Автоматизированная система управления технологическими процессами АСУ ТП - www.konsom.ru. . best fitness watches
Главная   »   Ашығудың таңғажайыптары. Серік Тлеубергенов   »   АСҚАЗАН – ҚОРЫТАДЫ, ТАРАТАДЫ


 АСҚАЗАН – ҚОРЫТАДЫ, ТАРАТАДЫ

Адамның ішкі мүшелерінің маңызы мен жүмысы туралы жастарға түсінікті болуы үшін тағы да мысал келтірейін. Қазіргі дамыған дәуірде самолет, машина, қалааралық автобус-тролейбус қызыметімен жақсы таныспыз, бұларсыз қазір тіршілік жоқ. Көптеген адамдарда жеңіл көліктері бар, «крутой машиналарға» дейін, жастарымыз оқып-біліп техника тілін білуде, өндірістерде осындай көліктермен жұмыс істеуде . Яғни, осы көліктердің бөлшектерінің жұмысы туралы жақсы біледі, сондай ақ жөндейде алады. Егер жеңіл көліктеріңізге сапасыз бензин, май құйсаңыз көліктің жүргіш қабілеті азайып мазаңызды алады, карбюраторға бензин көп жиналғанда көлігіңіз от алмай қалады. Осындай сапасыз бензин – май құю салдарынан көлігіңіздің кейбір бөлшектері : кольцо, поршень, вкладыши, клапандары, карбюраторы т.б. бөлшектердің маңызы төмендеп, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Міне көрдіңіз бе? Сапасыз май, бөлшектердің нашарлығы сіздің жеңіл көлігіңізді тоқтатады, яғни көліктің жүрегі істен шығады. Адам дене мүшелері де осыған ұқсас жұмыс атқарады, ал асқазанды тамаққа толтыру дене мүшелерінің жұмысын күрделендіреді. Жүрек қан жүргізеді, өкпе таза ауа қабылдайды, бүйрек-көк бауыр денедегі тағамды таратады және жағымсыз улы заттардан тазалайды, асқазан тамақ қабылдайды, ұнтақтай отырып дене мүшелеріне өзіне тән жолдармен таратады. Адам асқазанындағы тамақ шамамен 1-1,5 сағат көлемінде қорытылып әрі өтеді, ал тоя жеп мол тамақ ішіп-жеу асқазан дене мүшелерінің қызыметін күрделендіріп жібереді.
 
Мал еті: Өте ерте заманнан бері Орта Азияда, Қазақ елі мал шаруашылығымен айналасып тіршілік еткен, малдың еті-сүті тамақ болған жүн-терілері киім-кешек, сауда-саттық жасалып айырбастай отырып қажетті заттарын алып отырған. Балаларды жас кезінен ақ атқа мінгізіп, ат өнеріне үйретіп мал шаруашылығына бейімдеген, одан баланың мінездері өзгеріп сыртқы дене мүшелері қатайып өсіп отырған. Қазақ елі төрт түлік малды қастерлеп : түйені - зеңгі баба деп,
 
Жылқыны – қамбар ата деп,
 
Сиырды - маңырама деп,
 
Қойды - мамырама деп марапаттаған, қастерлеген, тіршілікте жеті қазына саналған.
 
Төрт-түлік малдың сүтінен көптеген тағамдар жасалған: айран,ірімшік,май, құрт т.б. тағамдар. Түйе мен жылқы сүтінен: шұбат қымыз жасалып сусын ретінде ішілген, көптеген аурулардан айыға білген. Бұның бәрін ғылыми медицина дәлелдеп, адам денсаулығына тигізер пайдасы зор екенін айтыпта, жазыпта жүр. Қазақ халқы осы малдардың етінің қасиеттерін жоғары бағалай білген:
 
Ешкі етін – Октябрдің ақ лағы деп жақсы көрсе, қой етінің құнарлығын бағалаған. Сиыр етінің жаясын мақтаса, жылқы етінің қазы мен қартасын, ал түйе еті көбіне майлы сапалы жүрекке тимеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. кейінгілерге айтқан : - қой бағыңдар, береке қойда, деп, көп пайдасы болғасын ескергені көрініп тұр. Қазақ-қонақжай халық.. Құдасын мың жыл силаса, қонағын құдайдай силаған. Қонақ түн мезгілінде келсе де мал сойып, қазан көтеріп ет асқан. Қазағымда мақтаншақтық, асыра сілтеу мінез тағы бар. Өзі кешке тамаққа тойып жатса да, қонағымен жарысып тағы да мол етті тоя жеген. Әсіресе, кешке-түнде етті көп жеу асқазанға, дене мүшелерінің ас қорыту жұмысын күрделендірері анық, мазаңыз кетеді, ұйқыңыз қашады. Қазақ халқы жас балаға құйрық сорғызып еттің құнарлығын бағалай отырып мақал-мәтелдер айтқан:- ет жесем тісіме кіреді, ет жемесем түсіме кіреді, – ет етке – сорпа бетке, -ет бар жерде – бет бар ма ? деп мақалдаған . Қазіргі кезде қазақ жігіттері сырт көзге былай көрінеді: Жігітім 40 жасқа жеткенше туған анасына еркелейді, ал 40 жастан асқасын үйіндегі сүйген әйеліне еркелеуін тоқтатпайды. Бұны көрген балалар,жастар не істемейді? Жұмыстан шаршап келдім деген сылтаумен теледидар алдында ұзақ демалады,көп жүрмейді.Бала шағасымен таза ауада,табиғатқа
 
шығып серуендесе-ғой. Бірде жайлауда мынандай оқиғаға куә болдым: Той тойлап
 
отырған 40 жастағы көкеміз ойын-қалжыңы аралас той иесіне,-етің аз, тойған жоқпын деп тиісе береді. Тойда ішіп жегенді жөн көрген той иесі, әрі сынау үшін тағы да қозы сойғызып, барлық етін бір өзі ішіп-жеуіне серттесіп бәстеседі . Қымызға, арақ-шарапқа тойып алған екі көкеміз ақыры бір қозының барлық етін қазанға салғызып пісіреді. 1-2 сағатта қозы еті пісіп етін тегіс табаққа салғызып батыр көкеміздің алдына әкеліп қояды және бір тегешке сорпа құйып әкеліп қояды . Қозы еті 8-10 кг десек оған кеспе мен сорпаны қосыңыз, көкеміз өз-өзін қинай отырып әзер дегенде бүкіл етті сорпасымен бірге тауысады. Тойда бәсекесін жеңіп алады, бірақ түні бойы денесі ауырлап қызуы көтеріліп мазасы болмаған көкеміз келесі күнгі жұмысына бармай қалады, күні бойы ауырып емделуге тура келеді . Өзін-өзі зорлап жеген ас қашанда қиындық туғызады, есіңде болсын. Ерте кезде денсаулығы мықты жігіттер бір қойдың етін (25 кг) бір өзі жеген деп айтып отырады үлкен қарияларымыз. Мақтанудың да жөні бар, ағайын ! Сонымен адам үшін қанша ет қажет деген ? сұрақ туады. Ғылыми тұрғыдан келетін болсақ, адам тағамды ішіп жеуі қажет, ал осы етіміз күнделікті тағамның бірі ғана болып саналады. Адам тәулігіне 500-600 гр. тағам жеп 2-3 кесе шай-сусындар ішетін болса, адам үшін тәулігіне 50-100 гр. ет жеткілікті болады, оған аздап құс еті мен балық етін қоссаңыз жеткілікті болар деп есептейміз. Еттің құнарлы-майлы қасиеттерін ескере отырып жетісіне үш немесе төрт рет қана қолданғанымыз жөн. Мұсылман елдерінде жұма күндері мешітке жиналып намаз оқылып дене тазалығын сақтап демалыс күні жан-ұя мүшелерімен бірге мейрамдайды. Жұма күні баршамызға мейрам десек, осы күні ет асылып дастархан- ымызды мол тағамдармен жайнатып бәріміз бірге отырып ауқаттанып бір-бірімізге, барша адамзатқа «береке-бірлік, баянды тіршілік, салауатты өмір» тілегеніміз жарасады. Мұсылман халқы дастарханда отырып тамақ ішілгеннен кейін « Алланың берген ризығына тәубе » деп алақан жайып бет сипап бата оқиды және дене мүшелеріміздің таза, ақыл-ой-санамыздың жетілуі, денсаулығымыздың зор-мықты болуын жаратушы бір Алладан сұрап тілек тілеп жатады. Адамзат баласы асқазанға жеңіл, денсаулыққа пайдалы көптеген витаминдерге бай жеміс-жидек өсімдік тағамдарды жиі ішіп жегеніміз дұрыс. Жеміс-жидек,өсімдіктерде жаңғақтағы-пістедегі, әсерлеу үшін пайдаланылатын көк шөптерде пайдалы витаминдер мен белоктар құнарлы-майлы еттегі белоктарды айырбастай алатынын ғылыми түрде дәлелденіп адам денсаулығын қамтамасыз ете алатынын көре аламыз. Дүниеде етсіз де күн көретін халықтар да бар, олар өздерін вегатариандықтармыз деп атайды. Вегетариандық тіршілік пен етпен тамақтанатын халықтардың арасында көптеген пікір таластар болып жатады. Мен басқа халықтардың әдет-ғұрпын, тамақтың қандай түрі болмасын ішіп жеуін, өмір салтын бағалай білемін. Көптеген Европалық халықтар тамақты аз мөлшерде жегенге үйренген, неміс халқы ас ішкенде нанды аз жейді, керсінше сусын ретінде сыраны көп мөлшерде ішіп жатады. Кейбір адамдар таңертеңгі-түскі-кешкі астың аралығында жеңіл-желпі тағам, жемістерді жеп асқазанын толтырып отырады. Қазақ халқы «ет етке-сорпа бетке» деп тегін айтылмаған, күнделікті тағамды етті жиі жеген адамның сүйектері (денесі) іріленіп, мүшелері толығады, денелері ірі келіп күш-қуаты мықты болары сөзсіз. Жапон халқының күш атасы ( Сумо күресі) алып қараңызшы, бәрінің де денелері ірі күш-қуаты мықты болып келеді. Осының бәрі денесін тәрбиелеу арқасында және құнарлы тамақты көп мөлшерде сіңіре білу арқасында жеткенін байқаймыз. Олардың арнайы тамақ ішуі бір ғажап көрініс «қазақтар» секілді жалғыз өзі бір табақ тетті қамырымен бірге асықпай шайнап-ұсақтай отырып ұзақ уақыт ауқаттанады. Осындай тамақтану әсерінен, спорт түрлерімен денесін жаттықтыру арқасында жапон жігіттерінің денелері іріленіп мықты зор күшке ие болады,бірақ ұзақ жылдар өмір сүргенін естімедік. Еттің қасиеті туралы мынадай мысал келтіргім келеді.Ерте заманда: қылмыс жасаған адамды жазалау үшін тек қана таза ет жегізген. Бірыңғай 20-30 күн бойы етпен коректенген қылмыскер ақыр аяғы
 
өлімге душар болған. Біріңғай етпен коректенген адамның бүйрек, көк бауыр, шектерінің қызметі күрделенеді, іштегі тағамның жүру қабілеті төмендеп күрделі ауруға,өлім халіне душар болады. Қазіргі жиырмасыншы ғасыр өркендеген дәуірімізде бейбітшілік уақытында адамдарға тамаққа деген шектеу жоқ. Ақшаңыз жетсе, дүкендерде, сауда-саттық орталығында, базарларда тамақтың қандай түрін ішемін демейсіз, бәрі бар. Сатып алда ішіп жей бер, тек қандай кейбір тағамдар зиян болатынын есіңізден шығармағайсыз. Көптеген адамдар таңертеңгі ас, түскі ас,кешкі асты майлы да құнарлығып дайындап тойып алғанша асығады. Бұған қосымша таңның атысы күннің батысы көшеде серуендеп жүріп ақ тәтті жұмсақ булочкалар мен пирожкелер, торттар мен балмұздақтар, еттен жасалған шашликтер мен котлеттер, алма алмұрт, ананас-бананалар, көздің жауын алатын шокалад-конфеттер, түрлерін бойап әсерлеген кока-кола, пива секілді сусындар; адам көңілін көтереміз шаршағанымызды басамыз деп ішілетін арақ-шарап-сыралар да адам тойымдылығын жеңе алмайды,осындай тойымсыздықты адам баласы өзіне шектеу арқылы қоя алады. Күні-түні тамақ жеуден қажымаймыз. Әсіресе Орта Азияда қонақжайлылыққа сәйкес туған күн кештерінде, құрметті қонақ күткенде, көптеген түрлі тойларда сусын ішімдіктерге, табақ-табақ етке ешқандайда шектеу болмайды, қонағымымыз ішіп жемесе кейде ренжіп те жатамыз. Бүндай қонақ күту, тамақты ішіп-жеу көбінесе бәсекелесуге немесе жарыс спорт түрлеріне ұқсап жатады. Біз алдыңғы асты қорытып үлгермей жатып ақ келесі асты тоя жегенге әбден үйренгенбіз. Тамақты өте көп мөлшерде тойған адам, жұмысқа деген жалқаулық еріншеліктікке, қимыл істері баяу әлсіз, көбіне ұзақ демалуға, ұйқыға бейім болады. Қазақта мынадай мақал бар : -өзім тойсам да , көзім тоймайды делінген. Менің бала кезімдегі бір оқиға есіме түсіп,сіздермен бөліскім келді: Маған жақын болып келетін «көкем» қыз баласын ұзататын болып үйіне қонақ шақырып құда күтетін болды.Мен үлкендерге қолғабыс етіп қолдарына су құйып,далада самаурын қойып айтқандарына жүгіріп шамам келгенше қызмет жасап жүрдім.Қазақтың той жасағаны қандай керемет туған туыс,көрші көлем,дос жарандар,бұрынғы және жаңа құдаларды ешкімді де ренжітпей бәрінің көңілін тауып жатады,ал жастар балалар өз үйлерінде той болғандай тәтті тағамдарға тоя жеп мәз-мейрам. Тойда мол дастарханда қонақтарын күте білетін «көкеміз» жақсы жақсы тілектер айтылып «құдасын құдайындай күткен» туыстар құйрық бауыр жегізіп таң ата құдаларын қимастықпен жолға шығарып жатты. Қонақтары кетіп адам аяғы саябырсығасын жақындары қалып шай ішуге отырды,мен кесе беріп отырдым. Жолдасы «көкемнің» көңілін көтеріп тойдың жақсы өткенін,құдалардың жақсы жерден екенін мақтап жатты. Көкеміз тойдың қамымен жүгіріп жүріп тамақ жемегесін мол табақтан ет жеп жатты,ал жолдасы тойдың аяғы деп ақаңнан ішіп жатты, аздап мас болса да. Араққа кім тойдым деген,кім оны жеңдім деген. Көкемнің жолдасы,осы арақтың пайдасы да бар,сөйлемеген адамды сөйлетіп ән салғызып жіберетін қасиеті барын айтқаны. Сонда үлкен жеңгеміз,тек орыстар қашан тоқтау керек екенін айтпай кеткені болмаса дегені.Сонда масайраған көкемнің жолдасы етті жесе қазағым жесін,тек қашан тоқтайтынын білмей кеткен ғой дегені. Жұрт қыран-топан күлкіге кенелді. Қазағымның тойына не жетсін,бір тойды бірнеше күнге тойлайтын менің «көкелерім» ай.Тойларда, кездесулерде мол тамақтан сыпайы тартынып ішкеніңіз абзал, асқазанға көп тамақтың қажеті жоқ, адам асқазаны «тойдым» дегенді ешқашанда білмей өтері хақ . Күнделікті тамақ қазіргі уақытта ең басты мәселе болып отыр, адам денсаулығы мен салауатты өмір екінші орынға қалуда . Адам үшін тамақ қажет, жеген тамағыңыз денсаулығыңызға пайдасын келтірсін.Ірі қалаларда, санатроии профилактория, асхана-кафелер маңын байқасаңыз кезекті асын күтіп тұрған көп адамды көресіз. Ал, осы кезек күтіп тұрған адамдар аш па? әлде тоқ па? Деген сұрақ тууы әбден мүмкін. Жоқ, бұндай адамдар күнделікті бір уақыт бір мезгілде адам асқазанын мейлінше неше түрлі тағам сусындар ішкенді әдетке айналдырғандар болып келеді, аш па немесе тоқ па, көбіне оған мән бермей,білмей де жатады.Көбіне осындай орталықтарда толық адамдар жиі
 
тамақтанып, майлы да құнарлы ауқаттануды ұнатады. Ет,май,шұжық,жұмыртқа,котлеттер,қазы-қарта,жал-жая,өсімдіктерде белокқа бай тағамды жеген адамдар тез толығады, денелері сумен бірге ісініп жиі науқастанып ауыра береді. Сіз, 2-3 жасыңыздан 90-100 жас өміріңізде белокқа бай, майлы да құнарлы тамақты үзбей жей алмайсыз, дене құрылысыңыз өне-бойы күрделі тамаққа төзе алмайды. Адам тамақты керегінше, жеткілікті түрде ғана ішіп жеуі керек және ашығу арқылы бір мезгіл денеңізді артық заттардан тазалай біліңіз. Күнделікті бір ғана тағам түрімен тамақтансаңыз денсаулығыңыз бұзылады, тіпті нанды көп жей берсеңіз де әбден толығуыңыз мүмкін. Денсаулық құпиясы, ұзақ жасауды қазақша үш сөзбен ақ түсіндіруге болады: « Дене мүшеңізді тазалаңыз !». Бұл сөзді ешқашанда ұмытпай, әр кез есте сақтаңыз.Өмір дегеніміз – тіршілік ету, ашығу дегеніміз – тіршіліктің құралы болып саналады, өзін өзі жетілдіру тәрбиелеу құралы болып табылады .
 
 
« Тамақ жесеңіз өмір сүру үшін, өмір сүрмеңіз тек қана тамақ үшін »