Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   Ашығуға – жайдары мінез, төзімділік қажет


 Ашығуға – жайдары мінез, төзімділік қажет

Көптеген адамдар, ұйқыдан тұрысымен түнгі ұйқыға жатқанша асқазан-шектерге демалыс бермей, ауыздарын майлы да құнарлы тағамдардан, неше түрлі сусындардан, ішімдіктерден құрғатпайды.Таңертеңгі тойып жеген таңғы ас, сағат 11-дегі булочкамен ішкен шай-кофе, сағат 13-тегі құнарлы майлы түскі ас, сағат 16-дағы колбаса-шұжық қосылған тағамдар, кешкі теледидар алдында печенье-пирожнимен ішкен кофе-сусындар. Көшеде серуендеп жүріп тамақтанған сусындар,балмұздақтар, пирожни-торттар адамның ой-санасын жеңіп, адам асқазаны қашанда тамақ іздеп тұрады. Асқазан-тағамдарды пайдалы немесе зиянды түрлеріне бөлмейді. Осындай мол тамаққа үйренген асқазан кейбір адамдарда, әсіресе жастарда бастапқы үш тәулік ашығуға төзе алмауына әкеліп соқтырады. Мол тамақтан гөрі, аз да болса пайдалы витаминге бай тағамдарды адамның ішкі мүшелері денемізге жақсы сіңіре алары сөзсіз. Денсаулығыңыз тазару үшін төзімділік қажет, ашығу ережесін ұстанған адамның ойлау қабілеті артады. Ақыл-ой-санаға салып,денсаулық зор байлық екенін ескеріп, барлық қиындыққа төзіп жеңе біліңіз. Мен ашыққанда үйде болғанды,бөлмеде жалғыз қалғанды дұрыс деп есептедім.Сізге ешкімде, сізде ешкімге кедергі болмауыңыз қажет.Осындай ұзақ ашығу кезеңдерде ашығуды қазақша жазуды өзіме ермек еттім,бір жыл көлемінде 2-3 қалың дәптер көлемінде жазып тастағаныма таң қалған түндерім әлі есімде.Жаныңдағы жақындарыңмен сөзге келіп ұрысып қалудан аулақ болыңыз,қарыны аш адамға керісінше әсер етіп төзімділіктен айырыласыз.Ашығу кезеңдерде сізге жайдары мінез қажет,өзіңді қоршаған адамдардың жаман қылықтарын көтере білгендерің абзал.Түбінде жақындарың сені түсініп ашығу кезеңінде саған кедергі жасамауға жағдай жасайды.Ашығу кезінде күні-түні ұйықтай алмайсыз, сол үшін өзіңізге жеңіл,тиімді пайдалы жұмыспен бір мезгіл айналысқаныңыз дұрыс болар еді.Емделемін деген адамдарға:-аузыңды жауып, өміріңізге жимия қараңыз, демекпіз . Біреу келіп сіздің ішкі ағзаларыңызды тазарта алмайды,сондықтан өз мүшеңізді тазалау өзіңіздің қолыңызда. Ашығу кезеңінде барлық қиыншылыққа өзіңіз ғана төзуіңізге тура келеді.Сол үшін осындай тіршілікті мойындап,ашығу уақытын жеңіл өтуіне жағдай жасағаныңыз дұрыс болады. Ашығу кезеңінде өзіңізді көңілді жүруге дағдылануыңыз керек,ешкім де сізді зорлап көндірмегеніне,ашығу кезеңін жылдам да тез өткізуіңізге қатты сеніңіз. Қасыңыздағы адамдарға, жанұя мүшелеріне қатты дауыс көтермей,жай сөйлескеніңіз дұрыс болады. Маңыңыздағы айқай-шуға қатты көңіл бөлмеңіз,қатты көңіл бөлінетін жерден аулақ жүргеніңіз дұрыс. Ашығу мезгілінде сізге жайдары жүру тиімді.
 
 
«Неғұрлым тамақ көп болса , соғұрлым ауру да көбейеді»