әдет – ғұрыптан арылуға болады


 Ашығу арқылы көптеген аурулардан, жаман әдет – ғұрыптан арылуға болады

Кейбір адамдар көптеген химиялық жолмен әзірленген тамақтармен, құрамында зиянды қоспалар (ерітінділер) кездесетін тағам-сусындар арқылы денсаулығына зиян келтіреді . Арақ шарап, темекі есірткі, шай кофе құрамында зиянды заттар бар .
 
Сондықтан адам денсаулығына қауіпті болып саналады. Ғылыми түрде медицина салаларында адам денсаулығына зияндылығын көптеп дәлелдеп халыққа насихаттауда . Адамдар темекі – есірткілерді, спирттік ішімдіктерді, кофе-шайда кездесетін смола құрамын денесіне қабылдай алады. Адамның ішкі тазалау мүшелері (өкпе, бүйрек, шектер т.б.) осындай зиянды улы қоспаларды (ерітінділерді) мейлінше тазарта алмайды, дене мүшелері клеткаларда қалып қою салдарынан асқынып күрделі ауруға шалдығуға әкеліп соқтырады . Адамдар жан-жақты ескертпеге қанық бола отырып денсаулығын күту, тамақ жеу ережесін толық сақтамаудан, адам денсаулығына зиянды жағдай туғызу арқасында қашанда өз денсаулығын бұзады, ақырында ақ халатты абзал жандар дәрігер-маман көмегін қажет етеді . Әсіресе, кофе смоласы, темекі-есірткі сияқты зиянды улы заттар бастапқыда ауру қоздырғыш болып көрінгенмен, кейіннен адам миына шауып нерв жүйесіне қатты әсер етіп тіпті күрделі ауруларға шалдығуымыз әбден мүмкін . Көптеген бауырларымыз темекі-есірткіден өкпе ауруына, нервный-елірме ауруларына, денесіндегі қан құрамы өзгеріп т.б. күрделі ауруға шалдығып өмірлерімен ерте қоштасып жатады . Бұндай жағдайда кімді кінәлауға болады? Ал, көптеген апа-әжелеріміз қою-күрең шайға үйренгені соншалық, тәулігіне бір мезгіл қажып, мазасы кетіп басының «сақинасы» ұстап жатады.Әсіресе, қою шай, «чефир» түрінде әзірленсе адам үшін өте қауыпті айықпас ауруға шалдығамыз . Шайды да керегінше денсаулығыңызға зиянын келтірмей ұзақ ішуге әдеттенгеніңіз дұрыс . Міне, осындай қауыпті, зиянды қылықтардан аурулардан тазаланудың бір жолы - ашығу болып табылады. Ашығу кезінде дене мүшелеріңіз зиянды артық заттардан тазартатынын енді білетін боламыз .Ашығу ережесін ұстанған адамдардың ақыл-ойы жетілген, адамгершілігі жоғары болып, денсаулығын күте білу арқасында жақсы мен жаманды айыра алады . Жаман әдет-ғұрыптан арылуға ашығу көп мүмкіндік туғызады, әсіресе ұзақ мерзімдік ашығу кезінде ақыл-ойыңыз жетіліп данышпандығыңыз артады . Ашығудың бір түрі Ораза ұстанған адамдар тамаққа шектеу жасай отырып, жаман әдет-ғұрыптан зиянды-қауыпті қылықтардан өзін-өзі аулақ ұстанған адамдар денсаулығын қашанда күте біліп, бір-біріне мейірімді, адамгершілігі мол, имандылық жолын ұстанып ұзақта бақытты өмір сүре білген . Міне сондықтан, Ораза - денсаулықтың кепілі саналады .
 
 
«Біле тұра, білмегеннің ісін істеу бұл - қарңғылық »