http://bg.nsk.ru/ закрытие ип. Какие нужны документы для закрытия.
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   АШЫҒУ - ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТАДЫ


 АШЫҒУ - ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖАҚСАРТАДЫ

МАИ қызметінің мәліметтері бойынша Қазақстанда автокөлік, жол апаттарынан көптеген адамдар жарақаттанып, кейбір жағдайда мүгедек болып жатады, ал денсаулығы жақсы деген қаншама азаматтардың өліп жатқанын естіп таң қаламыз .Осындай апаттарда кейбір адамдардың арақпен нашақорлыққа салынуы арқасында нерв денедегі қан құрамын таза ұстамай өздеріне қайғылы жағдайға душар етуімен қатар қоршаған ортаға қауыпте төндіреді . Құпия әскери техникалық (жарылғыштар) , Қазақстан жеріне орналасқан полигондардың адам денсаулығына әкелер зардаптарын естігенде жағаңызды ұстайсыз . Әсіресе, өркендеген бейбітшілік заманымызда Қазақстан ірі өнеркәсіптері мен қаратүсті металлургия ошақтарында адам денсаулығына бейқам қарау салдарынан қарапайым жұмыскер қауымы нерв-қан қысымы, жүрек ауруларымен ауырып зейнеткер жасына жетіпте жетпейде өмірімен қоштасып жатады . Зейнеткер болған адам өлуге емес, ары қарай жақындарымен үкімет қамқорында демалыста ұзақ өмір сүруі керек . Сол үшін үкімет тарапынан, өндіріс басшылықтары адам денсаулығына көп көңіл бөліп, тазалықты тәрбие жұмыстарын қоршаған ортаны кәсіпорын ошақтарын адам денсаулығына өсіп-өнуіне ешқандай кедергі болмауын қатты қадағалау керек . Қандай адам болмасын қоршаған ортаға, өндіріс-кәсіпорын қызыметіне тек қана ой-санасын маңдай терімен қажымас қайратын сүйікті Отаны үшін беріп, ал денсаулығын өзінің ұзақта бақытты тіршілігіне жұмсауы керек . Қазіргі жұмыскер қауымы техника-роботтарына ұқсап барады, майға түс десе түседі, газға кір десе кіреді, тәулігіне ұзақ ауыр-лас жұмыс істетсе бәріне көніп денсаулығымен санаспай бәріне де көнуде . Медицина қызыметкерлерінің тексеруіне қарағанда, қазіргі 2000 жыл қарсаңында үш өлімнің біреуі қан қысымы (ауыруы) немесе нерв-жүрек ауруының асқынғанынан, денсаулығының қатты зардап шегуінен деп көрсетеді . Кейбір өлімдер қартайған адамда ғана кездеспей, өзін өзі күтінбеу арқасында жастар арасында да кең көлем алуда. Өлімге душар болған жастардың денсаулығын тексергенде қан тамырларының ауруға шалдыққанын қан жолдарының қалыңдап-қатайып тіпті жүректері айықпас ауруға шалдыққанын байқауға болады . Қан тамырларының бұзылуы жүрек аурулары бірден білінбей адам дене құрылысының (клеткалардың) зиянды артық заттармен ұзақ мерзімде толуына байланысты, ақырында айықпас ауруға әкеліп тіркеуіне соқтырады . Осындай ауруларға ұзақ мерзімде тұзды, пайдасыз да майлы тамақтарды көп мөлшерде ішіп жеуінен, арақ темекі-нашақорлықты, дене мүшесін тазалауға тәрбиелеуге көп көңіл бөлмеуден асқындырып алуымызды көріуімізге болады. Кейбір осындай аурулар дене қимылдарының пайдалы жұмыс, жаттығулар атқарар қабілеттерінің күш-қуатының азаюы әсерінен өте төмендеп адамның дене мүшелері дұрыс жұмысын атқармайды . Бұндай қан тамыры ауруымен науқастанған адамдар денсаулығына қауіп төнгенін дер кезінде сезінбейді, көптеген жағдайда адам денсаулығының мәнімен маңызына көңіл бөлмей кішкентай болып басталған ауруды күрделі ауруға айналдырғанын сезінбейді, бұл дегеніміз айықпас ауру тіпті денсаулығыңыздың өліп-өшуіне әкеліп соқтырады . Денсаулығын жақсы сезінген адамдар жүрек қан ауруына көбіне көңіл бөлмейді, тіпті

қолында қажетті техника құралдары, аспабы бар дәрігер-маман да осындай ауруларға дәлме-дал анықтама бере алмай жатады . Тұз-холестерин ерітінділері (қоспалары) қан құрамын зиянды артық заттармен алмасуы арқасында қан тамырларының жолдарының жіңішкеруіне, қабықтарының қатайып қалыңдауына әкеліп соқтырады . Осының салдарынан қан мөлшері тамырларымен жүректе жеткілікті түрде (жағдайда) жұмыс атқара алмай, көбіне нашар қан қысымы ақырында адам жүрегі қызыметін тоқтатады . Сондықтан, қан қысымы жүрек ауруы қан тамырларының маңызын жұмысын әрқашан бақылап, тіпті жас кезімізден бастап дәрігер-маман көмегімен жылына бір рет ұлғайған шағымызға дейін тексеріп отырғанымыз дұрыс болады, кәсіпорын мен өндіріс ошақтарының әкімшілігі жұмыс орындарында да дәрігер көмегімен жұмыскер
 
денсаулығын қатты қадағалағаны адам денсаулығына зиянды кемшіліктерді дер кезінде анықтап толықтырып отырғаны абзал . Жұмыстың жоғары көрсеткіші, Қазақстан жерінің байлығы, кәсіпорын-өндірістің қыруар байлығы, бұның бәрі адамзат баласы үшін, ал адам денсаулығының тазалығын адам үшін қызымет етпеген кәсіпорын-өндірістердің жоғары бағаланбайтынын бәріміз білеміз . Көптеген адамдар дене мүшелеріндегі аурудың қатты асқынбағанына, жағымсыз әдет-ғұрыптан арылмағанына, пайдасыз , зиянды да майлы өте құнарлы тағамдарды көп ішіп жеуде, денсаулығын тәрбиелеу арқасында бағасы жоқ денсаулығын бұзып көптеген аурулармен жиі ауырады . Мектептерде, үйде де, жұмыс орындарында да қандай ортада болсаңыз да өз денсаулығыңызды қадағалауыңыз өзіңізді күте білуіңізде жатады. Денсаулығыңызды тазалаңыз, күнделікті тәрбиелеңіз, салауатты өмір сүріңіз .
 
 
«Денсаулық - зор байлық»